Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың бойында отансүйгіштік - патриоттық сезімдерін тәрбиелеу

<<Азовое орта мектебі>> КММ

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: <<Тәуелсіздік жетістіктері>>
Жауапты: Зарқым А.Қ

2023-2024 ж

Тақырыбы: <<Тәуелсіздік жетістіктері>>
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Оқушылардың бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: АКТ құралдары, презентация, видеожазбалар
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 33
Сабақтың мақсаты: Оқушыға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, тәуелсіз Қазақстанның 33 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Оқушылардың бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
<<Тәуелсіздік жетістіктері>> атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады. Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміз - XV ғасырдағы қазақ хандығының жалғасы. Мемлекетіміздің, халқымыздың терең, ежелгі тарихы бар. Қазақстан - қазақ ата-бабаларынан қалған халқымыздың тарихи ата-мекені.
Тәуелсіздік жетістіктері:
1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Ал <<Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады>> деген сөз ақиқат болмай шықты. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашқан, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов айтты. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.
1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Осы жылы мемлекеттік рәміздер -- Әнұран, Елтаңба және Туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев <<Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы>>, <<Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы>>, <<Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы>> заңға қол қойды.
1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.
1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы баспалдағын қалады.
1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. Осы жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін Алматыдан Ақмолаға шығарып салу рәсімі өтті. Сондай-ақ, 3 желтоқсанда Премьер-Министрдің кеңсесі Ақмолаға көшті.
1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді. Сондай-ақ осы жылы елімізде зейнетақы реформасы басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын әйелдер үшін 58 және ерлер үшін 63 жасқа дейін ұзартты.
2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы көптеген ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.
2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Сонымен қатар осы жылы киелі Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.
2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайы өтті. Тарих жүзінде бұған дейін дәстүрлі үш бағыттағы дін басшыларының бір жерде бас қоспағанын ескерсек, бұл Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі саналары анық.
2004 жылы 24 желтоқсанда <<Ақорда>> резиденциясыны ашылды. Ғимараттың жалпы ауданы 36 720 шаршы метр. Сонымен қатар осы жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонат бар.
2005 жылдың желтоқсанында Конституция шеңберінде Президенттік сайлау өтіп, ел өзінің басшысын таңдады. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев қатысушылардың 91 пайыз дауысын алып, ел сеніміне ие болды.
2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды. Әнұран негізіне Ж.Нәжімеденовтің сөзіне жазылған композитор Ш.Қалдаяқовтың <<Менің Қазақстаным>> әні алынды. Қолданыстағы Әнұран мәтініне Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың енгізген өзгерістерін Парламент қабылдады. Әнұранның заңды авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев;
2007 жылы Қазақстан халқы үшін аса маңызды <<Мәдени мұра>> бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік бюджеттен аталған бағдарламаны жүйелендіруге, сақтап және дамытуға 4 миллиард теңге бөлінді. Алғашқы кезеңге 2,7 миллиард теңге, соңғысына 5 миллиардтан аса бөлінді.
2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана күні тарихқа енді. Сонымен қатар елордадағы <<Қазақ елі>> монументі ашылды.
2009 жылы Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтті. Ел тәуелсіздік алғалы бері екінші рет өткізіліп отырған ұлттық халық санағы Қазақстан тұрғындарының саны 16 миллион 4 800 адам болғандығын көрсетті.
2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді.
2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі -- алтын, 21-і -- күміс және 18-і -- қола.
2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік көрме өткізу құқығына ие болды. Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.
2013 жыл Тұңғыш Президент жариялаған <<2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты>> атты Жолдау бойынша жұмыстардың қолға алынуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтті.
2014 жылдың тамыз айында үкіметте қайта құру жұмыстары өтті: 17 министрлік пен 9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және шамамен 30 комитет құрылды. Қаржы полициясының қызметі мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілді. Бұдан өзге энергетика, мәдениет және спорт, инвестициялар және даму, ұлттық экономика министрліктері құрылды.
2015 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның өз алдына егеменді ел болып жарияланғанына 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды.
2017 жылы Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.
2019 жыл Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.
II.Видеожазба: <<Қазақстан тәуелсіздігіне 33 жыл. 1991-2021 ж>>
III. Танымдық ойын - викторина
IV. Қорытынды

Қорытынды

2-сынып оқушыларымен Тәуелсіздік жетістіктері тақырыбына сынып сағат өткізілді. Күн суық болуына байланысты. Сабақ онлайн ретінде өткізілді. Оқушыларға түсінікті болу үшін слайд арқылы және көптеген суреттер арқылы тапсырмалар берілді.Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, тәуелсіз Қазақстанның 33 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Оқушылардың бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ!

2 тоқсан, Қазақ тілі. пән бойынша БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау

Сынып: 2-а

Оқушылар саны: 11

Мұғалім: Зарқым А. Қ.

Мақсат:

Есеп: БЖБ және ТЖБ нәтижелерінің талдауы

Пән
Оқушы
Максималды балл
Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны
Сапа %
Үлгерім %

төмен
орта
жоғары

0 - 39 %
40 - 84 %
85 - 100 %

Оқушылар саны

БЖБ 3
11
10
0
3
8
91
100
БЖБ 4
11
10
0
6
5
91
100
ТЖБ
11
15
0
7
4
82
100

Қол жеткізілген мақсаттар
Қиындық тудырған мақсаттар
БЖБ 3

БЖБ 4

ТЖБ

1. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау білім алушылардың мынадай білім деңгейін көрсетті:

Төмен (Н): 0-39%
Орта (С): 40-84%
Жоғары (В): 85-100%
БЖБ 3
-
Башай Нұрислам, Ургереев Диас, Саулетхан Осман
Бекің Әли, Құрманжанұлы Ералы, Озат Айым, Сайланбек Әдем ай, Саулетхан Омар, Сержанқызы Каусар, Серікбол Ерсұлтан, Қарубек Ақбота
БЖБ 4
-
Бекің Әли, Ургереев Диас, Озат Айым, Сайланбек Әдем ай, Саулетхан Омар, Саулетхан Осман
Башай Нұрислам, Құрманжанұлы Ералы, Сержанқызы Каусар, Серікбол Ерсұлтан, Қарубек Ақбота
ТЖБ
-
Башай Нұрислам, Бекің Әли, Ургереев Диас, Озат Айым, Саулетхан Омар, Саулетхан Осман, Қарубек Ақбота
Құрманжанұлы Ералы, Сайланбек Әдем ай, Сержанқызы Каусар, Серікбол Ерсұлтан

2. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі:

3. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтардың себептері:

4. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша жоспарланған жұмыс (қажет болған жағдайда білім алушылардың ТАӘ көрсетумен)

Топтағы: 03.01.2024

Педагогтің Т.А.Ә.(болған жағдайда): Алтынай Қамбарқызы Зарқым

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие берудің маңызы
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. дипломдық жұмыс
Қазақ Совет энциклопедиясы
Оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтарын қалыптастыру
Азаматтық мақтаныш сезімін қалыптастыру
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу
Егеменді қазақ елі
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ
Астана өлеңін оқу
Пәндер