Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жаңа сабақ. Сабақ түрі

Курстық жұмыс тақырыбы: Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбек тәрбиесі туралы мұралар
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбек тәрбиесі туралы мұралары зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: Жасаралық ерекшеліктеріне байланысты баланың мінез-құлқын қалыптастыру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
2) Балалардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастыру.
3) Еңбекке қызығушылығын, дербестігін тәрбиелеу.
4) Көпшілік үшін еңбек ете білуге баулу, қоғамдық бағытта еңбектенуді үйрету.
Қазақ халқының біртуар ұлдары, әйгілі Алаш қайраткерлері, көрнекті ағартушы педагогтары - Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы сынды тұлғалардың тәрбиеге байланысты көптеген еңбектері мен шығармаларының өзіндік мәні, маңызы, мазмұны бар. Олар тәрбиенің адам өміріне, әлемге, қоғамға қалай әсер ететіндігін айтқан. <<Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді>>,-дейді қазақ халқы. Жерге отырғызған жас көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адамды табиғат жаратса, қоғам әрбір жеке адамның қабілетін дамыту үшін бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Көрнекті педагог М.Жұмабаевтың тәрбие жайлы айтқан пікірінен мысал келтірейік: <<Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы туғанда өте әлсіз, зағип, осал болып туады. Малдың төлі туа салып аяқтанады, тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Адам баласы туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет, ақылы, есі жоқ, денесі тым әлсіз, өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Практикалық тәжірибесі: Баянауыл ауданы Жанатлек ауылында өтті
Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 3сыныпта өтті.
Әдебиеттік оқу: Мағжан Жұмабаев
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу;
2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейін көтеру; ойлау белсенділігін, ой-өрісін арттыру; сөздік қорын молайту; мәнерлеп сауатты оқи білуге баулу; оқыған мәтінді түсінуге, оны өз сөзімен айта білуге үйрету;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу, ақын-жазушыларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
Сабақ түрі: Жеделдетіп оқыту технологиясы.
Білім, білік, дағдыларды жедел меңгеру көзделеді: оның жеке тұлғаға бағытталуы басым жүреді, оқу әрекеттері басқа оқушыларға қарағанда күрделендіріліп, қайталау, жаттау жұмыстары артады;
Сабақ әдісі: сөйлеу (оқу, жазу, айту, сөйлеу,тыңдау), коммуникативтік қарым қатынас тілін меңгерту, іздеу, табу, анықтау, салыстыру, қорыту, жаттау, әңгімелеу;
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаевтың суреті, кітап көрмесі, Мағжан туралы пікірлер, үлестірме қағаздар, бейнетаспа.
Міндеті:
1. Ұйымдастыру бөлімі;
2. Үй жұмысын тексеру;
3. Фонетикалық жаттығу;
4. Жаңа сабақ;
5. Сөздік жұмысы;
6. Сабақты бекіту;
7. Қорытындылау,.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
б) оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау;
Жаңа сабақ
Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
М. Жұмабаевтың аудармасы. Лермонтов нұсқасымен салыстыра оқытуды талап ету;
М. Жұмабаевтың <<Тұтқын>> өлеңін жан-жақты талдауы қажет. Өлеңді талдау барысында берілген тапсырмалар жүйесі:
1) Өлеңді мәнерлеп оқу.
2) Өлеңде тұтқын арманы қалай берілген?
3) Абактыда жатқан тұтқынның тұлпар-ат туралы армандау себебі не?
Ақын абакты сипатын қандай жолдар арқылы берген?
Өлеңді көркемдегіш құралдарды табыңдар.
Лермонтов нұсқасы да бірнеше қайтара дауыстап, мәнерлеп оқылады.
Салыстыру үшін берілетін сұрақ -- тапсырмалар:
1. Өлеңдер неше шумақтан тұрады?
2. Өлеңдердің жеке шумақ бойынша орысша -- қазақша нұсқасын даралап оқыту.
3. Мағжан аудармасында Лермонтов нұсқасымен дәлме -- дәл келетін сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді анықтау;
Шығармалар салыстырмалы түрде талданып болған соң, оқушыларға проблемалық сипаттағы сұрақтар қойылады, тапсырмалар беріледі:
1. М. Жұмабаев Лермонтов шығармасын қандай аударма тәсілімен аударған (дәл әлде ерікті)?
2. Жауаптарын мысалдар арқылы дәлеледету.
3. Мағжанның аударма саласындағы шеберлігін тұжырымдау.
Оқушылардың еңбегін тиімді ұйымдастыру үшін Лермонтов нұсқасын әр оқушыға немесе әр партаға парақ түрінде тарату да артық болмайды.
Екі шығарманы салыстыра талдау барысында Мағжанның бойындағы, ақындық қабілетіндегі тың қасиеттерді танып білуге жол ашылады.
Ол Мағжанның орыс тілін жетік білуі және орыс тіліндегі сөздердің де орынды, жүйелі пайдалана алу шеберлігі.
М. Жұмабаевтың әділетсіздікке, арамдыққа, қиянатқа қарсы сөйлеп, улы қару түрінде жазған бірнеше өлеңдері бар: <<Қазақ азаматы>>, <<Көк теке>>, <<Төбет>>, <<Бір биге>>, <<Дәрігер>>, <<Көңіл>> және <<Ескендірдің екі мүйізі>>.
<<Ескендірдің екі мүйізі>> шығармасын оқып талдамас бұрын, өлең кейіпкері Ескендір туралы іздену тапсырмасы беріледі.
1. Ескендір кім деп ойлайсыңдар? Ол тарихта болған ба? Болса, тарихта орны қандай?
2. Ескендір туралы бұрын соңды шығармалармен таныстыңдар ма?
3. Абайдың <<Ескендір>> поэмасын оқып танысыңдар.
Сабақ осы сұрақ тапсырмаларға оқушылардың дайындығын көрсетуден басталады. Оқушылар жауабын тыңдағаннан кейін Мағжанның шығармасы талданады.
Талдау үлгісі:
1. Шығарманың мазмұны бойынша бірнеше бөлімге бөліп, мәнерлеп дауыстап оқыту;
2. Әр бөлімге ат қойыңдар.
3. Оқушылардың қабылдау деңгейіне қарай мазмұнын айтқызу.

Ұқсас жұмыстар
Мүсіндеу
Кел тыңдайық ертегі
Форма макеті терезесі
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Мазмұндама жинағы
Мектепалды тәрбиешілеріне көмек
Сынып деңгейі
Айналаны қоршаған орта
Автомобиль кузовы мен қаңқасы
Кесте арқылы саяси қысым жағдайындағы Қазақстанды түсіндіру
Пәндер