Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шәкәрім оқулары
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Шәкәрім оқулары
Мамандығы: "0101000"- Мектепке дейінгі тәрбие және білім
Тобы :МДБ - Т-20
Топ жетекшісі: З.Ж.Алдонгарова
МӘНШҮК МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
<<МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ>> БӨЛІМІ
ХАТТАМА
Өтілген орны:212 аудитория
Күні: 18.10.2023 ж
Қатысушылар:24 студент
Тобы :МДБ-Т-20 оқу тобы
Күн тәртібінде:
<<Шәкәрім оқулары>>
Тыңдалды: МДБ-Т-20 оқу тобының студенттерімен 2023 жылдың 18-ші қазанда<<Шәкәрім оқулары>> тақырыбында диспут вебинар өткізілді.
Сөйледі: Жүргізушілер: Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын.
Жүргізушілер: Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. <<Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім>> деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.
Тыңдалды: Ағыбаева Гүлсезім:Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі <<Ләйлі-Мәжнүн>> дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің <<Дубровский>>, <<Боран>> атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың <<Том ағайдың балағаны>> атты романын аударды.
Қаулы:
Тәрбие сағатының материалдарын түптеу, дайындау
Топ жетекшісі: З. Алдонгарова
Хатшы: Р. Байзак
<<Шәкәрім ақын шалқарынан>> атты танымдық кештің сценарийі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін , дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.
Көрнекіліктер:
Кештің жүру барысы:
1-жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Біз бүгін ақын, философ, Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып білгендерімізді, жинақтап, өз ой- пікірлерімізді ортаға салмақшымыз.
2- жүргізуші:Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай өткізілгелі отырған <<Шәкәрім оқулары>> атты танымдық кешке қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын
2-жүргізуші: Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ...өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың <<Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған>>,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де , ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.
1-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты мақсаты да осы болмақ. Шәкәрім атамаздың өмірі мен шығармашылығына арналмақ.
2- жүргізуші: Алғашқы сөздің кезегін берейік. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі жайлы мәліметпен таныс болайық.
1-оқушы:
1-жүргізуші: -Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. <<Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім>> деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.
2-оқушы :
1-жүргізуші: Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық ,
Арам айла,зорлықсыз мал табалық .
Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік ,
Бір білімді данышпан жан табалық.
2-жүргізуші:Шәкәрім - қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол - заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ <<Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді>> демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді.
1-жүргізуші; Ендеше, келесі сөз кезегін Шәкәрім Құдайбердіұлының дастандары туралы ой қозғау үшін сөз берсек.
2-оқушы:
2-жүргізуші: Шәкәрім дастандарының желісі бойынша біздің гимназия оқушыларының қатысуымен түсірілген бейне- баянға назар аударайық. Бейне-баян
1-жүргізуші:<<Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгі ұрпақ үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
.....Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.>> дейді Шәкәрім бабамыз.
2-жүргізуші:Ендігі сөздің кезегін Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ой-толғамдарына берейік.
Студент: Шәкәрім-философ
1-жүргізуші: Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол ,жастар бергенім.
Студент: Шәкәрім - аудармашы
1-жүргізуші: Міне, Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманында қазақ тарихының үлкен білгірі, шебер аудармашы, ұлы гуманист болғанын байқауға болады. Оның негізгі тарихи туындысы және әдеби шығармалары аса бағалы дерек көзі ретінде маңызын еш уақытта жоймақ емес.
2-жүргізуші: Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы.Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау,ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы <<Жастық>> , <<Шын сырым>>, <<Анамнан алғаш туғанымда>>, <<Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек>> т.б. әндері бар. Сөздің кезегін студент Сагидуллақызы Гүлсезімге берейік
1-жүргізуші:
<<Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй>>,-деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік.
Ән: <<Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек>>. Орындайтындар: Сагидуллақызы Гүлсезім, Альжанова Ботагөз
Осымен кешімізді аяқтайық!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz