Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ тілі мен әдебиеті журналы
МРНТИ 16.01.45
К.К.Жусупова
С.Баишев университетінің 1-курс магистранты, Қазақстан, Ақтөбе
zhusupova-1985@inbox.ru
Оқу процесінде төменгі класс оқушыларына ойын элементтерін пайдалану және тілдік құзіреттілік
Тірек сөздер: ойын элементтері, қызығушылық, тұрақты тіркестер, жаңа технология
Кез келген пәнді оқыту әдістемесі логика, педагогика, психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Жаңа технологиялар арқылы тілді оқыту кезіндегі жүргізілетін әдістемелік жұмыстар лингвистикалық негізде іске асырылады. Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме ғылымы жетіліп, байып отырады. Жалпы тілдік курстар лингвистика ғылымына жаңадан енген теориялар және тілдік фактілер арқылы дамиды. Дамыта оқыту технологиясының жүзеге асуына негіз болатын қатысымдық тұлғалардың бірі - тұрақты тіркестер. Тұрақты тіркестер өзіндік қолдану ерекшеліктеріне қарай, ойды жеткізуде, құбылысты суреттеуде, жағдай баяндауда мәтінге ерекше бейнелілік пен әсерлілік әкеледі. Тұрақты тіркестер кез келген халықтың басқа ұлттан өзіндік бітім-болмысын айқындайтындай әр халықтың рухани мәдениетінің дамуына әсер ететін қатысымдық тұлға болып табылады. Дамыта оқытудың жаңа технологиясын шешуге негіз болатын қатысымдық тұлғалардың бірі - сөйлем. Сөйлем - тілдік қатынастың жүзеге асуына тікелей себепкер болатын ең қажетті тұлға. Сөйлем тілдік тұлға ретінде тиянақты ойды білдірсе, қатысымдық тұлға ретінде ойды білдіріп қана қоймай, адамдар арсындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу құралы ретінде қолданылады.
Бастауыш сабақтарындағы ең басты атрибут - мәтін. Кез келген теориялық, грамматикалық ілімді игертуде мәтіннің пайдасы зор. Мәтін - тек утилитарлық қызмет қана атқармайды, сонымен қатар баланың сөйлеу шеберлігін, коммуникативтілігін дамытатын, эстетикалық дағды қалыптастырып, риторикалық қырын дамытатын таптырмас құрал. Соның ішінде қазіргі күні ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Тілдік пәндерде логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы өтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады. Фонетиканы, морфологияны оқытуда компьютерлік мәтіндерді пайдаланудың өз реті болады. Мысалы, 1. Тілдің фонетикасын оқыту барысында сөздегі не сөйлемдегі дауысты, дауыссыз дыбыстар санын ДЭЕМ - да анықтаудың бағдарламасын мәтіндік жүйеден іздеп табады. 2. Сөз құрамында керекті әріпті табу бағдарламасын құр деп тапсырма беруге болады. 3. Мәтінді алдын-ала оқытып, тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін бағалауға болады. Мультимедиялық технология - интерактивті режимде (қарым - қатынас, диалог түрінде ) мәтінді оңтайлы пайдалануға мүмкіншілік жасайтын бағдарлама. Мультимедиялық технологиялар қазіргі кездегі болашағы мол және көп қолданылып жүрген ақпараттық технологиялардың бірі.
Олар бейнелердің коллекциясын, мәтіндер мен мәліметтер базасын дыбыстап, бейнелермен, анимациямен және басқа да визуальды көркемдеу арқылы бере алады. Оның интерактивті интерфейсі және де басқа да механиздері болады. Мысалы: ағылшын тілін оқытуда мультимедиялық оқу құралдарын пайдалануда тілді игеру білім алушы үшін қызықты, тиімді үдеріс болып көрінер және игеру жылдамырақ нәтиже береді. Мультимедиялық технология оқу мәтінін жасаушыға ақпараттар массивін үлкен көлемде беруге мүмкіншілік береді. Сондай ақ мультимедиялық бағдарламар арқылы жасалған оқу материалдарырында тілді игерушіге өзінің мүмкіншілігіне сай логикалық танымына, қабылдау темпіне сәйкес келетін проекторияда - таңдауға мүмкіндік болады. Мультимедия жүйесінің өзі білім, компьютерлік тренинг, бизнес, мәдениет, туризм компьютерлік ойындар, кәсіби сала қызметтерінің мазмұны мен ерекшеліктеріне үлкен өзгерістер әкелді. Мультимедия бүгінгі күні компьютерді тұрмыстық, демалыс, ақпараттық есту, бейнеаппаратуралардың орталығына айналдырып отыр. Компьютер адамдар үшін қарым-қатынас құралы, жаңалық ортасы мен демалыс аясына айналды. Қарапайым дербес компьютерде мультемедиялық құралдар арқылы дыбыс жазуға, бейнеклиптер, кинолар көруге, жаңалықтар мен дыбыстық, мәтіндік күйде танысуға зор мүмкіншіліктер туып отыр.
Компьютерлік оқыту технологиясы дегеніміз кез келген формадағы аудиобейне ақпараттарды (мәтін, графика, анимация және т.б) кіріктіре отырып, пайдаланушының жүйе мен интерактивті диологінің іске асуы. Компьютердің оқу-танымдық қызиет құралы ретіндегі тағы бір жетістігі - оны пайдаланушылардың компьютерлік-телекомуникациялық желілер көмегімен алшақтан оқытуға арналған қарым-қатынасты ұйымдастыруы.Компьютер тұлға аралық жанама қарым-қатынастың әртүрлі формасын іске асырады.
Жаттығу жұмысы дәстүрлі оқыту кезеңінде де, қазіргі технологиялық оқыту кезеңінде де ағылшын тілінен білім берудің негізгі жолдарының бірі болып келеді. Жаттығу тіл сабақтарындағы ең көне, тәжірибеде жиі пайдаланылып жүрген жұмыс түріне жатады. Атақты педагогтар Я.Коменский, Д.Ушинскийлер оған ерекше назар аударған. Олар, әсіресе, жаттығу мәтініне қойылатын талаптарға аса көңіл бөлген. Жаттығу жұмыстары оқушыларының алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын іске асыру мақсатында жүргізіледі. Оның тиімділігін біршама ғалымдардың еңбектері мен іс-тәжрибелері дәлелдейді. Орыс ғалымы, профессор А.Текучев жаттығу жұмыстарының тиімділігіне төмендегіше баға береді: <<Жаттығуды грамматикадан өтілген теориялық материалды түсіндіруді сипаттайтын әдіс деп қарауға болмайды, ол тілден ұйымдастырған сабақтың қажетті бөлімі және айырып қарауға келмейтін тарауы. Егер орыс тілін оқытуда жаттығуды қолданбай білім беретін болса, ол өмірден, тәжрибеден нақтылы тілдік материалдардан қол үзген құрғақ теориялар болып шыққан болар еді>> дейді [1,19]. Ағылшын тілі сабақтарында жаттығу жұмыстары ауызша да, жазбаша да жүргізіліп келеді. Сондықтан да оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін дамытуда жаттығу жұмыстарының маңызы зор. Қазіргі ағылшын тілі оқулықтарында жаттығу жұмыстарына біршама назар аударылған. Дегенмен, жаттығу мәтіндерінде бірізділік сақталынып, технологиялық оқыту талаптарына негізделінбеген. Ол оқушылардың қабілеті мен дарынын дамытуға, шығармашылық жұмыстарға баулуға, өз бетімен білімді оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге дейін жетелеуге бағытталғаны дұрыс. Бұл мақсаттардан шығу үшін пәнаралық байланысқа жүгінудің тиімділігі зор.
Бір ескертетін мәселе, күтілетін нәтиже тақырыпқа, жаттығу жұмыстарының түрлеріне, сабақ мақсатына сай өзгеріп отырады. Ал жаттығу жұмыстарын жүргізудің инновациялық технологиясынан іздену - басты мақсат. Сабақ өткізу барысында оқушылардың қабілетін арттыру мен дамытуда тиімді әдістер қалыптастыра білу керек. Қосымша әдебиеттер мен жаттығулар орындап, білімді күнделікті толықтыру қажет. Берілген тапсырмаларды орындау мен талдаудың жолдары мен тәсілдерін игеру керек.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек. Міне, өз білімін осылайша толықтырып отыратын мұғалім, оқушысын еш уақытта жалықтырмайды. Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндетті деңгейі, өтілген жаңа сабақты бекітуге және өткен сабақтарды пысықтауға арнап құралады,бұл деңгейді сынып оқушылары толық орындайды, яғни үлгермеуші жоқ екенін осыдан анықтауға болады.
Енді мәтін ұғымының теориясына тоқталайық. Өзінің шығармашылық болмысына сай санасында, қиялында пайда болған идеясын бейнелеу үшін автор көркем тілді пайдаланудың өзіндік жолдарын іздей бастайды. Автордың осы мақсатына орай мәтіннің түрі көп. Мысалы, ғылыми, ресми т.б. мәтіндер. Солардың ішінде сөз қолданысының мәдени-танымдық сипатына сай бізді қызықтыратыны - шығармадағы бейненің сөз арқылы жасалған көркем бейнесі. Бұл арада көркем туынды жасаушы тілдік тұлғаның қызығушылығын тудырған оның шындыққа деген көзқарасынан туындаған өзіндік ғалам бейнесісөз арқылы көркемделінп беріледі. Оны жүзеге асыратын поэтикалық қызмет атқарған сөздің рухы көтеріліп, ол оқырманға әсер етуші құдіретті күшке айналады. Өйткені сөз поэтикалық қызмет атқарғанда өзінің жасырын жатқан, яғни контексте ғана көрінетін әлеуетін ашады.
А.М.Матюшкин дарындылықтың психологиялық құралы адамның шығармашылық қабілеттерінің шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық элементтерге сәйкес келеді дейді. Шығармашылық дарындылық жаңа идеяларды ойлап, оны өмірге әкелу қабілетімен байланысты. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша тұлғаның шығармашылық қабілетінің қызмет етуінде жеке фактордың (интеллектуалдық процестердің эмоционалдылығы, қызығушылықтың бағыттылығы, біркелкілігі, мақсаттылығы, еңбекқорлығы және т.б.) маңызы зор. Бірақ А.М.Матюшкин өз зерттеулеріне сүйене отырып: <<Өкінішке орай, қазіргі заманғы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру тек қарапайым оқушыға бағытталған, ал орта және жоғары білім беру қарапайым оқушы мен маманға бағытталған. Сондықтан біздің таңдаулыларымыз бүгінгі талапты, талантты адамдардан шыққандықтан, болашақ өнерпаздарымызды даярлау жүйесін, бағдарламаларын әзірлеу қажет. Біз бүгінде қоғамымызға осындай дарынды тұлғалар қажет екенін толық білеміз, сондықтан бұл маңызды. Автордың пікірінше, дарындылықтың психологиялық құрылымы адам шығармашылығы мен шығармашылық дамуының негізгі құрылымына сәйкес келеді. Шығармашылық - дарындылық негізін дамыту [2, 65]. Сонда оқушының шығармашылық әлеуеті деп отырғанымыз дарындылығын анықтайтынына көз жеткіземіз. Әдебиет сабағының оқушылардың шығармашылығын шыңдайтыны белгілі, осы орайда кино өнерімен байланыстыра қарасақ деп отырмыз, оның себебі әдебиеттің экранизациясы шығарманың өзінен асып түсетіні бар.
Ойын - кез келген жастағы адамдарды бір арнаға біріктіретін, көңіл-күйді көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - толеранттылықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, қызығушылықты, шеберлікті, дүниетаным өрісінің көлемін, сондай-ақ басқа да көп қырлы қасиеттерді қалыптастыруға үлкен қабілеті бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі. Бұл ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінін арттырып қана қоймай, ерік түрлерін дамытады. Ойынның көптеген түрлері бар. Олардың ішінде бастауыш және орта буын сыныптарында қолданылатын дидактикалық мақсаттарды, ойындарды, логикалық ойындарды және т.б. оқыту процесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға үлкен үлес деп атауға болады, оларға мәселен ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергітетін ойындар, дидактикалық мақсаттағы ойындар секілді түрлерді жатқызамыз. 5-6 жастағы оқушылардың негізгі қызығушығын оятуда ойын әрекеті үлкен маңызға ие болды, сондықтан мұғалім ағылшын тілін үйрену үшін әртүрлі ойларды қолдануы керек. Ойындар мұғалімдерге жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ ағылшын тілін үйрену үшін Сіз тек тақырыпты түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі тапсырмаларды, жаттығуларды орындатуыңыз керек. Ойын арқылы барлық балалар шет тілінде сөйлесе алады және шет тілін тез меңгере алады, ойын барысында оқушылар шаршағанын сезбейді. Ойын түрлерін қолданатын жаңа материалдар оқушының санасында берік сақталып, нақты түсіндіруге және игеруге ықпал етеді. Оқушы үшін ойынның түрі өте әсерлі болуы керек, оны ұсақ-түйекке дейін ойластыру керек. Зерттеуші А.Кулмырзаева [3] ойын арқылы түсіндірген кезде келесі мақсаттарды қою арқылы пайдалану керек деп есептейді: алфавит пен лексиканы меңгеру, қарым-қатынас жасауға үйрету, тілдік материалды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық функциялар мен қабілеттерді дамыту, білім беру. Сондай-ақ ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды оңай және оңай игере аласыз. Ағылшын тілінде басқатырғыштар, сөзжұмбақтар, сканвордтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмеге жиһаз орнату, дүкендерге бару, телефонмен сөйлесу және тағы басқа тақырыптық мәндегі диалогтарды орнату арқылы ойналады. Ойын түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар болады. Ойынды сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифманы алуға болады. Егер жарыс түрінде өткізілсе (өлеңді кім бірінші айтады?), мұғалімдер жарыс кезінде қалай тез жаттап алғанын да байқамайды. Осылайша сабақ тез өтіп, балалардың қызығушылығы артады. Мәселен, мына ойынды алайық: <> ойыны. Мақсаты: түстерді үйрету. Ойынға түрлі - түсті қарандаштар, кемпірқосақтың суреті қажет. Біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды. This is a rainbow деп мұғалім суретті көрсетеді. I can see red colour (суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарындашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It's so beautiful.
Let's draw a rainbow! Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды. Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.
Осылайша, ағылшын тілінің сөздік қорын ойын әрекетінсіз есте сақтау тиімділігі төмен және көп ақыл-ой күшін қажет етеді. Оқу процесіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу процесін жеңілдететінін ескеру маңызды. Мұғалімнің сабақта қойған мақсатына, міндетіне, шарттарына байланысты ойын түрін өзгерту керек. Ойын кез-келген оқу материалын қызықты әрі қызықты етуге, оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, олардың жұмысын қанағаттандыруға және оқу процесін игеруді жеңілдетуге көмектеседі. Сабақ барысында ойынды дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі түрде бағытталады және ұйымдастырылады, бұл мұғалімге сабақтың мақсатына жетуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> журналы.2002ж. № 2.
2. Қазақ өнерінің тарихы. 3томдық. (ХХ ғасырдың екінші жартысы. ІІІ том, 2-кітап). - Алматы: <<Өнер>>, 2009. - 480 бет
3. Кулмырзаева, А.Х. Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі / А.Х.Кулмырзаева. - Текст : непосредственный // Молодой ученый. - 2015. № 7.2 (87.2).с. 50-52. - URL: https://moluch.ru/archive/87/17231/ (дата обращения: 11.04.2024).
Мақалада төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі жөнінде сөз болады.
В статье говорится об эффективности использования игровых элементов на уроке английского языка, учитывая психологические особенности учащихся начальных классов.
The article is about the effectiveness of using game elements at the English lesson taking into account the psychological features of primary schools' students.
К.К.Жусупова
С.Баишев университетінің 1-курс магистранты, Қазақстан, Ақтөбе
zhusupova-1985@inbox.ru
Оқу процесінде төменгі класс оқушыларына ойын элементтерін пайдалану және тілдік құзіреттілік
Тірек сөздер: ойын элементтері, қызығушылық, тұрақты тіркестер, жаңа технология
Кез келген пәнді оқыту әдістемесі логика, педагогика, психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Жаңа технологиялар арқылы тілді оқыту кезіндегі жүргізілетін әдістемелік жұмыстар лингвистикалық негізде іске асырылады. Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме ғылымы жетіліп, байып отырады. Жалпы тілдік курстар лингвистика ғылымына жаңадан енген теориялар және тілдік фактілер арқылы дамиды. Дамыта оқыту технологиясының жүзеге асуына негіз болатын қатысымдық тұлғалардың бірі - тұрақты тіркестер. Тұрақты тіркестер өзіндік қолдану ерекшеліктеріне қарай, ойды жеткізуде, құбылысты суреттеуде, жағдай баяндауда мәтінге ерекше бейнелілік пен әсерлілік әкеледі. Тұрақты тіркестер кез келген халықтың басқа ұлттан өзіндік бітім-болмысын айқындайтындай әр халықтың рухани мәдениетінің дамуына әсер ететін қатысымдық тұлға болып табылады. Дамыта оқытудың жаңа технологиясын шешуге негіз болатын қатысымдық тұлғалардың бірі - сөйлем. Сөйлем - тілдік қатынастың жүзеге асуына тікелей себепкер болатын ең қажетті тұлға. Сөйлем тілдік тұлға ретінде тиянақты ойды білдірсе, қатысымдық тұлға ретінде ойды білдіріп қана қоймай, адамдар арсындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу құралы ретінде қолданылады.
Бастауыш сабақтарындағы ең басты атрибут - мәтін. Кез келген теориялық, грамматикалық ілімді игертуде мәтіннің пайдасы зор. Мәтін - тек утилитарлық қызмет қана атқармайды, сонымен қатар баланың сөйлеу шеберлігін, коммуникативтілігін дамытатын, эстетикалық дағды қалыптастырып, риторикалық қырын дамытатын таптырмас құрал. Соның ішінде қазіргі күні ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Тілдік пәндерде логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы өтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады. Фонетиканы, морфологияны оқытуда компьютерлік мәтіндерді пайдаланудың өз реті болады. Мысалы, 1. Тілдің фонетикасын оқыту барысында сөздегі не сөйлемдегі дауысты, дауыссыз дыбыстар санын ДЭЕМ - да анықтаудың бағдарламасын мәтіндік жүйеден іздеп табады. 2. Сөз құрамында керекті әріпті табу бағдарламасын құр деп тапсырма беруге болады. 3. Мәтінді алдын-ала оқытып, тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін бағалауға болады. Мультимедиялық технология - интерактивті режимде (қарым - қатынас, диалог түрінде ) мәтінді оңтайлы пайдалануға мүмкіншілік жасайтын бағдарлама. Мультимедиялық технологиялар қазіргі кездегі болашағы мол және көп қолданылып жүрген ақпараттық технологиялардың бірі.
Олар бейнелердің коллекциясын, мәтіндер мен мәліметтер базасын дыбыстап, бейнелермен, анимациямен және басқа да визуальды көркемдеу арқылы бере алады. Оның интерактивті интерфейсі және де басқа да механиздері болады. Мысалы: ағылшын тілін оқытуда мультимедиялық оқу құралдарын пайдалануда тілді игеру білім алушы үшін қызықты, тиімді үдеріс болып көрінер және игеру жылдамырақ нәтиже береді. Мультимедиялық технология оқу мәтінін жасаушыға ақпараттар массивін үлкен көлемде беруге мүмкіншілік береді. Сондай ақ мультимедиялық бағдарламар арқылы жасалған оқу материалдарырында тілді игерушіге өзінің мүмкіншілігіне сай логикалық танымына, қабылдау темпіне сәйкес келетін проекторияда - таңдауға мүмкіндік болады. Мультимедия жүйесінің өзі білім, компьютерлік тренинг, бизнес, мәдениет, туризм компьютерлік ойындар, кәсіби сала қызметтерінің мазмұны мен ерекшеліктеріне үлкен өзгерістер әкелді. Мультимедия бүгінгі күні компьютерді тұрмыстық, демалыс, ақпараттық есту, бейнеаппаратуралардың орталығына айналдырып отыр. Компьютер адамдар үшін қарым-қатынас құралы, жаңалық ортасы мен демалыс аясына айналды. Қарапайым дербес компьютерде мультемедиялық құралдар арқылы дыбыс жазуға, бейнеклиптер, кинолар көруге, жаңалықтар мен дыбыстық, мәтіндік күйде танысуға зор мүмкіншіліктер туып отыр.
Компьютерлік оқыту технологиясы дегеніміз кез келген формадағы аудиобейне ақпараттарды (мәтін, графика, анимация және т.б) кіріктіре отырып, пайдаланушының жүйе мен интерактивті диологінің іске асуы. Компьютердің оқу-танымдық қызиет құралы ретіндегі тағы бір жетістігі - оны пайдаланушылардың компьютерлік-телекомуникациялық желілер көмегімен алшақтан оқытуға арналған қарым-қатынасты ұйымдастыруы.Компьютер тұлға аралық жанама қарым-қатынастың әртүрлі формасын іске асырады.
Жаттығу жұмысы дәстүрлі оқыту кезеңінде де, қазіргі технологиялық оқыту кезеңінде де ағылшын тілінен білім берудің негізгі жолдарының бірі болып келеді. Жаттығу тіл сабақтарындағы ең көне, тәжірибеде жиі пайдаланылып жүрген жұмыс түріне жатады. Атақты педагогтар Я.Коменский, Д.Ушинскийлер оған ерекше назар аударған. Олар, әсіресе, жаттығу мәтініне қойылатын талаптарға аса көңіл бөлген. Жаттығу жұмыстары оқушыларының алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын іске асыру мақсатында жүргізіледі. Оның тиімділігін біршама ғалымдардың еңбектері мен іс-тәжрибелері дәлелдейді. Орыс ғалымы, профессор А.Текучев жаттығу жұмыстарының тиімділігіне төмендегіше баға береді: <<Жаттығуды грамматикадан өтілген теориялық материалды түсіндіруді сипаттайтын әдіс деп қарауға болмайды, ол тілден ұйымдастырған сабақтың қажетті бөлімі және айырып қарауға келмейтін тарауы. Егер орыс тілін оқытуда жаттығуды қолданбай білім беретін болса, ол өмірден, тәжрибеден нақтылы тілдік материалдардан қол үзген құрғақ теориялар болып шыққан болар еді>> дейді [1,19]. Ағылшын тілі сабақтарында жаттығу жұмыстары ауызша да, жазбаша да жүргізіліп келеді. Сондықтан да оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілін дамытуда жаттығу жұмыстарының маңызы зор. Қазіргі ағылшын тілі оқулықтарында жаттығу жұмыстарына біршама назар аударылған. Дегенмен, жаттығу мәтіндерінде бірізділік сақталынып, технологиялық оқыту талаптарына негізделінбеген. Ол оқушылардың қабілеті мен дарынын дамытуға, шығармашылық жұмыстарға баулуға, өз бетімен білімді оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге дейін жетелеуге бағытталғаны дұрыс. Бұл мақсаттардан шығу үшін пәнаралық байланысқа жүгінудің тиімділігі зор.
Бір ескертетін мәселе, күтілетін нәтиже тақырыпқа, жаттығу жұмыстарының түрлеріне, сабақ мақсатына сай өзгеріп отырады. Ал жаттығу жұмыстарын жүргізудің инновациялық технологиясынан іздену - басты мақсат. Сабақ өткізу барысында оқушылардың қабілетін арттыру мен дамытуда тиімді әдістер қалыптастыра білу керек. Қосымша әдебиеттер мен жаттығулар орындап, білімді күнделікті толықтыру қажет. Берілген тапсырмаларды орындау мен талдаудың жолдары мен тәсілдерін игеру керек.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек. Міне, өз білімін осылайша толықтырып отыратын мұғалім, оқушысын еш уақытта жалықтырмайды. Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндетті деңгейі, өтілген жаңа сабақты бекітуге және өткен сабақтарды пысықтауға арнап құралады,бұл деңгейді сынып оқушылары толық орындайды, яғни үлгермеуші жоқ екенін осыдан анықтауға болады.
Енді мәтін ұғымының теориясына тоқталайық. Өзінің шығармашылық болмысына сай санасында, қиялында пайда болған идеясын бейнелеу үшін автор көркем тілді пайдаланудың өзіндік жолдарын іздей бастайды. Автордың осы мақсатына орай мәтіннің түрі көп. Мысалы, ғылыми, ресми т.б. мәтіндер. Солардың ішінде сөз қолданысының мәдени-танымдық сипатына сай бізді қызықтыратыны - шығармадағы бейненің сөз арқылы жасалған көркем бейнесі. Бұл арада көркем туынды жасаушы тілдік тұлғаның қызығушылығын тудырған оның шындыққа деген көзқарасынан туындаған өзіндік ғалам бейнесісөз арқылы көркемделінп беріледі. Оны жүзеге асыратын поэтикалық қызмет атқарған сөздің рухы көтеріліп, ол оқырманға әсер етуші құдіретті күшке айналады. Өйткені сөз поэтикалық қызмет атқарғанда өзінің жасырын жатқан, яғни контексте ғана көрінетін әлеуетін ашады.
А.М.Матюшкин дарындылықтың психологиялық құралы адамның шығармашылық қабілеттерінің шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық элементтерге сәйкес келеді дейді. Шығармашылық дарындылық жаңа идеяларды ойлап, оны өмірге әкелу қабілетімен байланысты. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша тұлғаның шығармашылық қабілетінің қызмет етуінде жеке фактордың (интеллектуалдық процестердің эмоционалдылығы, қызығушылықтың бағыттылығы, біркелкілігі, мақсаттылығы, еңбекқорлығы және т.б.) маңызы зор. Бірақ А.М.Матюшкин өз зерттеулеріне сүйене отырып: <<Өкінішке орай, қазіргі заманғы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру тек қарапайым оқушыға бағытталған, ал орта және жоғары білім беру қарапайым оқушы мен маманға бағытталған. Сондықтан біздің таңдаулыларымыз бүгінгі талапты, талантты адамдардан шыққандықтан, болашақ өнерпаздарымызды даярлау жүйесін, бағдарламаларын әзірлеу қажет. Біз бүгінде қоғамымызға осындай дарынды тұлғалар қажет екенін толық білеміз, сондықтан бұл маңызды. Автордың пікірінше, дарындылықтың психологиялық құрылымы адам шығармашылығы мен шығармашылық дамуының негізгі құрылымына сәйкес келеді. Шығармашылық - дарындылық негізін дамыту [2, 65]. Сонда оқушының шығармашылық әлеуеті деп отырғанымыз дарындылығын анықтайтынына көз жеткіземіз. Әдебиет сабағының оқушылардың шығармашылығын шыңдайтыны белгілі, осы орайда кино өнерімен байланыстыра қарасақ деп отырмыз, оның себебі әдебиеттің экранизациясы шығарманың өзінен асып түсетіні бар.
Ойын - кез келген жастағы адамдарды бір арнаға біріктіретін, көңіл-күйді көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - толеранттылықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, қызығушылықты, шеберлікті, дүниетаным өрісінің көлемін, сондай-ақ басқа да көп қырлы қасиеттерді қалыптастыруға үлкен қабілеті бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі. Бұл ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінін арттырып қана қоймай, ерік түрлерін дамытады. Ойынның көптеген түрлері бар. Олардың ішінде бастауыш және орта буын сыныптарында қолданылатын дидактикалық мақсаттарды, ойындарды, логикалық ойындарды және т.б. оқыту процесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға үлкен үлес деп атауға болады, оларға мәселен ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергітетін ойындар, дидактикалық мақсаттағы ойындар секілді түрлерді жатқызамыз. 5-6 жастағы оқушылардың негізгі қызығушығын оятуда ойын әрекеті үлкен маңызға ие болды, сондықтан мұғалім ағылшын тілін үйрену үшін әртүрлі ойларды қолдануы керек. Ойындар мұғалімдерге жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ ағылшын тілін үйрену үшін Сіз тек тақырыпты түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі тапсырмаларды, жаттығуларды орындатуыңыз керек. Ойын арқылы барлық балалар шет тілінде сөйлесе алады және шет тілін тез меңгере алады, ойын барысында оқушылар шаршағанын сезбейді. Ойын түрлерін қолданатын жаңа материалдар оқушының санасында берік сақталып, нақты түсіндіруге және игеруге ықпал етеді. Оқушы үшін ойынның түрі өте әсерлі болуы керек, оны ұсақ-түйекке дейін ойластыру керек. Зерттеуші А.Кулмырзаева [3] ойын арқылы түсіндірген кезде келесі мақсаттарды қою арқылы пайдалану керек деп есептейді: алфавит пен лексиканы меңгеру, қарым-қатынас жасауға үйрету, тілдік материалды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық функциялар мен қабілеттерді дамыту, білім беру. Сондай-ақ ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды оңай және оңай игере аласыз. Ағылшын тілінде басқатырғыштар, сөзжұмбақтар, сканвордтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмеге жиһаз орнату, дүкендерге бару, телефонмен сөйлесу және тағы басқа тақырыптық мәндегі диалогтарды орнату арқылы ойналады. Ойын түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар болады. Ойынды сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифманы алуға болады. Егер жарыс түрінде өткізілсе (өлеңді кім бірінші айтады?), мұғалімдер жарыс кезінде қалай тез жаттап алғанын да байқамайды. Осылайша сабақ тез өтіп, балалардың қызығушылығы артады. Мәселен, мына ойынды алайық: <
Let's draw a rainbow! Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды. Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.
Осылайша, ағылшын тілінің сөздік қорын ойын әрекетінсіз есте сақтау тиімділігі төмен және көп ақыл-ой күшін қажет етеді. Оқу процесіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу процесін жеңілдететінін ескеру маңызды. Мұғалімнің сабақта қойған мақсатына, міндетіне, шарттарына байланысты ойын түрін өзгерту керек. Ойын кез-келген оқу материалын қызықты әрі қызықты етуге, оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, олардың жұмысын қанағаттандыруға және оқу процесін игеруді жеңілдетуге көмектеседі. Сабақ барысында ойынды дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі түрде бағытталады және ұйымдастырылады, бұл мұғалімге сабақтың мақсатына жетуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. <<Қазақ тілі мен әдебиеті>> журналы.2002ж. № 2.
2. Қазақ өнерінің тарихы. 3томдық. (ХХ ғасырдың екінші жартысы. ІІІ том, 2-кітап). - Алматы: <<Өнер>>, 2009. - 480 бет
3. Кулмырзаева, А.Х. Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі / А.Х.Кулмырзаева. - Текст : непосредственный // Молодой ученый. - 2015. № 7.2 (87.2).с. 50-52. - URL: https://moluch.ru/archive/87/17231/ (дата обращения: 11.04.2024).
Мақалада төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі жөнінде сөз болады.
В статье говорится об эффективности использования игровых элементов на уроке английского языка, учитывая психологические особенности учащихся начальных классов.
The article is about the effectiveness of using game elements at the English lesson taking into account the psychological features of primary schools' students.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz