Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОЙЫН - ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОЙЫН-ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУ
Аңдатпа: Мақалада білім негізі бастауышта қаланатынын негіздеп, бастауыш сыныптағы әр түрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілеттерін жетілдіруге сеп болатыны, сондықтан баланың сол бастауыш сыныптағы әр пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек екендігі айтылған. Сонымен қатар <<ойын>> терминінің түрлі анықтамалары ашылып жазылған. Ойынның мақсаты мен басқа да тиімді, пайдалы жақтары айтылған. Баларды тәрбиелеуде ойынның тиімді және нәтижелі екені ғалым сөздерімен дәлелденген. Ойынға қойылатын талаптап ашып, сараланып жазылған. Ойын әдісінің оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыратын болғандықтан, мақала бастауыш сынып мұғалімдері үшін пайдалы.
Кілттік сөздер: бастауыш сынып, <<ойын>> технологиясы, оқушы, пәнге қызығушылық, ынтасын арттыру, ойын.
<<Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ>> десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Қазіргі оқу үдерісін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмей, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдерін үйрету, талдау жасау, салыстыру, байқау мүмкіндіктеріне баулу және қорытынды шығаруға үйрету, дағдыландыру - біздің басты мақсатымыз. Ол үшін алдымен оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек. Сондықтан бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - <<Ойын арқылы оқыту>> технологиясы. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның рөлі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі [1]. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Мақсаты - Ойын арқылы оқушылардың білім-білік, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:
Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.
Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады
Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адамды балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті - оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгі ғасыр, ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. А. С Макаренко <<Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады>>. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап - ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді. Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықылыстана әрі сапалы орындайтын болады.Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Олай болса, ойындардың балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өткен жөн. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Ойын түрлері: ұлттық, дидактикалық, грамматикалық, логикалық [2]. <<Ақсүйек>>, <<Көкпар>>, <<Ханталапай>>, <<Арқан тартыс>>, <<Мың бір мақал>>, <<Сергіту сәті>>, <<Сөз құрау>>, <<Жұмбақ есеп>>, <<Әріпті кубиктер>>.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. <<Ұлттық қазақ ойындары: <<Қыз қуу>>, <<Орамал тастау, <<Асықтар>>, <<Бәйге>> ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойындарды сабақ барысында көп қолдану керек. Сонда баланың сол пәнге деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып баланың тіл байлығын да байытуға балады.
Мысалы: <<Қуыршаққа қонаққа бару>>,<<Қуршақты киіндіреміз>> деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: <<Телефон>> ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында саралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Қимыл ойындары - балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым - қатынасын, баланың мінез - құлқын белгілейді.Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы <<Дүкен>> ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. <<Шаштараз>>, <<Отбасы>> ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады. Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: <<Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық>>- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында жиі қолдануға болады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану. Ойын түрлері оқушының ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.
Ойынсыз ақыл- ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады.
Ойындар -- тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түсеміз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаға қазақ тілін оқытудың тиімді әдістеріне көп көңіл бөлген жөн. Қазақ тілі сабағында ойынды ұтымды пайдалансақ оқу процесі жанданып, сабақтың сапасы артады [3]. Баланың сөздік қоры молайып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға жетіле түседі. Жылдам сөйлеуді үйренеді. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған[4]. Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысалы <<Сауат ашу>> оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. <<Ұйқасын тап>>, <<Сиқырлы қоржын>>, <<Анаграмма>>, <<Тауып ал>>, <<Логикалық ойындар>> т.б. ойындар. Ал математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар <<Құрастыру>>, <<Бөлігін тап>>, <<Көршісін тап>>, <<Ойлан тап>> <<Санамақ>>. Тіл дамыту сабағында жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Бұл ойын балаларды өздігінен ойлауға үйретеді, дерексіз ойлаудан нақты ойлауға жетелейді. Сабақ күрделене түскен сайын оқушының ой өрісі де өсе түседі. Осыған сәйкес ойын түрін де өзгертіп отыру керек. Кейбір оқушылардың Р, Л, С,Ш дыбыстарына тілі келіңкіремейді. Бұл мақсатта халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Мысалы: Жаңылтпаштар тілді дамытуға, сөзді таза сөйлеуге үйретеді. Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін .Сюжетті - рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындықты көрсету болып табылады.
Мысалы <<Дүкен>> ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал <<Мектеп>> болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. <<Отбасы>> ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Дидиктикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.Сабақтың ортасында - көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуда бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта-ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі - сергіту сәті. Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: <<Ұзын құлақ сұр қоян>>, <<Тербеледі ағаштар>>, <<Сырғанақ тебу>>, <<Алып атам күрегін>> т.б. сергіту ойындары. Мұндай сергіту сәттері баланың мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.Қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да, мақсаты біреу - ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру. <<Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің>> деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді, ойнай отырып білім көрсеткішіне өз үлесін қосады.
Қорыта келсек, ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді. Оқу үдерісінің жаңаруына қажетті шарт кез келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл әр ұстаздық шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі - сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: <<Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!>>. Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы 2010ж
2. А.Әбішева <<Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері>>//Бастауыш мектеп, №3, 2003ж
3. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар). Алматы кітап, 2010ж.
4. Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы, 2010ж.
Резюме: В статье обосновывается, что основы знаний закладываются в начальной школе, различные предметы в начальной школе призваны развивать знания учащихся, совершенствовать познавательные способности, поэтому необходимо повысить интерес и мотивацию ребенка к каждому предмету в этой начальной школе. Также раскрываются различные определения термина "игра". Озвучена цель игры и другие действенные, полезные моменты. Результативность и результативность игры в воспитании детей доказана словами ученого. - Я не знаю, - ответил я. - я не знаю, что это такое. Поскольку игровой метод повышает интерес, мотивацию учащихся к предмету, статья полезна для учителей начальных классов.
Ключевые слова: начальный класс, Технология "игры", учащийся, интерес к предмету, повышение мотивации, игра.
Summary: the article substantiates that the basis of knowledge is laid in elementary school, and it is noted that different subjects in Primary School contribute to the development of students ' knowledge and improve their cognitive abilities, so the child should be interested and motivated in each subject in the same primary school. At the same time, various definitions of the term" game " are revealed. The goal and other effective, useful aspects of the game are stated. It is proved by the words of the scientist that the game is effective and effective in raising children. The requirements for the game are disclosed and differentiated. Since the game method increases the interest and motivation of students in the subject, the article is useful for primary school teachers.
Key words: Elementary School," Game " Technology, student, interest in the subject, increasing motivation, game.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz