Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың мазмұнды кезеңдеріне сиптамма беріңіздер

3 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

1-тапсырма
Сабақтың мазмұнды кезеңдеріне сиптамма беріңіздер
Уәж туындату - Уәж бұл - тұғаның бағытын айқындайтын, белсенділікті тудыратын түрткілер. Адамның әрекеті әрқашанда уәжге негізделген. Ішкі уәж сыртқы талап пен қолдаусыз-ақ әрекетке еркін қатынас деп есептеледі. Уәж еліктеуге негізделмейді, оның қуаты ағзамыздың табиғатынан шығады деп болжанады.
Өткен тақырыпты бекіту - Өткен тақырып оқушылардың естерінде қалды ма әлде жоқ па соны тексеру ретінде өткен тақырыпты бекіту керек.
Теориялық жаңа материалды игеру негізгі мына кезеңдерден тұрады: 1-ші кезең - мұғалімнің оқу материалын толық түсіндіруі; 2-ші кезең - оны тірек плакаттар бойынша қысқаша мазмұндау, мұнда материалды <<блоктық қабылдау>> жүреді; 3-ші кезең - оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (тірек плакаттардың кішірейтілген көшірмелері) мұғалімнен алып танысады, өз альбомдарына желімдейді.
оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор.
Бағалау- көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі;
Сабақты қорытындылау (дебрифинг, рефлексия) - Сабақтың осы қорытынды кезеңінде ұстаз шәкірттердің пікірін сұрайды (не ұнағандығы мен ұнамағандығы туралы), ұсыныстарын тыңдайды, өткен сабақты қорытындылайды. Осы әрекеттер шәкірттерді әрі қарай оқу материалын өздігімен игеруге ынталандырады.
2-тапсырма
Өз мамандығыңыз бойынша бір сабақтың жоспарын құрастырып көріңіз
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушылардыдың түбір мен қосымшаның жазылуы туралы түсінік қалыптастыру және оны меңгеру қосымшалардың жазылу ережесін білу меңгеру.
Дамытушылық : Оқушыларды ойын арқылы ой-өрісін , логикалық ойлауы мен дүние танымын , есте сақтау қабілеттерін , жалпы оқуға деген қызығушылығын, іскерлігін дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты , әдемі, жазуға , тиянақтылыққа , ұжымдыққа, әдептілікке , қазақ тілін қастерлеуге , өз білімін көпшілік алдында көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ойын -сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі : Сұрақ - жауап , ой жинақтау , ереже айту, таза жазу минуты, сурет бойынша жұмыс ,
Психологиялық ахуал
1.Психологиялық дайындық
Сыныбымыз тап - таза
Борда дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
2.Үй жұмысын тексеру:
56-жаттығу. Артық сөзді тап. Ережені айту.
Енді сабағымызды бастау үшін түбірмен қосымшаның жазылуын еске түсіріп көрейік.
Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
- Сөз құpaмына не жатады?
- Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.
- Түбiр сөз дегенiмiз не?
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Сергіту сәті
Түбір болып жасаймыз,
Қосымшасы мынадай.
Екі түрге бөлініп,
Шығып алды осылай,
Жұрнақ ,жалғау кәнекей,
Жасап көрші қайталай.
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Үйге тапсырма
62-жаттығу, 133- бет
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі
Митоз фазалары
Бағалау және сабақты қорытындылау
Шағын жинақталған мектептерде оқыту ерекшеліктері
Құзыреттілік негізіндегі заманауи сабақ
Сабақты қорытындылау кезеңі
Құжат беттерін рәсімдеу
Xxi ғасыр көшбасшысы. жоспар
Көзге арналған жаттығу. Сабақ типі
Темпераменттің типтері
Пәндер