Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бастауыш сыныпта оқыту
Бастауыш сыныптарында қазақ тілі сабағында ойын техналогиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Жоспар
Кіріспе.
Бастауыш сыныптарында қазақ тілі сабағында ойын техналогиясын
қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырудың теориялық негіздері
Ойын техналогиясының түсінігі, жалпы сипаттамасы.
Бастауыш сыныптарында ойын техналогиясының рөлі мен орны.
2. Бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуда ойын техналогиясын қолдану.
2.1. Бастауыш мектептердегі сабақтарда ойын техналогиясын қолданудың талдамасы.
2.2. Бастауыш мектептерде қазақ тілі сабақтарында ойын техналогиясын қолданудың талдамасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында ойын техналогиясын қолдану арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет. Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ойын техналогиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ойын - бұл әлеуметтік тәжірибені жаңғырту мен игеруге бағытталған
шартты жағдайдағы әрекеттің бір түрі. Ойын әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар, олардың ең маңыздысы: қаты- сушылардың белсенділігі, қызықтылық, ұжым- дық бірігу, шығармашылық сипаты, эмоциялық бояулылығы. Ойынның тағы да бір айта кетерлік ерекшелігі - оның екі жақтылығы. Бір жағынан, қатысушы нақты бір әрекет орындайды да, белгілі бір проблеманы шешеді, ал екінші жағы- нан, бұл әрекет шартты түрде жүзеге асады, ойыншы шындық өмірден алшақтайды. Педагог- ғалымдардың пікірінше, дәл осы ерекшелік ойынның дамытушы әсерін арттырып, қатысу- шының жайлы психикасын қалыптастырады,өйткені сәтсіздік болған жағдайда ойынды қайта өткізуге болады. Ойын технологиясы әртүрлі ойын түрлерін қамтиды. Педагогтар оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын ойын түрлерін былайша жіктейді: оқу ойындары, рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, имитациялық ойындар, психотехникалық ойындар, символикалық ойындар. Тіл сабақ- тарында әлдеқайда жиі қолданылатын ойын түрлері - бұл оқу ойындары мен рөлдік ойын-дар.
Педагогтар танымдық ынтаның әртүрлі дең- гейлерін ұсынады. Ең
төменгі деңгей әсер алу қажеттілігі мен әуесқойлықпен, екінші деңгей білуге құмарлықпен байланысты, бұл екеуі де эмоцияға негізделген. Ал үшінші деңгейде та- нымдық қызығушылық әлеуметтік және тұлға- лық маңызы бар танымдық әрекетпен астасып жатады. Ойын әрекеті танымдық ынтаның үш деңгейін де қанағаттандыруға жағдай жасай алады. Ол таң қалу, қуану, масаттану эмоция- ларын тудырады және қажетті ақпараттық жүк- темесі де бар. Осы орайда В.А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, <<Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ>> және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен. Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дəлелдер.
Психолог А.С.Выготский: <<бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-əрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді>> - дейді
Ойын - əрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептерде қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын қолдану арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Зерттеу міндеті:
- қазақ тілін оқытуда ойын технологиясын қолданудың педагогикалық-психалогиялық негіздерін талдау;
- қазақ тілін оқытуда ойын техналогиясын қолданудың теориялық-практикалық негіздерін талдау;
- ойын технологиялары түсінігі, оны қолданудың маңызын түсіндіру;
- бастауыш мектептерде қазақ тілін оқытуда ойын технологияларын қолданудың тиімділігін зерттеу.
Зерттеу пәні:
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі ойын технологиясын қолдану арқылы оқушының қазақ тіліне деген танымдық қызығушылығын арттыруды зерттеу жолдарын талдау
1. Бастауыш сыныптарында қазақ тілі сабағында ойын техналогиясын
қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырудың теориялық негіздері.

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойын анықтамаларына келсек: Ойын -- бұл ішкі құбылысқа, имманентті тұлғаға тән психикалық мінез-құлықтың түрі - дйді Д. Н. Узнадзе.
Ойын -- баланың <<ішкі әлеуметтенуінің>> кеңістігі, әлеуметтік нұсқауларды игеру құралы - деп пікір жазған Л. С. Выготский. А. Н. Леонтьев ойынша: Ойын -- бұл тұлға қиялындағы еркіндік, <<орындалмайтын мүдделерді иллюзорлық іске асыру>> . Ал ойын -- бұл нақты анықталған және болжамды нәтижесі бар бір-бірінің артынан жалғасатын жасырын қосымша трансакциялар сериясы деген Э. Берн. Г. К. Селевконың айтуынша Ойын -- бұл өзін-өзі басқарудағы мінез-құлықты дамытатын және жетілдіретін, әлеуметтік тәжірибені қалпына келтіруге және игеруге бағытталған ахуал шарттарындағы қызмет түрі.
Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында біледі.
Ойын технологиясы мектепке дейінгі жаста кеңінен қолданылады. Өйткені осы кезеңдегі жаста ойын жетекші әрекет болып табылады. Бала рөлдік ойынды үш жасында игереді, адами қарым-қатынастармен танысады, құбылыстардың сыртқы және ішкі жақтарын ажырата бастайды, алаңдаушылық пайда болып, қоршаған ортаға бағдарлану басталады. Бала санасында қиялдау және символдық көріністер қалыптасып, бұл оған кейбір заттардың қасиеттерін басқаларына ауыстыруға мүмкіндік береді, өз сезімдерінде бағдар пайда болады және баланың ұжымдық іс-әрекетке және қарым-қатынасқа қатысуына мүмкіндік беретін мәдени көрініс дағдылары пайда бола бастайды. <<Ойын педагогикалық технологиялары>> ұғымы әртүрлі педагогикалық ойындар түрінде педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің кең тобын қамтиды. Жалпы педагогикалық ойынның қарапайым ойындардан айырмашылығы және маңызды ерекшелігіне оқытудың нақты мақсаты мен педагогикалық нәтижелерін негіздеуге, айқын көрсетуге және танымдық бағдарларын сипаттауын жатқызамыз. Сабақтың ойын формасы балаларды оқу іс-әрекетіне ынталандыру құралы ретінде әрекет ететін ойын мотивациясымен жасалады. Сабақтарда ойын әдістері мен жағдайларын жүзеге асыру келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: дидактикалық мақсат балаларға ойын тапсырмасы түрінде қойылады; оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады; оқу материалы оның құралы ретінде қолданылады; оқу іс-әрекетіне дидактикалық тапсырманы ойынға аударатын сайыс элементі енгізіледі; дидактикалық тапсырманы сәтті орындау ойын нәтижесімен байланысты.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. Ойынсыз ақыл- ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады.
Ойындар -- тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түсеміз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаға қазақ тілін оқытудың тиімді әдістеріне көп көңіл бөлген жөн. Қазақ тілі сабағында ойынды ұтымды пайдалансақ оқу процесі жанданып, сабақтың сапасы артады. Баланың сөздік қоры молайып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға жетіле түседі. Жылдам сөйлеуді үйренеді. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек.
А. С Макаренко <<Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады>>, - деген. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты.Ол алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық.
Мектепке дейінгі және мектептен тыс оқу мекемелерінде ойын - оқыту әдісі ретінде халық педагогикасында кеңінен қолданады. Ойын түрлері оқушының ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.
Қазіргі мектептерде ойын - қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады.
Жеке технология ретінде ;
Оқу пәнінің бөлімін ,тақырыбын ұғып меңгеру үшін;
Кең көлемді технология бөлігі ретінде ;
Сабақ ретінде ,не болмаса оның кезеңдері / кіріспе ,түсіндіру ,бекіту, жаттығу орындау,бақылау/;
Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы.
Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтпрға бөлінеді:
оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау;
таным,тәрбие,даму:
еске алу,өнімділік,шығармашылық;
коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау және т.б.
Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы құрылып, оқушылардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады.
Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді.Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды:затпен және затсыз ойындар үстел үстінде,көшеде ,бөлмеде ,компьютерде ,оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен. Әp oйын әp-түpлi мақсaттapдaн, тaлaптapдaн тұpaды. Ocығaн opaй тапсырмалар әр түрлі түрлерде беріледі:үлгілер түрінде сурет-сызба, жазбаша немесе ауызша нұсқаулар және т.б.,сонымен оларды түрлі мәлімет беру әдістерімен таныстырады.
Ойынның негізгі құрлымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойының мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процессінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлық мен өзара қарым-қатынасын анықтайды.
С.А.Шмаковтың ойынша ойындардың өздеріне мынандай 4 басты қырлары болады:1.Еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесімен немесе іс-әрекеттілік процессінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады. 2.Шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық <<жолы>>).
3.Эмоционалды көтеріңкілік, қарсыластық, конкуренттілік және т.б.(ойынның табиғи сезімділігі <<эмоционалдық кернеулік>>).
4.Түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
М.Валиеваның құрастыруы бойынша:
Дайындық кезеңі;Ойынды дайындау:Сценариін дайындау;Жоспар құру;Жалпы сипаттау;Мазмұнын меңгеру;Материалмен қамтамасыз ету.
Ойынға кіріспе:Проблемалық мақсат қою;Шарттарын білу;Топ құру;Рөлдерді бөлісу;Регламент белгілеу;Жалпы түсінік беру;Тиісті консультация беру.
Ойынды жүргізу кезеңі:
1.Топтық жұмыс:Әдебиеттермен жұмыс;Тренинг; Ойлану.
Ойыншылармен жұмыс:
2.Топ аралық жұмыс, пікірталас;Топтардың жұмысты баяндауы;Нәтижені қорғау; Пікірталас туғыз;Талдау және қорытындылау кезеңі;Ойынға қорытынды жасау;Талдау, рефлексия;Баға және өзіндік баға;
Қорытындылау, жинақтау;Ұсыныстар беру.
Ойын технологиясының мақсаты:
1.Дидактикалық :
Ой-өрісін кеңейту, танымдық қабілеттерін, білімдерін қолдану, еңбек
іс-әрекеттерін дамыту.
2.Тәрбиелік :
Өздігінен жұмыс жасау, ерік,адамгершілік қасиеттерін дамыту .
3.Дамытушылық :
Есте сақтау, ойлау, салыстыру, қиялдау, дұрыс шешім қабылдау.
4.Әлеуметтендіру:
Психотерапия,стресті бақылау,қарым-қатынасқа үйрену.
Ойын технологиясының функциялары:
Баланың ойын үстінде өзін-өзі көрсете білуі.
Баланың кез келген адаммен тіл табыса алады.
Осыған орай тәрбиешінің мақсаты:
Нақты бала жасының мүмкіндіктерін дамытуға талпыну.
Алдынғы жастағы балалардың жетістіктеріне сүйену.
Баланың деңгейін ескере отырып,оқу-іс әрекетін дамыту.
Ойын түрінде өтетін сабақ арнайы ережелерге сүйенеді.

Оқу процесінде ойын технологиясының орны мен рөлі, ойын мен оқу элементтерінің үйлесуі көбінесе ұстаздың педагогикалық ойындар қызметі және жіктелуін түсінуіне байланысты. Педагогикалық процестің сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: оқыту, жаттығу, бақылау және жалпылау; танымдық, тәрбиелік, дамытушылық; репродуктивті, өнімді, шығармашылық; коммуникативті, диагностикалық, психотехникалық және т. б. Ойын технологиясының мақсатына бірқатар мәселелерді шешу жатады: дидактикалық (ой-өрісін кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-әрекетте қажетті белгілі бір икемдер мен дағдыларды қалыптастыру және т. б.); дамыту (зейін, есте сақтау, сөйлеу, ойлау, елестету, қиялдау, шығармашылық идеяларды дамыту, заңдылықтарды құру икемділігі, оңтайлы шешімдерді табу және т. б.); тәрбиелеу (дербестікке, ерік-жігерге тәрбиелеу, адамгершілік, эстетикалық және дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру, ынтымақтастық, ұжымшылдық, әдептілікке тәрбиелеу және т. б.); әлеуметтендіру (қоғамның нормалары мен құндылықтарына тарту; қоршаған орта жағдайларына бейімделу және т. б.)
Қазіргі әлемдік ауқымдағы қайта құрулар жедел ақпараттандыру білім саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім сапасын арттыру қажеттілігін туындайтыны анық. XXI - ғасыр білім ғасыры, тұлғаның ой-өрісінің даму тенденциясын заман талабына дамыту әрбір ұстаздың міндеті.
Ойын технологияның маңызы ерекше болғандықтан оқушының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру олардың субъект ретіндегі дамуының алғы шартының бірі. Бүгінгі күні ойын технологиясының кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді бастауыш мектептерде ойын техналогиясы арқылы жүргізілуде. Ойын технологиясы арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ойын технологиялары бастауыш мектеп білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам.

Қорыта келе айтарым, білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру - оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі - сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: <<Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!>>. Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бастауыш мектеп, №3, 2003, А.Әбішева <<Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері>>,
Қазақ тілі (дидактикалық материалдар) Алматы кітап 2010ж.
Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы,2010ж.
Тунгатова, Н. А. Ойын технологиясының педагогикалық түсініктері / Н. А. Тунгатова. -- Текст : непосредственный // Молодой ученый. -- 2021. -- № 5.1 (347.1). -- С. 12-13. -- URL: https://moluch.ru/archive/347/78384/ (дата обращения: 29.04.2024).

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz