Қазақ тілі сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдер: белсенді оқыту және сандық технологиялар

Мақсаты:
- тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тілдерін дамыту
- мұғалімдер үшін сабақ жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану; педагогикалық шеберлігін жетілдіру;
- мұғалімге көмекші құрал ретінде әдіс-тәсілдердің қолжетімді болуы;
1 топ: «Көкпар» сөзіне класстер жасайды.
2 топ : «Бәйге» сөзіне бес жолды өлең құрастырады.
3 топ: «Бәйге» және «Қыз қуу» ойындарына Венн диаграммасын толтырады.
4 топ: Мектепте қандай ұлттық ойындар өткізіледі? деген сұраққа жауап береді.
5 топ. Берілген сөздерге сәйкестендіру жасайды.
«Асық ату» -
«Көкпар» -
«Қыз қуу» -
«Бәйге» -
«Сауал доп» әдісінде мұғалім өткен материалды бекітуде қолдануға болады. Сұрақтарды, терминдерді, өткен жаңа сөздерді алдын-ала дайындап, түсті қағазға шығарып, допқа скотчпен жабыстырады. Оқушылар сол сөздің мағынасын зерттейтін немесе сол сөзді түсіндіретін болады немесе бір сөздермен сәйкестендіретін болады. Мысалы, ұлттық тағамдар тақырыбын алсақ, мұғалім бір топ мүшесіне допты береді. Доптан таңдаған сөзіне мағынасын, құрамын, жасалау жолын, өз ойын айтады. Солай доп барлық топтарды аралап шығады.
Ұлттық тағамдар: бесбармақ, наурыз көже, бауырсақ, қоспа, құрт, ірімшік
Мәтіндегі ең құнды ойды анықтауды мақсат етіп, жеңілден күрделіге көшу сипатында белсенді оқу дағдыларымен «Маңыздылы қаймағы» әдісі іске асады. Бұл әдістің тиімділігі- оқиға мәтінін шолып оқуға, ой елегінен өткізуге болады. Шеңберді толтыру барысында оқушылар ұсыныстар айта отырып, жаңа, тың идеялар қосады. Өзіндік пікір қалыптастыруда «Пікір сызығы» әдісінің маңызы зор. Бұл әдіс арқылы оқушылар тың мәліметтермен танысып, бір- бірімен қарым- қатынас орнатады, ойларын өмірмен байланыстырып түйіндейді.Сонымен қатар, сабақ барысында жаңа тақырыпты өту кезеңінде, рефлексия, бекіту кезеңінде Ватсап QR код мүмкіндігін қолданып келемін.
Ол үшін: