Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әдеби шығармаға әсерлі түсініктеме беруі
6-сыныпта С. Торайғыровтың шығармашылғын оқыту әдістемесі.
Жалпы білім беретін мекемелерде әдебиетті оқытудың ең басты мәселелерінің бірі - әдеби туындының тегі мен жанрлық ерекшеліктерін жан-жақты таныта оқыту. Әдебиеттану ғылымындағы зерттеулердің көбінде әдеби шығарманың эстетикалық қызметін қарастыру мәселесін барынша жетілдіру қажеттілігі көрсетілген.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымында әдебиетті жанрлық өзгешеліктеріне қарай оқыту мәселесі жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Оның басты себебі жалпы білім беретін мектептерде әдеби-теориялық білім қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеу нысанына алынбаған. Оған қарамастан, әдіскер-ғалымдар тарапынан аталған мәселе әдістемелік зерттеу еңбектерінде сөз етіледі.
Жалпы білім беретін мектепте әдеби шығарманың түр мен мазмұнын бірге оқытудың тиімділігін қарастыратын негізгі шарттар, білім алушылардың әдеби- теориялық білімі мен сол білімді практикада қолдана білу білігі мен дағдыларын қалыптастыру өте маңызды болып есептеледі. Әдеби шығарманы оқытуды тұтастықта жүргізу, әрбір көркем бейнені әдеби шығарманың кейіпкерлер жүйесімен, қоршаған ортамен, қоғаммен, автор ойы және авторлық ұстаныммен байланыстыра қарастыру білім беру нәтижесін қамтамасыз етеді.
Негізінде мектеп бағдарламасында әдебиет жанрларының барлық түрлері оқытылады. Дегенмен, қазіргі кезде мектеп практикасында әдеби-теориялық білім жеңіл формадаберіліп жүр. Оның себебі жалпы білім беретін мектептегі әдеби білімнің мақсат-міндеттерін толық түсінбеу болып саналады.
Жалпы қазақ тілді мектептердің бастауыш сыныптардан бастап жоғарғы сыныптарға дейінгі қазақ әдебиеті пәнінен берілетін білім мазмұнындағы шығармалардың төрттен бір бөлігін лирикалық шығармалар құрайды. Дәлірек айтсақ, мектепте бастауыш сыныптардағы әліппеден бастап әдебиеттің тарихи кезеңдеріне дейін жалғасатын әдеби білім беруде лирикалық шығармалар өте кең көлемде оқытылады. Алайда осындай әдеби шығармаларды оқытудың мақсат, мүддесі, әдіс-тәсілдері әр сыныпта әртүрлі болады. Бастауыш сыныптарда оқытылатын өлең шумақтары оқушыларға көркем сөзбен жасалатын өмір бейнелерін тануға, сол арқылы қоршаған орта өзгешеліктерімен толық танысуға өз көмегін тигізеді. Жыл мезгілдері, олардың әрқайсысына тән өзгешеліктері, табиғат сырлары түсіндіріледі. Өлеңді түсініп оқуға, өз бетінше жаттауға бейімделеді. Сондықтан бастауыш сыныптарда берілетін өлең түрлері әдетте жаттауға ыңғайлы, оқушының есте сақтау қабілетін шыңдап есте сақтау ұзақтығын қалыптастыруға өзіндік үлесін қосады.
Орта буындағы сыныптардың әдебиетінде берілген өлең түрлері, өнердің көркемдік ерекшелігін кеңінен тануға, балалар дүниетамын жетілдіруге бағытталады. Соның әсерінен білім алушыларға эмоциялық ықпал етуге, жеке тұлға тәрбиелеуге, шығармашылыққа жол ашу басты назарға алынады. Оқушылардың өлең туралы алғашқы ұғымдары қалыптасады.
Поэтикалық тіл поэзиялық шығарманың негізі болып табылады. Поэтикалық тіл автордың жан тебіренісін, биік сезімін оқырманға әртүрлі қырынан танытады. Автор толғанысынан туған образды ой мен поэтикалық тілдің көркемдігі арқылы лирикалық қаһарманның бейнелі образы жарыққа шығады. Соның әсерінен оқушылар автор дүниетанымын, ақындық мақсат-мүддесін, ой-сезімін түсіне алады. Бірақта ол мектеп оқушылары үшін де, ересектер үшін де күрделі болып есептеледі.
Поэтикалық өлең жанрын зерттеген көптеген ғалымдар поэтикалық тілдің көркемдігін жан-жақты қарастырады. Көркем мәтінге филологиялық талдау жасаған Ю.В.Казарин поэтикалық мәтінде көркем өнер түрлі формада көрініс табатынын айтады:
- Өлеңнің графикалық формасы (тармақ, шумақ, шрифт, тіпті мәтіннің жазылу құрылымы да жатады);
- Өлеңнің дискурстық формасы (екпін, қарқын, ырғақ, әуенділік белгілері);
- Өлеңнің фонетикалық формасы (мәтіннің мағыналық құрылымы);
- Өлеңнің тілдік формасы (поэтикалық мәтіндегі тіл бірліктерінің жиынтық жоспары).
Мектеп тәжірибесінде көркем мәтіндердің ішінде лирикалық шығар- маларды талдау мен тану күрделі болып саналады. 5-9 сыныптарда жүз қырықтан аса өлең түрлері оқытылады. Олай болса, мектепте қалыптастырылатын әдеби білім мазмұнында өлең жанрының атқаратын рөлі зор. Өлең жанрын көбіне лирикалық шығармалар деп те атайды. Лирикалық шығармалар жанры мен тақырыптары жағынан сан түрлі болып келеді. Бірақ лирикалық шығармаларды талдаудың, оқытудың бәріне ортақ заңдылықтары мен белгілі бір әдістемелік жүйесі болуы шарт.
<<Поэзияны оқытуда әлі де мазмұнын жалаң хабарлау, өнер тілін баршаға түсініктілік тіліне айналдыру сияқты бір жақтылық басым болып келеді. Информациялық материал өнер өрнегімен қатар берілмейді, демек өнердегі мазмұн мен форма бірлігі, автор ойы мен сұлулық тұтастығы сақталмайды. Шығарманың көркемдігі мазмұн мен форманың бірлігінен тұратыныбаршаға белгілі>> деп, Д. Аңсабаев зерттеу еңбегінде өз көзқарасын білдіреді.
Поэзиялық шығармалардың табиғаты эпикалық және драмалық шығармалардан өзгеше. Поэзиялық шығармалардың жанрлық ерекшелігін сипаттайтын еңбектер өте көп (М.Бахтин, Л.Тимофеев, Д.С.Лихачев, Г.Поспелов, Н.А.Гуляеев, З.Қабдолов, З.Ахметов т.б.). Лирикалық шығармалар көлемі жағынан шағын болып келеді де эмоцияға, сезім күйге негізделіп құрылады. Поэзиялық шығармада ақынның дүниетанымы, сыртқы ортаны, өмір құбылыстарын елестетуі мен сезінуі, өзіндік ой жүйесі образды сөздің қуатымен өрнектеледі.
Поэщиялық шығармалардың өзіне тән өзгешеліктері мен олардың жанрлары туралы ұғым-түсінікті білім алушыларға мектеп қабырғасында қалыптастыру көзделеді. Аталған өзгешеліктеріне байланысты поэзиялық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдері де әртүрлі болады.
Поэзияныңжанрлық ерекшелігіне байланысты оқытудағы кездесетін қиындықтар мен кемшіліктер туралы әдіскер-ғалым Г.Құрманбаева <<Сырлы да нұрлы жыр әлемі>> мақаласында: <<Мектепте өлеңді оқыту оңай сияқты. Прозалық немесе драмалық шығарма емес, оқуға жеңіл>> - деп ойлаймыз. Ал шын мәнінде поэзияны, яғни өлеңді оқыту қиынның-қиыны, оның себебі: біріншіден, кей мұғалім өлеңдерді өзі сүймейді, оқушыны өлеңге ендіре алмайды, екіншіден өлеңдер бір сарында өтіледі, үшіншіден, өлеңді сауатты талдай алмайды, міне, осыдан өлең оқылмайды. Оқушы өлеңге қызықпайды, әдебиетші мұғалімге поэзиялық шығармаларды оқыту қиынға соғады. Тұтас 45 минут бойы, өлеңнің әр тармақтарындағы, шумағындағы ойды жеткізуде, талдауда ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыны ой тереңіне бойлата білу керек>> - дейді.
6-сынып оқушыларында әдеби шығарманың композициялық құрылысына байланысты ұғымдар туралы білімі кеңейтіле түседі. Әдеби шығарманың құрылысымен танысу кезінде, ондағы табиғат бейнесінен және басқа да көркемдік композиция элементтерінің қандай рөл атқаратынын ажырата біледі. Себебі әдеби шығармадағы оқиғаға кейіпкердің күйініш-сүйінішіне байланысты табиғат көрінісінің атқаратын рөлі әртүрлі және ол шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұнына тікелей байланысты болады, яғни соған лайықты болып есептеледі. Сонымен қатар білім алушылар әдеби шығарманың қорытынды бөлімінің композициялық құрамында қандай қызмет атқарып тұрғанымен де толық танысады. Қорытындылау бөлімінде баяндау түрінде жазылған көлемді әдеби шығармада кейде эпилог, драма жанрындағы шығармада немесе спектакльде апофеоз, яғни пьесаның соңғы көрінісі жатады. Мұндай көрініс көркем шығарманың салтанатты түрде аяқталатын мадақтау немесе шығарма қаһармандарын мақтаумен аяқталады. Әдетте лирикалық өлең жолдарында ойдың түйіні соңғы бөлігінде беріледі.
Әдебиеттану ілімінің зерттеу объектісіне көркем әдебиет, әдебиеттің қоғамдағы орны, әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны, әдеби процесстер жататын болса, әдебиетті оқыту әдістемесінің зерттеу объектісі оқу процесі, оқушы мен ұстаздың тұтасқан оқу-танымдық әрекеті, әдеби шығарманы оқыту барысындағы танымдық, тәрбиелік мән-мазмұнға қол жеткізетін іс- әрекеттер жүйесінің құрылымы қарастырылады.
Әдебиетті оқыту әдістемесі - күрделі ғылымдар қатарына жатады. Оқытудың негіздерін қарастыратын дидактикамен, адам әрекетінің психикалық негізін қарастыратын психология ғылмымен, әдебиеттің даму заңдылықтарын қарастыратын әдебиеттану, әдебиетті оқытудың әдістемесі тікелей қатысады.
Толық қалыптасқан тұлғаны, болашақ қоғамның адамын қалыптастыру жолында әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы қоғамнан тыс әрекет ете алмайды. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы тікелей қоғам өмірі мен қоғам қажеттілігін, қоғамдық ортаның әлеуметтік-саяси мәселелерін бірге қамтиды. Себебі ұстаздық міндеті әлеуметтік мамандыққа жатады. Ең алдымен, әдебиетті оқыту әдістемесін ғылым ретінде қарастыра отырып, болашақ мұғалім қоғамдық ортаға қызмет етеді. Белгілі бір орта міндеттерін қарастырады, міндеттерге сай әрекет жасайды. Болашақ ұрпақ та, мұғалім де әлеуметтік топтың мүшесі болып саналды. Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі әдеби шығарма негізіне өрілген қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді қарастыра отырып, қоғамдық ортаны, өмірдің заңдылықтарын танытады. Қоғамның игілігіне әрекет етеді. Осы тұрғыдан келгенде әдебиетті оқыту әдістемесі әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланысты болып табылады.
Әдебиетті оқыту әдістемесі негізінде психология ғылымының орны ерекше. Әдістеме психологиямен тығыз байланысты. Біріншіден, көркем шығарманы қабылдаудағы шығармашылық әрекет бала жасы мен психологиялық ереешеліктеріне байланысты қарастырылады. Екіншіден, оқыту психологиясы тұрғысынан, білім алушының жас ерекшелігіне қарай ойлау дәрежесі, адамгершілік даму, тәрбиесі мен дағдылары тұрғысынан байланысады.
Педагогикалық оқу процесі білім алушылардың меңгеретін материалдар ауқымын, адами және әдеби тұрғыда дамыту мен оқушылардың қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Әдебиет пәні мұғалімі әдебиеттану ғылымдарын терең білу арқылы, сөз өнерін жетік меңгеріп, сөз зергері, сөз шебері ретінде әдеби шығарманы терең танып, талдай алады, әдеби шығарманың барлық компоненттерін яғни, әдеби ұғымдарды, образдарды, құбылыстарды, кейіпкерлер бейнесін, детальдарды салыстырып, саралап оқушысына да тиянақты білім қалыптастыруға әсер етуге мүмкіндік алады.
Қазақ әдебиеті пәнін оқыту формалары мен әдістерін таңдауда оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, жас ерекшеліктері, қызығушылықтары, танымдық ерекшеліктері ескеріледі. Сондықтан пәнді оқытуда білім алушының таным көкжиегін кеңейтетін, эстетикалық талғамы мен шығармашылық ойлауын дамытуға, сабақ барысындағы белсенділіктерін арттыруға оң ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдері болуы маңызды. Ол үшін танымдық іскерліктерді дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар таңдалады.
Ал бір тақырып бойынша сабақ барысын жоспарлағанда материалдың логикалық мазмұны, сол тақырыптың пәндегі алатын орны, тақырып бойынша қолданылатын ақпарат көлемінің білім алушы танымы, жас ерекшелігі мен психологиялық-физиологиялық ерекшелігіне сәйкестігі, идеялар мен теориялық негізі, күтілетін нәтиже мен қорытындысы қарастырылады. Сонымен қатар жаңа тақырып пен өткен тақырып арасындағы байланыс арқылы берілген мазмұнды тереңдету, практика мен теорияны ұшатастыру жолдары қарастырылады. Қорыта айтқанда әдебиет сабағын жоспарлау -- мұғалімнің сабақ мақсатын жүзеге асыруға бағытталған шығармашылық үдеріс болып табылады.
Оқу үдерісі әдістер жүйесінің қатысуымен жүзеге асады. Әдіс деп грек тілінде адамның өмірді тани білу амалдары мен тәсілдерін және практикалық әрекеттерін атаған екен. Дүниеде адамның іс-әрекетіне қарай әр түрлі болуына байланысты әрқайсысының өзіне тән тәсілдері болады. Әрбір жұмысты, іс-әрекетті орындау барысында әдіс болатыны сияқты оқытудың да өзіндік әдіс-тәсілдері болуы заңдылық. Оқытушының оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін және оқушылардың ақпаратты қабылдау жолын оқыту әдісі деп атаймыз. Әдіс оқытудың мазмұны мен мақсатына сай құрылады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланыста дамуы оқу процесіне өз әсерін тигізеді. Мысалы, әрбір оқушының психологиялық өзгерістері , содан әртүрлі түсініспеушіліктердің пайда болуы мүмкін. Осы себептен психология ғылымында 5-11 сынып оқушылары жас ерекшеліктері мен даму ереешеліктеріне байланысты бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады.
Сабақ барысындағы оқушылардың іс-әркеттері:
Әдеби шығармаға әсерлі түсініктеме беруі;
Көркем шығарма бойынша оқушылармен пікір алмасу;
Шығармадан көркемдік бағыттағы проблемалық мәселелерді көтеру;
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан үрдіс бойынша күнтізбелік жоспарда жылдық жоспарды тоқсанға жіктей отырып, сабақ тақырыптарын белгілейді. Әр тақырыпқа неше сағат бөлінгенін жоспарлайды.

Ал бір тақырып бойынша сабақ барысын жоспарлағанда материалдың логикалық мазмұны, сол тақырыптың пәндегі алатын орны, тақырып бойынша қолданылатын ақпарат көлемінің білім алушы танымы, жас ерекшелігі мен психологиялық-физиологиялық ерекшелігіне сәйкестігі, идеялар мен теориялық негізі, күтілетін нәтиже мен қорытындысы қарастырылады.
С. Торайғыровтың шығармашылығын оқыту жолдары.
6-сынып оқушылары үшін <<Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...>> деп аталатын тарау бойынша С. Торайғыровтың <<Шығамын тірі болсам адам болып>>, <<Шәкірт ойы>> өлеңдері берілген.
С. Торайғыров <<Шығамын тірі болсам адам болып>>, <<Шәкірт ойы>> деп аталатын өлең жолдарын өзінің Нұрғали есімді ұстазына арнаған. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өміріне өзгеріс енгізген, әдебиет саласындағы еңбектерін жоғары бағалаған адамдардың бірі -- Нұрғали Бекбауов. Ол кісі жас шәкіртінің ақындық қабілетін, зейінділігін, алғырлығын, білімге деген құштарлығын көріп, Сұлтанмахмұттың қалаға барып білім алуына кеңес береді. Ұстазының сөзіне құлақ асқан Сұлтанмахмұт 1912 жылы қыркүйек айының 9-ы Троицк қаласына оқуға аттанады. Білім іздеген жас шәкірт өзінің ғана емес қазақ жастарының да ғылым-білімге деген құштарлығын ашып, олардың бойындағы надандық пен қараңғылықта жоямын деп талмай еңбек етті.
<<Шығамын тірі болсам адам болып>> өлеңі 3 шумақтан, 12 тармақ пен 11 буыннан құралып, қара өлең ұйқасымен жазылған. Яғни:
Шығамын / тірі болсам / адам болып // а-11
Жүрмеймін / бүл дүниеде / жаман болып // а-11
Жатқаным / көрде тынып / жақсы емес пе // ә-11
Жүргенше / өмір сүріп / надан болып // а - 11
С. Торайғыров шығармашылығын оқыту барысында мынадай оқу мақсаттары қарастырылады:
Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазу;
шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;
әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;
шығармадағы көркем ауыстырулар: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация т.б. табу;
туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығы туралы деректер жинау және презентация дайындау;
мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдау;
көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
6-сынып оқушыларына поэзиялық шығармаларды оқыту барысында мыгадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
Ал өлеңдерді оқыту барысында мынадай тапсырмалар беруге болады. Мысалы:
1-тапсырма. <<Миға шабуыл>> әдісі арқылы оқушыларға сабақ тақырыбы туралы алғашқы білім қалыптастыру үшін сұрақтср қойылады. Сұрақтар:
С. Торайғыров кім?
С. Торайғыров қайда дүниеге келген?
Ол қайда білім алған?
С. Торайғыровтың қандай шығармаларын білесіңдер? т.б.
2-тапсырма. <<Сұлтанмахмұт және қазақ халқы>> тақырыбында ойтолғау жазу. Мысалы:
С. Торайғыров қазақ халқының белгілі ақыны. Ақындық өнерімен қатар ағартушылық қызметте атқарған. <<Алаш>> партиясының қатарында болып қазақ жастарының білімге құштарлығын ашуда, қалың ұйқыда жатқан қазақ халқын ояту мақсатында еңбек етті. <<Шығамын тірі болсам адам болып>>, <<Шәкірт ойы>> сынды өлеңдері халық арасында кеңіне тараған. Бұл өлеңдерінде жастардың көзі ашық, көкірегі ояу болу керекті туралы айтады.
3-тапсырма. С. Торайғыров турала белгілі ақын-жазушылардың пікірлерін жазу. Мысалы:
Ж. Аймауытов: <<Сұлтанмахмұт жас ақындардың ішіндегі бір күшті ақын еді. Өнер-білім сәулесін аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып жеңе алмай, мерт болды. Тірі жүрсе өзі айтқандай қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғандай, от-жалындай зулаған болат қайрат, кекті жүректің ақыны еді>>.
Р. Бердібай: <<Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетінің Абайдан кейінгі ең биік асқары. Ол қазақ өмірінің шыңдығын жырлаған нағыз ұлттық ақынымыз еді. Сұлтанмахмұт -- өз заманының рухын мейлінше кең көрсете білген клаасик ақын>>.
4-тапсырма. <<Шығамын тірі болсам адам болып>> өлеңінің идеясын түсіндіру. Мысалы:
<<Шығамын тірі болсам адам болып>> деп аталатын өлең жолдарын ақын өзінің ұстазы -- Нұрғалиға арнаған. Бұл өлеңдегі лирикалық қаһарман -- ақынның өзі. Ақын өлең жолдарында надан болып қалудан сескенетінін жеткізген. Уақытын құр босқа өткізгенше білім алып, санасын толықтырудың дұрыс екендігін атап көрсеткен.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz