7-сыныпта Қысым тақырыбын оқытуда педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибесі


«БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Арыстанов Ерлан Умбеткалиевич

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ физика пәні мұғалімі.

Педогог-зерттеуші

Бүгінгі күні қоғам білім беру жүйесінен әлемдегі болып жатқан өзгерістерге сай болуды талап етіп отыр. Білім беру жүйесіндегі негізгі тұлға педагог, сондықтан балаларға білім беруде сапалы білім беру міндеті мұғалімге жүктеледі. Мұғалім оқыту әдістемесіне жаңалықтарды енгізіп, шығармашылықпен айналысып, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруы керек. Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан бүгінгі күннің қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының басты міндеті - сапалы білім беруге қол жеткізіп, тұлғаны қоғамдағы өзекті қажеттілігіне сәйкестендіру.

« Педагогикалық технология - қоғамның қазiргi таңдағы бiлiм беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын жүзеге асыру үшiн оқыту мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi», - деп тұжырымдаймыз.

“Технология” - гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos - оқу сөздерiнен шыққан. Технологияға В. Дальдың сөздiгiнде: “белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс”

Педагогикалық технологияның міндеттері:

  • педагогикалық технологиялардың мәнін ашу
  • оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;
  • мінез - құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;

Зерттеу бөлімі.

Білім берудегі физика пәнінің қазіргі қоғамдағы рөлі көзге айтарлықтай көрініп тұрады. Мәселенің бәрі мынаған келіп тіреледі: «Физиканы қалай оқыту керек және оқу процесінде нені басты назарға ұстауға тиіспіз?». Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыратын жаңа әдіс тәсілдегі сабақ қандай болмақ?

Сабақ - оқушы мен мұғалім арасындағы білім алуға негізделген үрдіс. Мұғалімді оқушыға тек қана білім беру ғана емес, сонымен қатар, әрбір оқушының бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары туралы ізденістер толғандыруы қажет. Осы мақсатты алға қойып, мұғалім оқытуда сабақтың әр бөліміне ерекше зейін қойып жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу күнделікті дағды болып қалыптасу керек. Осы бағытта сіздермен өз тәжірибемнен 7 сыныпта «Қысым» тақырыбына ҚМЖ құрастырудағы іс тәжірибеммен бөлісіп отырмын.

Практикалық қолдану.

Бөлім:
7. 3 А Қысым
Бөлім:: Сабақтың тақырыбы:
7. 3 А Қысым: Қатты денелердегі қысым
Қатыспағандар саны: 0
Бөлім:: Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
7. 3 А Қысым:

7. 3. 1. 2 Қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;

7. 3. 1. 3 Есептер шығаруда қысымның формуласын қолдану;

Бөлім:: Сабақтың мақсаты
7. 3 А Қысым:

Барлық оқушылар істей алады: - белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алады;

Көптеген оқуышылар істей алады: - алған білімдерін есеп шығаруда қолдана біледі;

Кейбір оқушылар істей алады: - белгілі бір бетке түсетін қысымды күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді;

Сабақ барысында алдымен ұйымдастыру бөліміне ерекше көңіл бөлу қажет.

1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1. 3. Алдыңғы білім. Миға шабуыл әдісі қолданылады.
1. 4. Топқа бөлу. Қағаз қиындылары әдісі арқылы топқа бөлу (Қысым, Күш, Аудан) Үш топ

Алдыңғы білімді тексеру.

Жаңа тақырыпты игеру
Тапсырма -1 Психологиялық ахуал туғызу.

Оқушыларға алдарындағы оқулықты алып көрші сыныптасының алақандарына әр түрлі жағдайларда қойып бірдей күш түсіргенде не байқайтынын сұрау, қорытынды шығару.

hello_html_m62f0d0bc.png

Қорытынды жасауға бағытталған сұрақтар:

не байқадыңыздар?

көршіңнің алақаны қай кезде ауырды?

не себепті?

оқулық

Бұл жерде тапсырма қарапайым оқулықпен жасалынады, барлығына қол жетімді құрал ретінде. Сонымен қатар осы тапсырма арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылады. Соңынан анықтамасын беру үшін келесі әдісті қолданамыз. .

Анықтама, ережені ашу.

«Мюнстенберг» әдісі

.

1 минут ішінде ережені оқыған баланы анықтау, зейіндерін анықтау мадақтау

«Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. » Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасы.

Жаңа білім. «Джиксо » әдісі (G) Әр оқушы тақырыпты өз беттерінше оқып, мағынасын ашады, талдайды, бір - біріне түсіндіреді, постер құрады.

Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

https://lh4.googleusercontent.com/aJrE4DveQHdj-KwO3CiLOr0oyKdOPNNulIUlaYE_MhZ5bVqmVYhgigLfir1nrea-Ayg7TeFR7qQyVrOjzyKO2fIQrNDjt6alizqLAcA2V6xlgdP26Vrv2qTjpwvGADhdPeLAN-YVgqnOCAynxw https://lh3.googleusercontent.com/Sd6QuSwmohvhOIKvxGJXG3tNSCqXyEsCmjfzgqBaWep1vhLu6Eh0SKeaUWoXXEOAJLgM_t5WDMcCfBiRLzVyNcrwDchFj1dYrZgVzcwqh5rV99VqfXAzSLhPYu-Vg1mQq6xHmlQehZ1xO-bbVg

р-қысым,

Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S-күш түсетін беттің ауданы.

https://lh6.googleusercontent.com/9vtQcoRtvVabh4Y3QYISU084PQfr73JE1E0kPKOJ4Evn4MJBICr-yFT-QNQf0wrFomjS-8r5BypKVYjslHJ46oDH_tlKJob7za-9PN-uBOAVl8LgrREb1q6NS3TMxIt0ecR_-FO7J72pjb70NA https://lh5.googleusercontent.com/x2oBoRKUoMALBHYSURn1B-N8vlaw5qUcObaQoLvYRAJafvPr1IL1FfWJPY39tYYzIR1F7w7Skmj0MdxKQ4y49T44yTKlkIc8se0oHvx9fflJl4b4cR4APlkP7DtBcfcCCyE1ON5QN_K8cp1jGA ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. https://lh5.googleusercontent.com/4RbcRu6DS6BWmNkkVnj-nhBzrEgzd0G3KcgrTpngIGsCzx1kqxHXiMP5unkvaeTDCaOL-Q_7MoUsLmGgEj8grRObu-6_fqEbZtgC71mVHFtKfgasOgitRQZL5Fu-4I6YYVBjvOsQlnajcadkvQ

гПа=100 Па=10 2 Па

кПа=1000 Па=10 3 Па

МПа=1 Па=10 6 Па

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды бір бағытта ғана жеткізеді.

Бір айта кететін жағдай осы жерге, яғни сабақтың соңына қалдырмай үй тапсырмасын беру маңызды.

Бекіту. І) . Бекітуге үш топқа тақырыпқа байланысты суреттер беріледі. Суреттегі тапсырмалар оқушылардың күнделікті өмірімен байланысты болғаны дұрыс деп санаймын.

1) . http://bilim-all.kz/uploads/images/2018/02/07/original/7f592e8dde1bb5da61ed62ee4b7b7763.png 2) . http://bilim-all.kz/uploads/images/2018/02/07/original/81868c26819a326fe09e9638c0e3c8c8.png 3) . http://bilim-all.kz/uploads/images/2018/02/07/original/1bbdf445c73ec679ffa24c930d135dfe.png

ІІ) . Деңгейлік есептер шығару. Қысым формуласын есептер шығаруда қолданады

Кері байланыс. Не түсіндім? Не ұнады? Не қиын болды? Қысымның физикалық мағынасын түсінеді және өзгерту әдістерін сипаттайды;

Рефлекция


Ұқсас жұмыстар
Физика сабағында қысым тақырыбын оқытуда халық педагогикасы элементтері мен жаңа технологияларды қолданудың әдістемесі
Физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық және мультимедиалық технологияларды қолдану тәжірибесі
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану
Информатика пәнін оқытуда инновациялық ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақстан тарихы пәнін оқытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану: мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал
Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың №13 жалпы білім беретін мектебіндегі тәжірибесі
Информатика пәні сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесі
Тарих пәнін оқытуда электронды оқулықтар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану әдістемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында педагогикалық технологияларды қолдану
№3 жалпы білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz