Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шетел тілін оқыту әдістемесі
<<Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі>> МКҚК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: <<Шетел тілін оқыту әдістемесі>>
Тақырыбы: <<Шетел тілі сабағында BOPPPS моделі арқылы сабақ жоспарын құрастыру>>
Орындаған: ШБ-20-1 тобының студенті Абылқызы Ақтоты
Жетекшісі: Ергазиевна Дина
Ақтау - 2024 ж.
Жоспар:
Кіріспе ..................................................................................................3
Негізгі бөлім:
Теориялық бөлім
Сабақ жоспарын BOPPPS моделі бойынша құрастыру.................
BOPPPS моделі бойынша сабақтың негізгі кезеңдері ...................................................................................................
Практикалық бөлім
BOPPPS моделі арқылы сабақтың мақсатын,міндетін және нәтижелерін айқындау...............................................................................
BOPPPS моделін тәжірибеде қолдану
BOPPPS моделі арқылы оқушылардың сөздік қорын, сауатты жаза білуін және қатесіз оқу, аудару қабілеттерін дамыту жолы ............................
Шетел тілін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылын арттыру жолдары ..................................
III. Қорытынды ................................................................................................
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................................
V. Қосымша материалдар .......................................................................
Кіріспе
Білімді ұрпақ-ел болашағы. Қазақстан Республикасының дамушы елдердің қатарына қосылуына осы білім саласы бірден-бір ықпал етеді. Қазіргі дамыған заманда еліміздің білім саласының дамуы үшін, техникалық, ғылыми және де экономикалық байланыстардың болашаққа кеңінен жол ашуы үшін шетел тілі және шетел тілін жетік меңгерген мамандардың болуы өте маңызды. Өз мамандығын жетік меңгерген шетел тілі мұғалімі - өз бетінше нәтижелі және тиімді ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыра алатын маман.
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім шетел тілі сабағын өткізуде тиімді әдістер арқылы түрлендіріп сабақ жоспарын құруды қарастыру. Менің практикадағы зерттеуім бойынша көптеген мұғалімдер күштің бәрін тек сабақты көңілді өткізу, яғни ойындар арқылы өткізуге бөледі. Оның бір кемшілігі оқушылар тақырыпты жетік меңгермейді. Ойындар арқылы оқушыларға толық тақырыпты түсіндіру де үлкен күш алады. Ал сол тиімді нәтижені алу үшін, тиімді әдіс түрін қолдану керек.
Шетел тілі басқа пәндерден өзіндік ерекшеліктерімен және мүмкіндіктерімен ерекшеленетіні бәрімізге анық. Қазіргі таңда бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі сабағы өткізіледі. Мұның себебі шет тілін білудің маңызы артып жатыр. Оқыту процесі және оқушыларға шет тілін меңгертудің өзі өте күрделі процесс. Сондықтан да шетел тілі мұғалімі заман талабына сай білікті,білімді,шыдамды, әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруі керек.
Мұғалім шетел тілін оқыту кезінде нәтижеге жету мақсатында және оқыту үрдісі тиімді өтуі үшін әр сабақты және оның әр бөлімін тиімді пайдалана біліп, сапалы жоспар құра білуі маңызды. Сапалы жоспарға әрине тиімді әдіс-тәсілдер, модель түрлері жатады. Шетел тілі сабағын ұйымдастыру мен теориясының маңызды бағытының бірі - оқушыларды қызықтыра білетін сапалы әдістерді қолдана отырып, нәтижеге жету.
Зерттеудің өзектілігі: Оқушылардың шет тілін үйренуге, білімге деген қызығушылығын, құштарлығын, бойындағы қабілеттерін оятып, оны дамытудың бірден-бір жолы - шетел тілі пәніне қызықтыру.
Бүгінгі таңда кез-келген ортадан өзіңнің білімділігің арқылы жеңіп шығасын. Елбасымыздың халыққа жолдаған әр жолдауында да осы әлемдік деңгейде сапалы білім беру керек екендігі туралы мәселе көтеріледі.
Оқушыларға сапалы білім беру үшін, сапалы білім алған білікті маман керек. Олар әрине тек шетел тілін үйретуді ғана меңгермеген, педагогика және психология ғылымдарында жетік меңгерген, жаңа технологияны, АКТ құралдарын ұтымды пайдалана білетін мамандар.
Шетел тілі сабағының әр бөлігін қызықты әдістерді ойын ретінде жүргізу барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады және сабақты одан әрі түсінуге деген ниеті ашыла түсіп, тілді оңай меңгере бастайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Шетел тілі сабағында BOPPPS моделі арқылы сабақ жоспарын дұрыс қолдану, теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Шетел тілі сабағында әдістердің қолданылу жүйесін зерттеу;
Шетел тілі сабағында оқушылардың белсенділігін арттыру үшін қолданылатын әдістердің түрлерін пайдалану мүмкіндігін талдау;
Қолданулатын негізгі әдістемелердің ерекшеліктерін ашып көрсету;
Оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу;
Зерттеу обьектісі: Шетел тілі сабағында сабақ жоспарын құрастыру және оқыту әдістемелері.
Зерттеу тақырыбы: Шетел тілі сабағында BOPPPS моделі арқылы сабақ жоспарын құрастыру
Зерттеу әдістері: Мақсатқа жету үшін осы әдістемелер қолданылды:
психологиялық, әдістемелік және педагогикалық оқу құралдары мен ғылыми журналдар қолдана отырып анализ жасау;
Сауал-сұрақ және әңгімелесу жүргізу;
Педагогикалық бақылау;
Сабақ жоспарын BOPPPS моделі бойынша құрастыру
Ең алдымен "сабақ жоспары дегеніміз не?" деген сұраққа толығымен жауап беріп кеткенім дұрыс деп санаймын. Сабақ жоспары- нақты оқу барысында білім берушінің білім алушыға барлық ақпарат көлемін жеткізе білуі үшін көмектесетін, негізгі әрекеттесулердің басты кілті болып саналады. Сабақ жоспары, белгілі-бір концерттің сценарийі сияқты топтағы әрекет және өзарақатынасты сипаттап тұрады.
Жоспар - бұл мұғалімнің негізгі жұмыс құжаты. Сабақ тақырыбының тұжырымдамасы, оның мазмұны, сабақтың мақсаты, оның материалдық тұрғыда қолданылуы көрсетіледі. Және де жоспар нақты және қысқа болуы керек.
Сабақ жоспарын білім беруші өткізілетін сабағында қандай мақсатқа жеткісі келеді сол мақсатты ұстана отырып құрайды. Сабақ барысы бойынша жасалған мақсатқа жету үшін нақты жинақталған және реттелген қадамдардың болуы маңызды. Әдетте сабақ жоспары бәрімізге белгілі үш бөлімнен қарастырылады. Олар: бірінші- кіріспе бөлім, екінші - негізгі бөлім, үшінші - қорытынды бөлім.
Кіріспе бөлім- көпір қалау, тапсырмаларды анықтап алу және алдын-ала бағалау.
Негізгі бөлім- белсенді оқытуды жүзеге асыратын бөлім.
Қорытынды бөлім- оқушыларды бағалау және сабақ бойынша қорытынды шығару.
Әрине әдіссіз сабақ жоспарын құру мүмкін емес. Қазіргі таңда көптеген қызықты және тиімді әдіс-тәсілдердің түрлері өте көп. Солардың бірі, әрі ең тиімдісі - BOPPPS моделі болып табылады.
<< ... BOPPPS моделі - бұл сабақтың оқушыларға қызықты болуын қамтамасыз ету үшін сабақтың жoспарын ұйымдастыру әдісі, алдыңғы оқудың негізінде өзекті болуы және білімнің ауысуына ықпал ету. BOPPPS моделінің алты компоненті сабақты жобалау мен оқытуда өте пайдалы ...>> (Белл К., Кертис А, 2010). BOPPPS моделін Британдық Колумбия Университетінің (Канада) оқу және академиялық өсу орталығы сабақ жоспарларын дайындау бойынша басшылық ретінде әзірленген.
BOPPPS моделі педагогика саласына 2010 жылдан бастап тәжірибеге ене бастаса да, қазіргі таңда Қазақстанда белсене қолданылуы 4-5 жылдың шамасында ғана. Қазіргі таңда, Ұлыбритания, Канада, Қытай сияқты елдердің оқу орындарында нәтиже бергендігін көруге болады. Сондықтан да, дамыған және дамушы мемлекеттерде өзін сәтті жоба ретінде танытқан BOPPPS моделі біздің де елде, біздің де білім саласында дұрыс пайдалана алсақ үлкен нәтиже көрсете алатыны сөзсіз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz