Жаңа педагогикалық технологиялар

Т. РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
«ҚҰЛАН МЕКТЕП -ГИМНАЗИЯСЫ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
« Келісемін » « Бекітемін »
Директордың оқу-әдістемелік Директордың оқу ісі жөніндегі
ісі жөніндегі орынбасары орынбасары
Ж. Алсеитова А. Малибаева
«___ » 2024 ж. «» 2024 ж.
Тақырыбы:
Оқыту үрдісіндегі педагогикалық технологияларды сабақтарда пайдалану
Орындаушы: Абдикеримова Қарлығаш Базарбекқызы
Жұмыс орны: Құлан мектеп-гимназиясы
Қызметі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Құрметті атағы: педагог
2024 ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
- Жаңашыл педагог - заман талабы
Негізгі бөлім:
- Дәстүрлі технология мен инновациялық технология
- Жаңа педагогикалық технологиялар
- Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндеріндегі технологиялар
Қорытынды
- Өз болмысын таныта алатын жеке тұлға
«Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиісті», - деп педагог-жазушы Ы. Алтынсарин айтқандай, бүгінгі күні ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Өйткені, қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде кеңінен қолданылуы нәтижесінде оқушылардың ой-өрісі мен ойлау қабілеті жоғары. Жаңашыл педагогтың білім берудегі негізгі мақсаты тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі мол, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Сухомлинский: «Мұғалім өзінің ізденісін тоқтатқанда, оның мұғалімдік қасиеті жойылады» деп атап көрсеткендей, жаңашыл педагог үнемі ізденісте болуы керек. Педагогтың шығармашылдығы оқу-тәрбие қызметіндегі табыстары оның оқу қызметін шебер, қызықты ұйымдастыра алуында. Оның өзі өнер, әрі ғылым. Өйткені, теориялық білім мен жоғары дамыған тәжірибенің синтезі болып табылатын ұстаз шеберлігі шығармашылық арқылы бекіп, сол арқылы көрініс табады. Жаңашыл педагог, жоғарыда айтқанымдай, оқу үрдісінде жас ұрпаққа рухани тәрбие берумен қатар, оқу-танымдық қызметін белсендіруде дәстүрлі әдістер мен жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды өзара сабақтастықта пайдалану арқылы оң нәтиже ала алады.
Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Бүгінгі таңда экономиканың жылдам дамуына байланысты білім беру жүйесінде оқытудың құрылымы, мақсаты, мазмұны мен технологиясы өзгеріп жатыр. Осы уақытқа дейінгі педагог-ғалымдардың оқыту технологияларына қатысты түсініктеріне тоқталайық:
- Ш. А. Амонашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді.
- В. Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі.
- С. Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі.
- Ж. А. Қараев деңгейлеп оқыту педагогикасының мақсаты - жан- жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Балалардың таныс қабілеттеріне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі. [1]
Бір технологияны әр мұғалім өз сабақтарында әр түрлі қолдануы мүмкін, мұғалімнің оқыту технологиясының өзіне тиімдісін алып, ыңғайлап қолдануы шеберлігінен көрінеді.
Педагогикалық технологиялар қолданылу сипатына қарай дәстүрлі және инновациялық болып бөлінеді. Дәстүрлі мен инновациялық технологияның ара жігін ашып көрелік. Бұл екі технологияның бірін-бірі өзара байланыстырып тұратын ортақ сипаты бар. Дәстүрлі технология бұрыннан келе жатқан оқытудың технологиясы. Бұл технологияда мұғалім түсіндіреді, әрекеттерді көрсетеді және бағалайды. Күрделіні жеңіл түсінуі, білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етуі секілді оң жақтарымен қоса, кемшіліктері де бар. Ол оқу процесін дараландыру және жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем. Яғни, сабақта тек материалға алғашқы бағдар ғана жасалынса, оқушының жоғары нәтижеге жетуі үй тапсырмасына қалдырылады. Мұндай жағдайда оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмайды. Кері байланыс та нашар беріледі. Ал инновациялық технологияның ерекшелігі қандай? «Инновация» сөзінің жаңа, жаңашылдық деген ұғымды білдіретінін білеміз. Демек, педагогикалық инновация - педагогикалық іс-әрекетке жаңаны енгізу, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыруда олардың мазмұны мен құрылымын өзгерту болып табылады. Бұрын оқушы қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлінде болса, қазір өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Мұғалім оқушыға бағыт-бағдар беріп отырады, ал оқушы өздігінен ізденіп, сабақты өмірмен байланыстырып, топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындайды. Инновациялық оқытуда ізденушілік, ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарға алынады.
Дәстүрлі технология мен инновациялық технологияның ара жігін төмендегі кестеден көруге болады.
[2]
Дәстүрлі технология бірнеше жылдар бойы сыналып, өзінің нәтижесін көрсетті. Сондықтан оны алып тастай алмаймыз. Бүгінгі күннің сұранысына сай инновациялық технология пайда болды. Дәстүрлі мен инновациялық технологияны біріктіре отырып, оқу процесінде пайдалану өте тиімді болады.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, алған білімін өмірде қолдану, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Осы мақсаттар негізінде бірнеше жылдар бойы жұмыс жасалынып келеді. Л. В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субьектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып табылады. [3]
Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жүйесі пайдаланылады.
[4]
Педагогикалық технологиялар ішінде келешегі мол кейс-стади, рефлексия оқыту технологияларын ерекше атап өтуге болады.
«Кейс-стади» технологиясын іске асыру мынадай кезеңдерді қамтиды:
1-кезең. Жағдаят жазылған мәтінді оқи отырып, студент өз бетінше проблеманың мәнін түсінуге, жағдаятты бағалау үшін өз ұстанымын анықтауға, сұрақтарға жауап ойластыруға және проблеманы шешудің нақты жолдарын табуға тырысу керек.
2-кезең. Шағын топта жұмыс істеу. Студенттер шағын топтарда (4-6 адам) кейістің негізін құрайтын проблемалар шеңберінде пікір алмасады, диалогтық қарым-қатынас және консенсус әдістеру арқылы проблеманы бірлесіп шешеді. Бұл кезеңде «брейнсторминг» (ми шабуылы), диалог және полилог, дискуссия, сөз таластыру болуы мүмкін. Топтық талқылаудан кейін проблеманы шешудің жолдарын баяндауға қабілетті санаткер көшбасшылар айқындалады.
3-кезең. Жалпытоптық талқылау оқытушының басшылығымен өткізіледі. Ереже бойынша, әрбір топ жағдаятта баяндалған проблемалар шеңбері бойынша өз көзқарастарын айтады. Оқытушы талқылауға студенттерді неғұрлым көбірек тарта отырып, әртүрлі көзқарастарды ынталандырып және кейбір сәттерге шығармашылық тұрғыдан қосымшалар жасай отырып, жағдаятты талдау процесін басқарады. Талқылаудың ерекшелігі - оқытушы жауаптарға сапалы баға бермейді, әрбір айтылған пікір өзінше қабылданады. Жағдаятты талдау процесі оқытушыдан кең ой-өрісті, тіл табыса білу қабілетін, бірнеше ұқсас пәндерден білім кешенін, пікірталасты жүргізу техникасын меңгеруді талап етеді.
Рефлексия оқытушының педагогикалық әрекетінің табыстылығы мен тиімділігіне өзіндік диагностика жасау технологиясы, белгілі бір педагогикалық құбылыс пен өмірлік жағдаятты еппен сезіну құралы болып табылады.
Рефлексия технологиясын меңгерудің негізгі шарттары мыналар:
- Педагогтің өз жұмысын толығымен беріліп істеуі;
- Өзінің ішкі дауысын «қоса білуі»;
- Өз әрекеттерін өз бетінше талдауға және талдауға психологиялық даярлығы;
- Педагогикалық іс-әрекетінің нәтижелеріне жауапкершіліктің болуы;
- Кәсіби шебер болуға тырысу;
- Ішкі әлемінің (қырағылық, қарапайымдылық, т. б. ) белгілі бір деңгейде дамуы;
- Сырттан алынған вербальды және вербальды емес ақпараттарды білу және мәнін түсіну. [2]
Оқыту үрдісінде сапалы білім беру үшін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда сан алуан әдіс-тәсілдер мен технологияларды пайдалануға болады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау», М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Қ. Бітібаеваның «Логикалық модельмен оқыту технологиясы», Н. Оразханованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы», Блум таксономиясы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz