Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІМЕН ТИІМДІ ҰШТАСТЫРУ

Аманкулова Молдир Нургалиевна <<Қаныш Сәтбаев атындағы ЖББМ>>КММ биология пәнінің мұғалімі
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру жүйесінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғандығы мәлім. Осыған орай, халық педагогикасын бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани казынасымен, ұлттық тәрбиеннің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп - өну, даму көзі - оның тамыры, адам баласының санасының даму көзі - оның тілі. Тамырсыз өсімдік атаулы көктемейді, ана тілінсіз ұрпақ жетілмейді. Ана тілінің уызына қанбаған, оның бұлағынан нәр алмаған ұрпақтың баршасының бойынан ізгіліктің нышандарын табу мүмкін емес, өйткені жастарымыз халықтық педагогикадан, ұлттық салт - дәстүрімізден, рухани байлығымыздан қол үзіп кеткен ұрпақтың өкілі. Еліміздің ертеңгі болашағы - мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Қазақ мектептерінің алдында ұлттық сана - сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт - дәстүр,үлгі - өнегені үйреніп, бойына сіңіріп, күнделікті тіршілікте пайдалана білуге үйрету міндеттері тұр.Халықтық педагогика озық үлгілері балаларды имандылыққа,адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтінің өмірдің өзі көрсетіп отыр.Ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген ұстаздардың негізгі бағыты халықтық педагогиканың үлгі - өнегелерін сабақта және сабақтан тыс тәрбиелеу мәселесінде тиімді қолдана білудің әдіс-тәсілдерін зерттеп, пайдалану деп білем.
Халық педагогикасын сабақта пайдаланудың тиімділігі
оқушылар жан-жақты дамиды
ұлттық құндылығымызды қастерлеуге, сүюге тәрбиелейді
тақырыпқа сәйкес келетін халық даналығымен танысады
1- сызбанұсқа
Физика грек тілінен аударған <<физиус>> табиғат деген ұғымды білдіреді.
Олай болса сабақ мазмұнымен байланыстырып,оқушыларды ата - бабамыздың тарихи дамуы барысындағы айналадағы құбылыстар жөніндегі дүние таныммен таныстырып отырған жөн. Көшпелі елдің барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Көне заманда қазақтар қоршаған табиғаттың бәрінде жанды деп санаған. Табиғат құбылыстарын жанды зат есебінде санап, өздерінің тағдырын, істерін осылардың күші деп табынған. <<Ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа>> деген сөздер осының куәсі.Қазақтар отты, күнді қасиетті санаған, құрметтеген. Бұлттың күркіреуі қазақ <<күн күркіреді>> деп тәңір даусына балаған. Найзағай ойнағанда сайтандарды қуған періштелер қамшысы деп ұққан. Ал шын мәнінде найзағай - атмосферадағы электр ұшқындары.Ол бұлт пен бұлттың немесе бұлт пен жердің арасында пайда болған шағын көлемдегі электр зарядына байланысты пайда болады.Келесі жұмбақ табиғи құбылыстың бірі - жаңбырдан кейінгі кемпірқосақ. Аспан пайда болған кемпірқосақты ертеде қазақтар <<кемпірдің түрлі малдарды қосақтап қойғаны>> деген ұғымда болды. Бұл да аспандағы пайда болатын оптикалық құбылыс. Күннің жарығы қызыл түспен күлгін түс арасындағы түрлі түстің жиынтығы екені анықталды. Осы түстер өздерінің толқын ұзындығына байланысты дифракцияланады және интерференцияланады. Нәтижесінде түрлі - түсті кемпірқосақ пайда болады. Оқушылардың басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалан формулалар, заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де физика сабағында халықтық педагогика негізінде ұлттық салт - дәстүрлерді уағыздап, жас ұрпақ санасына дары туды, осы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруды кейінгі жылдары жұмысыма негізгі мақсат етіп алдым. Халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындар. Пәнге деген ынтасын арттыруда, белсенділіктерін дамытуда пайдаланып жүрген бірнеше ойындарды келтіремін: <<сақина салу, соқыр теке, теңге алу, арқан тарту, қыз қуу, ақсүйек>> ойындары.Қазақтың ұлы ақындары Абай,Шәкәрім мұраларынан физикалық құбылыстарымен заңдылықтарды суреттеп бейнелеуді көптеп іздестіруге болады. Оқушылардың санасына физика ғылымының өмір мен поэзиямен тығыз байланысты екенің көз жеткізе түсіндіруіміз қажет. Баланың ойлану, танымдық, білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлықпен дүние танымдық дәрежесін байқау үшін жұмбақ шешкіземіз. Физика сабағында жұмбақты қолдану оқушылардың білімпаздығын, алғырлығын, тапқырлығын дамытуға көмектеседі. Пәнге деген қызығушылығын арттыруда өз тәжірибемде сабақ түрлерін алуан түрлі етіп өткізгенде оқушыға көп әсер ететіндігін, зор ықпал тигізетіндігіне көз жеткіздім. Мысалы:іскер ойын сабақ, аукцион сабақ, көкпар сайыс сабақ оқушының ой санасының өсуіне, ұлттық сана сезімін дамытуға көп мүмкіндік береді.Белгілі бір тақырыпты өткен кезде мысал ретінде қажетті мақалды келтіре отырып, оның тәрбиелік және физикалық мәніне түсінік беремін. Мақалдың тәрбиелік мәні, жіберген қатеңді екінші рет қайталамай дер кезінде қорытынды жасауға меңзесе, физика тұрғысынан ыстық нәрсені үрлесек, кебу процесі тездетіліп, оның температурасы төмендейтінін ұғуға болады.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта немесе үйде физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыруды ұсынамын. Бұл оқушылардың сөздік қорын молайтуға, өз бетімен жұмыс істеуге көп септігін тигізеді.Физика сабағында пәнаралық байланыс жасау, атап айтсам: математика, тарих, биология, химия, астрономия, әдебиет, ән - күй сабағымен тығыз байланыс арқылы ұштастырылған түрі туындайды.Мұндай пәндердің ұштастырылуы оқытушы үшін де, оқушы үшін де өзінің сипатымен, мәнділігімен тиімді. Мұғалім оқушыны жалықтырмайды, оқушы жеңіл, еркін түрде жаңа сабақты қабылдап, пікір таластырып өз білгенін ортаға сала алады. Білім беру үрдісінде халық педагогикасын пайдаланудың тиімділігі өте зор. Халық педагогика элементтерін жүйелі түрде пайдаланып биология сабағында мыс: <<Тістің құрылысын>>, <<Асқазан аурулары>>, <<Иммунитет>> т.б. тақырыптарын түсіндіргенде тек оқулықтағы мысалдармен шектеліп қана қоймай, нақыл, тыйым сөздермен ертегілерді ұтымды пайдалануға болады. Сонымен қатар, қазақ халқының мақал - мәтелдері жас ұрпақты, ата - ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеуге бағытталған. Халық педагогика элементтерін тек биология пәнінде емес басқада пәндер арасында қолдануға болады және сабақ үстінде ғана пайдаланып қоймай, сабақтан тыс жүргізілетін білімділік - тәрбиелік жұмыстарда да қолданылады. Оқушылардың ұлттық рухта тәрбиеленуіне мол мүмкіндік береді. Халықтық педагогика элементтерін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда жүйелі түрде оқытудың дәстүрлі емес жаңа әдіс - тәсілдерімен ұштастыра пайдалану математиканы оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың математиқалық білімді игеруін қамтамасыз етеді және олардың тіл байлығының, ойлау қабілетінің дамуына, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу дағдыларының жетіле түсуіне септігін тигізеді.Ең бастысы, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырады, демек, халықтық педагогика элементтерін пайдалану - мазмұндық тұрғыдан білім көздерінін бірі. Сондықтан ол ғылыми негізде жасалған оқытудың құралымы және мектептердің іс - тәжірибесінде сыналған әдістемені қажет етеді.
Халық педагогикасының элементтерінің бірі қазақтың ұлттық ойындары болып табылады. Ұлттық ойын - мәдени мұралардың бірі болып саналады, ғасырлар бойы балаларды тәрбиелеудің бір құралы болып келеді. Ойнау барысында баланың дұрыс қозғалу, ойлау қабілеттері, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, ұлттық ойындарды сабақта сергіту минуттарында <<Бес саусақ>>, <<Жылдам айт>> үй тапсырмасын сұрағанда, сабақты бекіту, қайталау сабақтарында сабақтарында, <<Сиқырлы кесе>>, <<Асық иірім>>, <<Қоржындағы асықтар, <<Құрақ құру>>, <<Ханталапай>>, <<Ханым дат>>, <<Қоржындағы сандар>>, ойындары байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, шапшаңдыққа баулиды.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, әлемдік мәдениет пен білім саласындағы құндылықтарды оқыту үрдісінде пайдалану керектігі, ол үшін оқытудың тәсілдері мен әдістерін, білім беру формаларын жетілдіре түсудің қажеттілігін атап көрсетілген. Осыған орай, биологияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін, орта мектепте пәнді оқытып үйретудің тиімді, белсенді әдістерін таңдап алу қажеттілігі көзделіп отыр. Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың белсенділігі мен танымдық әрекеттерін шығармашылық қарымдарын дамыту үшін оқу үрдісіне көркем әдебиетті және поэзияны оқыту ойындарын пайдаланудың мәні зор.
№
Сабақтың тақырыбы
Поэзияның атауы
Авторы
1
Құстар классы
<<Құс келгенде>>
Марфуға Айтқожа
2
3
4
Құстарды топқа бөлу
<<Қыран бүркіт не алмайды,
салса баптап>>
Абай Құнанбаев
<<Бұлбұл>>
Оразақын Асқар
<<Аққулар ұйықтағанда>>
Мұқағали Мақатаев
5
6
Сүтқоректілер классы
<<Темір мүйіз>>
Омарғазы Айтанұлы
<<Еңлік>>
Оразақын Асқар
7
Қазақстанда мекендейтін
сүтқоректілер
<<Барысы, жортып жүрген
кең даламның>>
Марфуға Айтқожа
2-сызбанұсқа
Халықтық педагогикалық ойларды бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Сол мәселелерді қамтитын <<Поэзия сағатын>> өткізуге болады.Бір мысал ретінде Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлының толғауларын пайдалануға болады.Осы арқылы оқушылардың белсенділігі мен танымдық әрекеттерінің қалыптасуын шығармашылығынан да байқауға болады. Математика - жаратылыстану ғылымы ретінде, өзінің қалыптасу, даму, зерттеулер мен жаңалықтар ашу, гипотезалары мен дәлелдеулер тарихы бар.Математика жаратылыстану ғылымдарының негізі және математикасыз бірде-біреуін терең меңгеруге болмайды десек, математика пәніне берілген диалектикалық анықтамадағы <<математика-адамдардың табиғатпен және техникамен қарым-қатынас құралы>>-на қабілетімізді бастан-ақ дамыту міндеті қойылады. Оқытудың білімге бағдарланған дәстүрлі түрін құзыретті-бағдарланған оқыту түріне алмастыру әдісінің де ғылыми-әдістемелік негізі назар аударуға тұрарлық. Мұнда сабақ барысы пәннің мазмұнына және мамандық бағытына қарай бес бөлікке бөлініп оқытылады: өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі, құқықты құзыреттілік, коммуникативті құзыреттілік, бейімділік және дағдылар, білім. Инновациялық оқыту технологиясы ғылыми-педагогикалық қызметтің айрықша үлгісі болып табылады.Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін кәсіби біліктілікті мамандардың тәжірибесін жұмылдыру қажет. Яғни, оқытушы өзінің кәсіби мамандығын педагогикалық шеберлікпен және шығармашылықпен ұштастырып, іскерлік дағдыны қалыптастыруы тиіс. Кез келген ұстаз заманауи инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.
<<Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдында, айналсаң артында тұрғандай>> - деп Сократ айтқандай, Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы елу мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойып отыр.Балаларға қоғам, табиғат, адам туралы білімдер жүйесін меңгертуде, алған білімдерін іс-әрекетте қолдану іскерліктерін дамытуда қазақтың салт-дәстүрлері, оның ішінде шежіре үйрету, киелі сандарға байланысты ырымдардың мәні зор. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Сондықтан да мектепте оқушыларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерінен басшылыққа алу басты талап, бұл міндетті шешудегі шаралардың қайнар бұлағы сарқылмас көзі - халықтық педагогика.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы,1993 - Б.69
Тоққұлиева Г. Балаға эстетикалық тәрбие беру. // <<Қазақстан мектебі>>. №10 (7). Алматы, 2000 - Б.88
Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындаудың теориясы мен практикасы - Алматы <<Ғылым>>, 2001 - Б.82
Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындаудың теориясы мен практикасы.- Алматы: Ғылым, 2001.
<<Халықтық педагогика элементтерін оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың тиімді жолдары>> іс-тәжірибелер жинағы, Орал, 2010.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz