Оқушы сенімін арттыру

Ғылыми - техникaлық пpoгpecтiң қapқынды дaмy үдepiciндe және оның өндірісте ауқымды пайдалану заманы -білім беру саласының мекемелерінің алдында үлкен міндет жүктеп отыр. Бұл міндет - оқушыларды жүйелі түрде сапалы біліммен қамтамасыз ете отырып келешекте алған білімдерін толықтырып оны өздерінің танымдық және зерттеушілік қаблеттерімен ұштастыра білу.
Физика пәні бойынша білімді сапалы түрде қалыптастырудың маңызды факторларының бірі - сабақ үстінде оқушылардың білімге деген танымдық қызығушылығын арттыру. Бұл үшін жаңа сабақты түсіндіру барысында сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру өте маңызды. Физика пәнінің кабинетін замануи талаптарға сай жабдықтау оқушының пәнге деген қызығушылығын өз кезегінде жағымды әсер етуі сөзсіз. Кабинеттің талапқа сай жабдықталуы мұғалімге жаңа материалды түсіндіруге уақытын үнемді және тиімді пайдалануына үлкен септігін тигізеді.
Көптеген оқушыларда оқуға деген немқұрайлық, осыған орай төмен танымдық қызығушылық деңгейі көрінеді. Сондықтан да кез-келген мұғалімнің алдында осындай мәселелерді шешу үшін сабақ берудің тиімді әдістерін, түрлерін іздестірген жөн деп есептеймін. Бірінші кезекте күттірмейтін шешім бұл білім беру үдерісінде оқушылардың белсенділігін арттыру. Білім алу үдерісінде тұлғаның белсенділігін арттыру-бұл сапасы деңгейінің көрсеткішіне және тұлғаны дамытуға және оның кәсіби дайындығына тікелей әсер ететін фактордың бірі болып табылады. Жылдан-жылға ақпарат ауқымының жылдам өсуі оның көпсалалығы біздерден іскерлікті талап ететіні даусыз, ендеше осы мақсатқа жету жолы бұл аралас білім арқылы іздену, дұрыс шешім қабылдау. Оқушының бойына табылатын білім-білік дағдысы оның мәліметтер жинауда, оны талдауда, ақпарат жүйесін жинақтауда нәтижелерді қорытындылауда және істің соңына дейін жеткізудегі өзінің жекелеген іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай мұғалімнің де мақсат-міндеттері өзгеріп отырады. Енді мұғалім тек қана білім беретін ақпарат көзі ғана болып қоймайды, мұғалім енді оқушының өзін-өзі дамытудағы іс-әрекеттердің ұйымдастырушысы, шығармашылық ізденістерге бағыт-бағдар беруші болуы керек.
Мұғалім мен оқушының бірлескен шығармашылық іс-әрекеттерінің арқасында бұл мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыруға болады. Білім берудің белсенділігін арттырудың стратегиялық бағыты берілетін ақпараттың ауқымдылығында емес, бақылау жұмыстарының жиілігінде немесе қатаңдығында емес, бұл оқушының ойлау, қабылдау қабілетіне дидактикалық және психологиялық жағдай қалыптастыру болып табылады. Бұл бағытта оқушының интелектуалдық белсенділігі ғана емес, сонымен қатар тұлғаның, әлеуметтік белсенділігі де қарастырылады. Жұмысқа деген белсенділікті өзіндік іс-әрекеті, көшбасшылықты, шығармашылықты дамыту - бұл оқу-тәрбие үдерісінде іске асырылатын бүгінгі күннің талабы. Қоғамның даму үдерісі адами фактордың белсенділігімен, кәсіптік және қоғамдық салалардың барлық түрлеріндегі адамдардың шығармашылық дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептер білім-білік дағдыларын игерумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен бірге тұлғаның дамуына, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Танымдық белсенділікті, өз бетінше білімін толықтыратын қасиеттерді дамытпайынша жаңа тұлғаны қалыптастыру мүмкін емес.
Л. Н. Толстойдың мына сөздерін айта кеткенді жөн көріп отырмын « Знание тогда знание, когда оно приобретено усилиями своей мысли, а не памятью».
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың тағы бір жолы бұл оқушылардың өзіне әр түрлі тапсырмалар жинағын құрастыруды тапсыру керек. Оқушыларға әр түрлі эксперименттік есептер шығарған ұнайды. Оқушылармен алған білімді тиянақтау, жинақтау мақсатында сабақ үстінде әртүрлі ойындар ұйымдастырған өте тиімді. Мұндай сабақтың түрі - сайыс сабақ ретінде өтуі мүмкін. Сайыс - сабақтың негізін топтар арасында сұрақ- жауап және кезектесіп берілген тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады. Мұндай сабақтарды өткізудің әр түрлі тәсілдері бар. Олар: «Көңілді тапқырлар тобы», «Брейн ринг», «Жұлдызда сәт», «Бақытты шақ» сияқты бәрілеріне таныс ойындарнегізінде ұйымдастыруға болады. Сайыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу төмендегідей үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық, ойын сәті, қорытынды.
Жалпы сабақ сәтті өту үшін төмендегідей бірнеше шарттардың болуы қажет.
Мұғалімге байланысты:
- Сіздің шеберлігіңіз: Бағыттаушы
Нұсқаулық.
- Сіздің сенімділігіңіз: мұғалімнің жауапкершілігі
- Сіздің сабақты жоспарлауыңыз
Оқушыға байланысты:
- оқушылардың оқып - үйренуге деген қөзқарасы
-оқушылардың тәртібі;
-Оқушылардың өзін-өзі бағалауы;
-Оқушылардың өз беттерімен жұмыс түрлері;
-Ынтымақтастық.
Жоғарыда көрсетілген шарттар сабақ барысында бір- бірімен тоғысып, жүйелі түрде жүзеге асып жатса, мұндай сабақтар белгілі бір нәтижелер берері сөзсіз. Оқушылардың одан әрі танымдық белсенділігін арттыру үшін, ең бастысы біз үшін оқу материалын оқушыларға түсінікті тілде жеткізу, соған жағдай қалыптастыру.
Осыған орай төрт түрлі аспектісін бөліп қарасыруға болады.
1. Оқушыларға жаңа оқу материалын қабылдауын ұйымдастыру;
2. Түсіндіруде дәлелдеу тәсілдерін кеңінен қолдану;
3. Психологиялық заңдылық пен әдістемелік талаптарды ескеру;
4. Оқулықпен жұмыс.
Танымдық іс- әрекетті белсендіру үшін логикалық ойлау қабілетті шыңдау мәселесіне де тоқталмай кету мүмкін емес. Бұған эвристикалық әңгіме, салыстыруға арналған тапсырмалар, оқушылардың эксперименттік жұмыстары, логикаға негізделген оқушылардың өзіндік жұмыстары, т. б.
Физика пәні сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында оқу- тәрбие үдерісінде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәсілдерін пайдалану өте тиімді тәсіл болып табылып отыр.
Сыни тұрғыдан ойлау -бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты - ойлауға, бағалауға, таладауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау, көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс- әрекеттерімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды, білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау - мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылу дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:
- Бақылау;
- Талдау;
- Қорытынды;
- Интерпретация;
Балаларды диалог пен дәйектер, талқылауға тарту, белсенді жүргізіліген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатыны даусыз.
XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сұру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.
Біз өзіміздің сабақ үстінде қолданатын іс-әрекеттерін кейбіреулерімен таныстырып өтейін.
1. Қызығушылықты ояту сәті: алға қойған мақсатқа жету, білімді бағалау.
2. Диалогқа тарту (оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді) .
3. Сабақ үстінде әртүрлі іс- тәсілдерді қолдану - оқушылардың ерік- жігерін көтереді ( мысалы, ауысша жауап беру, сыныппен жұмыс, өзіндік жұмыс, жекелеген тапсырмалар, өзіндік бақылау, ойын элементтері)
4. Сергіту сәті ( күлкілі әңгімелер айту, т. б. арқылы оқушыларға сергектік беру)
5. Оқушыларға бір- біріне таратпа - тапсырмалар құрастыруды тапсыру.
6. Мінсіз оқушы үнсіз оқушыдан кейбір тапсырмаларды сұрайды (мысалы, теоремаларды сұрайды) .
7. Оқушының кез-келген танымдық белсенділігіне қолдау көрсету;
8. Сабақтағы жоғарғы қарқын.
Сабақтың құрылымы сыныптың білім деңгейіне орай құрылуы қажет. Сыныптағы барлық оқушы үнемі жұмыс үстінде, қарым-қатыныста, қозғалыста болуы мүмкін.
Сабақтан оқушы жалығып кетпес үшін, сабақта қолданылатын стратегияларда әр-түрлі болуы керек. Біз физика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында төмендегідей стратегияларды қолданамыз:
- Кроссвортар құрастыру;
- Рефераттар қорғау;
- Бес сұрақ ( Пять вопросов)
- Өнер серпесі ( спираль искусства)
- «БББ» ( білдім, білемін, білгім келеді)
- Конкурстар, байқаулар т. б.
Сабақты өткізудің формаларының әр түрлігі сабақтың танымдық деңгейін көтереді. Мұндай сабақтар оқушылардың қызығушылығын тудырады. Сабақтағы ұйымдастыру кезеңінің қалай басталуы сабақтың қалай қөтіп, қалай аяқталатынына үлкен септігін тигізеді.
Оқушылардың зейінін бірден сабаққа аудару үшін, ауызша сұрақ- жауаптан басталды. Бұл тәсілдің екі түрін қолданамыз.
Біріншісі- сандарды есептеу, оқушыларға таратпа ретінде көрсетіледі немесе таныстырылады. Сосын тақтаға жазылады, оқылады. Оқушылар көру, есту, қолымен ұстау арқылы зейіндерін белгілі бір тақырыпқа шоғырландырады.
Екінші түрі бұл ауызша есептеу. Бұл әрине біріншісіне қарағанда күрделірек. Соған қарамастан бұл тәсіл оқушының ойлау қабілетін шыңдайды. Осы тәсілдердің әр қайсысын ойын элементтері арқылы қолдану, әрине оқушыларға өте қызығырақ болады.
Ойын элементтерін сабақ үстінде пайдалану жалпы бүкіл сабақ бойында жағымда ахуал қалыптастырады. Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл - ой белсенділігін дамыту қажет. Ендігі жерде білім беру жүйесінен жас жеткіншектің шығармашыл, текхникада, экономикада жаңа жолдар мен әдістер таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл ойы дамыған, салауатты, саналы, білікті, білімді, болуын қамтамасыз ету талап етіледі. Сондықтан физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу - танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, олардың танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады. Қазіргі физиканы оқыту әдістемесі оқушының танымдық қызметі мен ойлау жүйесінің арақатынасын анықтай түсуде. Ол оқушының дербестігін, танымдық қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интеллектуалдық ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Оқушының танымдық мүмкіндіктерін арттыруда мұғалім басты рөл атқаратындығын соңғы зерттеулер анықтап отыр. Мұғалімнің жеке тұлғасы, білім, өз ісіне жауапкершілігі және оқушымен ара қатынасы, әдістемелік шеберлігі - оқушының білімге деген ынтасын арттырудың кепілі. Сондықтан оқушының жан - жақты мүмкіндіктерін ашуда мұғалім тәрбиесі негізгі рөл атқарады. Оқушы қабілетіне дұрыс көзқараспен қарау, оның өзбетімен жұмыс жасауына жағдай туғызу оқу - тәрбие ісінде оң жетістіктер беріледі. Үздіксіз оқыту процесінің барлық сатыларында танымдық қызметтің артуына байланысты жаңа ойлау жүйесі қалыптасып отырады. Оқушының алғаш алған қарапайым білім қоры оны күрделі ғылым салаларын оқып үйренуге жетелейді. Міне, осы аралықта әр пән бойынша алған білімін біріктіре отырып, қорытындылай білетін бала зор табысқа жетеді. Сондықтан осы тұста мұғалім оқушының танымдық іс - әрекетін, ізденісін қалыптастыруда өзін жоғары талап деңгейінде көрсете білуі тиіс. Танымдық іздемпаздықты арттырудың бір жолы берілген материалдың теориялық мәні мен өмірлік тәжірибеде қолданысын ашып көрсету болып табылады. Егер оқушы берілген материалдардың өмірлік тәжірибеде қолданылатынына және әрбір сабақтың өткен материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге деген ынтасы артады. Осыған байланысты оқушының танымдық іздемпаздығын, қызығушылығын дамыту арқылы шығармашылыққа баулуды сызба - нұсқа арқылы жүзеге асыруға болады.
1. Физиканы оқыту процесінде танымның ғылыми - зерттеу әдістері формулаларды қорыту, есептер шығару, физикалық ұғымдардың қасиеттерін оқып үйрену әдістері ретіндегі әр түрлі формалар кездеседі. Оны ғылыммен байланыстыра отырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен жетістіктерін баяндау керек.
2. Оқушыларды физиканың зерттеу әдістеріне үйрету, оларды зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы физикалық теорияның мәнін дұрыс түсінуге мүмкіндік туады. Зерттеу жұмыстарын жүргізу жағдайында ұшырасатын танымдық қиындықтарды өзбетінше жеңу кейбір оқушыларға оңай соқпайтыны белгілі, өйткені мұғалім ондай қиындықтарды жеңуге үлгерімі жақсы оқушыларды кеңірек тарата отырып, ұжымдық талдау жасау арқылы бүкіл сыныпқа көмектесуге әрекет жасайды. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне мұндай бірлескен іс - әрекет тиімді әрі қолайлы. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыруда сол сабақтағы тақырыптың негізгі мәселелеріне оқушылардың өздері зерттеу барысында келгендегі, ережені өздері ашқандай сезімде болуы үлкен роль атқарады.
3. Оқушының шығармашылық және қабылдаушылық іс - әрекеттері бір - бірімен байланысты. Қабылдаушылық іс - әрекет оқушының дамуының алғашқы сатысы болып табылады және ол біртіндеп сатылап даму нәтижесінде шығармашылық іс - әрекеттерге айналып отырады. Есептер шығару, тәжірибе жасау оқушының шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икеділігін дамытуға ықпал етеді. Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың физика пәніне қызығушылығын тудыру жолдарының бірі - сабақ барысында оқушылардың алған білімін баяндауға ынталандыру, тарихи элементтерді енгізе отырып, физиканың техникада алатын орнын түсіндіру, Күн энергиясын жер бетінде қолдану жолдарын көрсету, ғылыми конференциялар ұйымдастыру, қызықты материалдарды пайдалану, «Қос ғарышкерлер» тақырыбыгда реферат дайындату, «Физика көктемгі құбылыстарда» атты конференция әзірлеп өткізу, ақын - жырлардың өлеңдерін оқытып, онда табиғат құбылыстарының қалай жырланғанын көрсету, 7 - сыныпта «Табиғат және адам» тақырыбын өткенде оқушыларға «Табиғатты аялай біл » тақырыбында эссе жаздыру және тағы басқада болып табылады.
4. Оқушылардың пәнге деген қызығушылылығын арттырудағы танымдық іс - әрекеттің бірі - өзіндік жұмыс, физикалық диктант. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктілікке талпынуы, ептілікке дағдыландыру оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі белгілі. Шығармашылық өзіндік жұмыстар пәнге деген ынтасын, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, физикалық ой - өрісін дамытады. Физикалық диктант, зертханалық жұмыстар, лабораториялық практикум жұмыстары арқылы оқушылардың танымдық іздемпаздығын, белсенділігін арттыруға болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz