Құстың балапаны

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Күні:
Сынып: 3
Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ
Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А. М.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
1. 3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3. 1. 3. 1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1, 5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
2. 2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу
3. 2. 2. 1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
5. 1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3. 5. 1. 2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік /жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
- Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну
- Тақырып бойынша тірек сөздерді қолданып сөйлеу
- Септік және тәуелдік жалғауларды дұрыс жалғау
Оқушылардың барлығы: тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен тақырып бойынша сөйлейді
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлемдеді толықтырады, тірек сөздер негізінде сөйлейді, сөздерді дұрыс байланыстырады
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа сәйкес тақпақ шығарады, мәтін құрайды
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тақырып бойынша сөйлейді.
Сөздердің байланысын сақтап жазады.
Септік жалғау, тәуелдік жалғау
Құстың балапаны, көгершіннің балапаны
Үй тапсырмасын тексеру
(Ж) Өзара тексеру
Қатар отырған екі оқушы бір-бірін тексеріп, бағалайды.
Есеп-жұмбақ шештіру арқылы сабақтың мазмұнын анықтайды.
Жұмбақ
Бесеуі аз деп балапан,
Қосты тағы 7 балапан.
Табыңдаршы ойланып,
Қанша болды балапан? (12)
Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөйлеймін.
Сөздердің байланысын сақтап жазамын.
https://www. youtube. com/watch?v=KwHP-sKnWog
«Шөжелерім» әні
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суретті сөздік, мағыналас сөздер арқылы меңгерту
балапан ұя салады
мекендейді- тұрады, тіршілік етеді
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру
Сары балапан. Сары балапан өте сүйкімді.
Орманда мекендеу(тіршілік ету, тұру) . Аңдар орманда мекендейді.
(Ө) Тыңдалым
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді 2 рет тыңдайды
Тыңдалым мәтіні
Құстар жанды табиғатқа жатады. Олар жоғары ұшады. Құстар ұяларын ағаштың басына, үйдің шатырына, қораның төбесіне салады. Құстың балапаны ұяда өседі. Құстар- біздің досымыз.
Суреттер мен сөйлемдерді сызық арқылы сәйкестендіреді. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазады.
Керекті сөздер: қарлығаш, ұясы, ұяда, қарлығаш
Қатар отырған көршілер жұмыстарымен ауысады. Бір-бірін тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен тексереді.
(МК, Ж) Оқылым. Диалогты рөлге бөліп оқиды.
Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдерге сәйкес интонациямен оқуды еске түсіру.
- Қандай әдемі балапан! Бұл ненің балапаны?
- Бұл- тоқылдақтың балапаны.
-Тоқылдақ қайда мекендейді?
-Тоқылдақ орманда мекендейді.
-Тоқылдақ ұясын қайда салады?
-Ол ұясын ағаштың басына салады.
-Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды?
-Себебі ол ағаштарды қорғайды.
1-2 жұптың жауаптары тыңдап, комментарий айту арқылы бағалау («Өте тамаша оқыдың», «Жарайсың!», «Сөздерді дұрыс оқыдың») .
Сергіту сәті Қараокемен «Қарлығаш» әнін айту
(Т) Айтылым. Оқулықта берілген сурет бойынша жұмыс.
«Тыңдап отырған үштік» әдісі . Оқушылар үш адамнан тұратын топта жұмыс істейді. Топтағы бір оқушы - шешен, біреуі - тілші және үшіншісі - хатшы рөлін атқарады. Шешен суреттегі құстар туралы білетін ақпаратымен бөліседі. Қандай құс екенін, ұясын қада салатыны, немен қоректенетіні туралы әңгімелейді.
Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Топтар «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ж) Жазылым. Қабылдау деңгейлері әртүрлі оқушыларды жұптастыру. Кестеде берілген сөздерден сөз тіркестерін құрайды.
Жұптар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ө) Айтылым. Өздеріне ұнайтын балапанның суретін салады және оны сипаттайды.
Қажетті сөздер: сүйкімді, әдемі, жұмсақ, кішкентай, салады, құстың, өседі, ұя салады
Дескриптор:
- Тақырып бойынша сурет салады.
- Сурет бойынша сипаттау мәтінін жазады.
- Тірек сөздерді орынды қолданады.




https://www. youtube. com/watch?v=Hh7kgC2Mjgg
«Қарлығаш» әні, караоке
Үйге тапсырма:
Сұрақтарды пайдаланып, диалог құрайды.
- Саған қандай құс ұнайды?
- Оның балапаны қандай?
- Ол ұясын қайда салады?
- Ол құстың адамға қандай пайдасы бар?
Рефлексия «Табыс сатысы»
- 1-ші баспалдағы «Мен . . . БІЛЕМІН»
- 2-ші баспалдағы «Мен . . . ТҮСІНЕМІН»
- 3-ші баспалдағы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz