Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жасырылған сөзді тап

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары.
Орыс тілінде оқытатын мектептерде оқушының ауызекі тілін дамыту ұғымына - қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгерту және орфографиялық нормасын қалыптастыру енеді. Қазақ тілінің күрделі және көлемді грамматикалық тақырыптарын саналы түрде меңгеру үшін балалардың қызығушылығы үнемі жоғары деңгейде болу керек. Бұл қызығушылықты қалыптастыру және одан әрі дамыту үшін мұғалім сабағын қалай жоспарлау керек? <<Сабақта қандай әдіс-тәсілдер тиімдірек болады?>> деген сауалды уақыттың өзі туғызып отыр.
Біздің ойымызша, қазақ тілімен қатар орыс тіліндегі де күрделі тақырыптардың бірі - <<Етістік>>. Балалар етістіктің түрлерімен 6-шы сыныпта таныса бастағанда, оның тұйық, негізгі, туынды формаларын түсіну қиындық туғызды. Ал 7-ші сынып бағдарламасында <<Етістік>> тақырыбы толығымен қамтылған. Бұл көлемді тақырыптың ішіне:
:: етістіктің болымды және болымсыз түрлері
:: шақтары
:: райлары
:: есімше
:: көсемше
:: етіс түрлері кірген.
Етіс сөздер барлық сөйлемнің негізі болады, сондықтан оқушылар бұл тақырыпты жетік меңгере алмаса, ойларын ауызша да, жазбаша да жеткізу қиындық тудырады. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі - өзіндік көзқарасын айта білетін, сын тұрғысынан ойлай алатын және белсенді әрекет ететін жас ұрпақты тәрбиелеу. Жеке тұлғаның мұндай қасиеттерімен қоса, басқа адамның пікірін сыйлауға, шыдамдылыққа, пікір алмасу кезінде өзгені тыңдай білуге, әдепті сөйлеуге бағыттайды. Бұл мақсаттарға жету үшін біз күнделікті сабақтарымызда сын тұрғысынан ойлау технологиясының бірнеше стратегиясын, деңгейлеп оқытудың тәсілдерін, ойын және ақпараттық технологияларын қолданамыз. Аталған әдіс-тәсілдер әсіресе топтық, жұптық жұмыста нәтижелі болады.
Осы мақаламызда біз оқырмандардың назарына іс-тәжірибемізден <<Етістік>> тақырыбына арналған сабақ жоспарын ұсынамыз. Бұл жерде алдын-ала өткізілген жұмыс түрлерін атап өткен жөн.
Алдымен, 7-ші сынып оқушыларына ауызекі сөйлеуде, мәтіндерде, тапсырмаларда және тестік жұмыстарда жиі кездесетін етістіктерді өз беттерімен жазып әкелу талап етілді. Келесі сабақта бұл сөздерді топтарда талқылатып, тақтаға жазғызып, реттеп, жүйеге келтірдік. Бастапқы тізімге 30 шақты сөз кірді, реті келгенде бұл тізімді толықтырып отырдық. Бұл сөздерді оқушылар сөздік дәптерлеріне жазып алып, әр сабаққа 10 сөзден жаттап келді. Мысалы:
талдау - разобрать белгілеу - обозначить
жіктеу - изменить по лицам атау - назвать
жауап беру - ответить сұрақ қою - спросить
астын сызу - подчеркнуть теріп жазу - выписать
бағыну - подчиняться аяқтау - закончить
Келесі мақсатымыз - тізімдегі етістіктерді ауызша және жазбаша қолдана білуге жағдай жасау болды. Әр тақырыпты өткенде аталған етістіктерді түрлендіріп аударғанда, орыс тілінің грамматикалық ұғымдарына сәйкестендіруге тура келді. Оқушылардың көз алдында көрнекі құрал ретінде тақтада өзіміз жасаған етістікке морфологиялық талдаудың жоспар-кестесі ілулі тұрады.

№ Етістікті талдаудың жоспар-кестесі
1 Сөз табы (етістіктің ерекше түрлері - есімше, көсемше).
2 Сұрағы.
3 Негізгі немесе туынды түрлері.
4 Құрамына қарай: дара немесе күрделі.
5 Болымды немесе болымсыз.
6 Райы.
7 Шағы (бар болса).
8 Жағы.
9 Жекеше немесе көпше түрлері.

Балалардың есте сақтау, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту мақсатында бірнеше тапсырмалар мен ойындар ұсынылды.
1) Сөздік диктант - мұғалім бірнеше сөздерді оқып, балаларға бір параққа жазғызады, содан кейін аудармасын жазуға 2-3 минут береді. Бұл тапсырманы оқушылардың өзара тексерулеріне болады.
2) <<Сөзтізбектер>> ойыны.
Ойынның мақсаты: етістіктің тұйық формасына жұрнақ қосу арқылы етіс сөздердің бірнеше түрін жасап, оларды ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдана білуге жаттықтыру.
Ойынның шарты: мәтіннен бір етістік алынып, І оқушы - тұйық формасын, ІІ бала - өткен шағын, ІІІ оқушы - осы шағын айтады да, осы сөздерді қатыстырып, лексикалық тақырыпқа байланысты сөйлем құрайды т.б.с.с.
Мысалы, 7-ші сыныпта <<Табиғатты қорғаңдар>> тақырыбын өткенде, мәтіннен <<тіркелді>> сөзін тақтаға жазғызып, ойын ойналады.
І бала: <<тіркеу>> деп, <<Сирек кездесетін аңдарды тіркеу керек>> деген сөйлем құрайды.
ІІ бала: <<тіркеді>>, <<Аңдарды <<Қызыл кітапқа>> тіркеді>> дейді. т.б.с.с.
3) Сөз құрамына талдауды барлық оқушыларға меңгерту үшін топтық жұмыстың тигізетін әсері мол. Мысалға <<жаттағандарым>> сөзін алайық. Бұл сөзді топтағылар кезектесіп тақтаға шығып, қосымшаның құрамдас бөліктерін анықтайды.
І ойнаушы : жатта - түбір, деп жазса,
ІІ бала : - ған - есімшенің жұрнағы,
ІІІ бала: - дар - көптік жалғауы,
ІV бала: -ым - тәуелдік жалғау, деп аяқтайды.
Екі топқа екі немесе бірнеше сөз беріп, жарыстыруға болады. Келесі сабақтарда осы үлгі бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі.
<<Етістік>> тақырыбы бойынша бекіту сабағының жоспары.
Сабақтың тақырыбы: <<Әдептілік әліппесі>>. Етістікті қайталау.
Сабақтың мақсаты: етістік туралы білімдерін практикалық жолмен
нығайтып, жүйелеу.
Сабақтың міндеттері: 1. Бірнеше модуль бойынша алған білімдерін қайталап,
бекіту.
2. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
3. Балаларды әдептілікке, еңбекқорлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, <<Домино>> ойыны, тапсырма жазылған
үлестірмелі карточкалар, жоспар-кесте, бағалау парақтары.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, мәтінмен жұмыс, Венн диаграммасын құру, жасырын сөздерді табу.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
1. Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу:
- Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?
- Әдептілікке не жатады?
- <<Әдептілік амандасудан басталады>> деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
- Бұл тақырыпқа жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?
- Авторы кім?
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Кәріге құрмет - балаға міндет.
Мақал-мәтелдерді оқытып, аудару, мазмұнын әңгімелеу.
2. Сөздікпен жұмыс өткізу, интерактивті тақтадан оқытып, сөз тіркестерін құрату.
лайықсыз - неуместный бейшара - несчастный
иілу - склониться бас ию - поклониться
тақсыр - господин сәлемдесу, сәлем беру, амандасу - здороваться
3. Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы Ы.Алтынсариннің <<Әдептілік>> әңгімесін оқыту, екі
топтағылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап қайтарады.
4. <<Домино>> ойыны өткізіледі.
Ойынның мақсаты: етістіктің түрлі формаларын салыстырып, саналы түрде меңгерту.
Ойынның шарты: қима қағаздағы сөздің аудармасын басқа қимадан тауып, сөздердің қатарын дұрыс құрастыру керек. Ойынның соңында сөздердің сыңарлары табылып, тікбұрыш құрылуы керек.

амандасқым келеді поклонишься
бас иесің не поздоровается
сәлем беру хочу поздороваться

здороваться
сыйлаңыз
амандаспайды
иілу

уважайте ты ответил
жауап бердің сәлем бер
поздоровайся склониться

5. Әрбір оқушыға деңгейлік тапсырма жазылған үлестірмелі карточкалар таратылады. Төменде сол тапсырмалардың үлгілерін келтіреміз.
І деңгей
1. Жасырылған сөзді тап.
2. Сол сөзбен сөйлем құра.
........... - етістік, негізгі, күрделі, болымды, шартты райында, І жақ, көпше түрде, (здороваться).

Жасырылған сөз - <<сәлем берсек>>.
ІІ деңгей
1. Жасырылған сөзді тап.
2. Сол сөзбен сөз тіркесін құра.
........... - етістік, негізгі, дара, болымсыз, бұйрық райында, ІІ жақ, көпше түрде, (говорить).
Жасырылған сөз - <<сөйлеспеңдер>>.
ІІІ деңгей
1. Жасырылған сөзді тап.
........... - етістік, не істедің? негізгі, дара, болымды, ашық райында, өткен шақта, ІІ жақ, жекеше, (спросить).
Жасырылған сөз - <<сұрадың>>.
6. Шартты рай мен қалау райын салыстырып, Венн диаграммасын құру. Шартты райдың ерекшеліктерін І топтағылар, ал қалау рай ерекшкліктерін ІІ топ оқушылары жазады. Ортақ белгілерін екі топ балалары кезектесіп жазады.

7. Екі топқа да бағалау парақтары беріледі, балалар өзара ақылдасып, бір-біріне баға қояды.
Оқушылар осы грамматикалық термин сөздерді саналы түрде меңгерсе, болашақта ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмалары оларға қиындық туғызбайды.

Ұқсас жұмыстар
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау
Асыл сөз мәңгі жасайды
Әр бала - болашақ данышпан
Ұқсас сандарды ата
Ойлауменен ой толады
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артыру
Ойын кезеңдері
Тақырып Өтілген материалды бекіту
Топтық тапсырма
Оқушылардың шетел тілі пәніне қызығушылығын арттырудағы ойын элеменнттерінің рөлі
Пәндер