Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларын қолдану

ФИО
МЕКТЕП
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жолдары
Тірек сөздер: оқу сауаттылығы, білім беру, дамыту, қазақ тілі, оқушы, функционалдық сауаттылық
Аннотация: Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалайтын үш бағыттың бірі оқу сауаттылығын арттыру үшін мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары қарастырылған. Сауатты оқуды қалыптастырудағы әртүрлі тәсілдер, мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары көрсетілген.
Қазақ тілін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негіздері Қазақстан Республикасының орта білім беру саласындағы басы бағыттарын әлемдік білім беруді дамыту үдерістерімен сәйкестендіру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын (ОФС) дамыту өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне қойылып отыр.
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған білімінің ӛмірдің қай саласында да тірек болуын қамтамасыз ететін тиімді әдістемелік жүйе жасауға және қолдануға мүмкіндік береді.
Қазақ тілін функционалдық бағытта оқытуда дәстүрлі дидактикалық және қазақ тілін оқыту ұстанымдарының жүйесі қатарында мынадай педагогикалық ұстанымдар басшылыққа алынғаны дұрыс деп санаймыз: когнитивтік ұстаным, креативтік ұстаным, рефлексивтік ұстаным. Көрсетілген ұстанымдардың оқушының ой операцияларының логикалық-сабақтастық желісін құрап, ауызекі сөйлеу мен жазу сауаттылығын қалыптастырып, дамытуда орны ерекше екендігін соңғы жылдардағы кӛптеген педагогикалық зерттеулер мен еңбектерде дәлелденіп келеді.
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жаңа оқыту технологияларын қолдану. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың сауаттылығын қалыптастыра отырып, тіл үйрену белсенділігін арттыру үшін интернет-технологияны қазақ тілін оқыту әдістемесінің орнықты бір компонентіне айналдыру керек. Мұндай істің бүгін үшін де, болашақ үшін де маңызы зор. Интернет-технологияны енгізудің қаншалықты маңызды екендігін соңғы 5 - 7 жылда барлық білім алушылар да, білім берушілер де анық түсінді деп айтуға болады.
Қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік грамматикасы -- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізі. Қазақ тілі жүйесінен білім алу, қазақша тіл мәдениетін қалыптастыру, қазақша тіл және сӛйлеу сауаттылығын қалыптастыру және дамыту арқылы қазақша тілдік тұлға қалыптастыру қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың басты мақсаты болып танылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілінің функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан меңгертілуі басты орында болуы керек. Қазіргі қазақ мектептеріндегі қазақ тілі әлі де болса, формалдықграмматика логикасы негізінде оқытылып келеді. Оның салдары -- меңгертілетін таза грамматикалық ережелер мен сабақта, сабақтан тыс орындалатын жаттығулардағы тілдік талдаулардың оқушылардың күнделікті өмірінде қажетін атқара алмауына әкеліп отыр.
Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік бағдарда оқытуда <<тілден -- тілдік форма мен тілдің функциясына>> және <<тілдің функциясынан тілге>> қарай жүру логикасы ұсталынады. Тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің қызметі -- өзінен жоғары тұрған тіл бірлігін құруға қатысуы, сӛйтіп адам сӛйлеуінде барлық тіл бірліктерінің қызметінің кӛрініс табуы тілдің функционалдық ерекшелігі болып табылады.
Қазақ тілі жүйесінің барлық ішкі элементтері мен категорияларының қызметі, түптеп келгенде, қазақ тіліндегі мәтінді құруға бағытталады, соған арналады.
Қазақ тілінің иегері болып табылатын әрбір адамның танымдық үдерісін санасына тіл арқылы таңбалауы, ішкі сезімін тіл кӛмегімен сыртқа шығаруы, басқа адаммен тілдік қарым-қатынасқа түсуі -- қазақ тілі жүйесіндегі кішісінен бастап ең ірісіне дейінгі элементтердің түрлі грамматикалық байланыстарға түсуі арқылы сөйлеуші адамды<<коммуникантқа>> айналдыру қызметі деп түсіндіреді.
Қазақша сөйлеуші адамның толыққанды коммуникантқа айналуы үшін оның тек сөздің тура мағынасын біліп қоюы, сол тура мағынадағы сӛздерді ғана грамматикалық байланыстар мен қатынастар арқылы сӛйлем етіп құра алуы тым жеткіліксіз. Бұл мәселе тек қазақ тілін үйренуші ӛзгетілді адамдарға ғанабайланысты деп ойламауымыз керек. Қазақ мектебіндегі, қазақы ортадағы қазақтарға да қазақ тілін коммуникативтік бағдарда оқытудың маңызы тіл
дәрежесінің биіктігін ойы мен сана биіктігіне теңдестіре алатындай жүйе жасау және тәжірибеде қолдану болып табылады.
Қазақ тілі сабақтарының тиімділігін арттырып, оқушылардың алған білімінің сапалы болуына не ықпал ете алады? Қазақ тілі сабақтарының тиімділігі, ең алдымен, оқушылардың іші пыспайтын, оқу іс-әрекеттеріне толы, нәтижесіжоғары деңгейде болу белгілерімен танылады. Ол үшін мұғалім сабаққа даярлығын тиімділікті арттыру мақсатында құруы керек. Сӛз жоқ, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен білімінің жан-жақтылығы, деңгейі жоғары болуы бұл ретте үлкен орын алады. Сабақ жоспарын әзірлеу -- сабақтың әдістемелік сценарийін жасау -- мұғалімнен режиссерлік қабілеттен кем емес таланттылықты қажет етеді. Сабақтың барлық кезеңдерінде мұғалімнің сабақ берушілік қана емес, басшылық, жетекшілік, қолдаушы, ынтымақшылдық болмысы айқын сезіліп тұруы тиіс. Мұғалім қазақ тілі сабақтарын <<грамматикалық ережені айту>>, <<жаттату>>, <<талдаулар жүргізу>> сияқты ғана іш пыстыратын әдістермен шектемей, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, яғни күнделікті өмір жағдаяттарында керек болатын білім мазмұнын теориялық және практикалық бағытта ұйымдастыруы міндетті. Сабақ үстінде оқушылардың <<жеке>> -- <<екеу>> -- <<үшеу>> -- <<төртеу>> -- бесеу немесе <<топ>> -- <<команда>> -- <<сынып>> -- <<жеке>> түрінде жұмыс істеуін ұйымдастырып, тапсырмалардың осы желіде орындалуын қадағалауы тиіс.
Оқу сауаттылығы: Ақпаратты табу, мәтінді интерпретациялау, рефлексия және бағалаудан тұрады. Оқу сауаттылығы дегеніміз - қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі. Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады.Сондай технологиялардың бірі оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал түрлі жаңа технологиялар, әдістер мен тәсілдер.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.
Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғым -- адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі фактор. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функционалдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Осыған сәйкес алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен кез келген тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу даярлығын білдіретін құзыреттілікті қалыптастыру -- үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі қазақ тілі пәнін оқытудың басым бағыттарының бірі. Функционалдық сауаттылық қазақ тілінің функционалды сипатын зерделеу арқылы қалыптасады. Ұлттық білім беру парадигмасы, оның басты ұстанымдары бәсекеге қабілетті білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Ол өз халқының баға жетпес байлығы ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын, тілдің таным және қатынас құралы ретіндегі ғажайып мүмкіншілігін пайдалана білетін тұлға қалыптастыру деген сөз.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту -- бүгінгі заманның талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі -- мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады.Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды роль атқарады. Соның ішінде оқылым дағдыларының ерекшеліктері оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы.
Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады. 1. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу -- мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.
2. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу -- мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.
3. Детальді түрде оқу- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
4. Сөз мағынасын контексттен ажырату -- мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару. 5. Мәтін құрылымын түсіну -- мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
6. Болжай білу -- оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.
7. Мәтін түрлерін ажырата білу -- әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ, хабарландыру, т.б.
Бұл дағдыларды іске асыру үшін құрылатын тапсырмалардың да өз реті болуы тиіс. Мысалы, оқылымға арналған тапсырмалар құрылымы төмендегідей:
Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған жаттығулар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - бүгінгі заманның талабы. Соның ішінде оқу сауаттылығы - оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі - мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Қазақ тілі сабақтары тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының ерекшеліктері арқылы іске асады. Сондықтан күнделікті сабақты дағдылар ерекшелігін ескеріп құру, оқу сауаттылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Соның ішінде оқылым дағдыларының ерекшеліктері оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы.
"Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні тіл мен әдеби шығармашылықта көрініс тапқан халықтың рухани мәдениетін зерттейтін тұтас жүйе ретінде оқушылардың жалпы филологиялық білімінің негізін қалады. Оқытудың мақсаты-сипаттамалық функционалды тіл жүйесін, тілдік жүйені қолдану нормаларын, сөздік қорын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын байыту, үйлесімді тұжырым құру заңдылықтарын, қарым-қатынастың жалпы мәдениетін, сөйлеуді жетілдіру тетіктерін және тілді шығармашылық қолдану негізінде тілдік, сөйлеу, коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру арқылы Шығармашылық Белсенді тілдік тұлғаны тәрбиелеу. Бұл мақсат қоғамның өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігі үшін функционалдық сауаттылығын арттыру қажеттілігімен айқындалады. Функционалды сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық-қоғамдық әл-ауқаттың көрсеткіші. Жақын болашақта функционалдық сауаттылық өркениеттің, мемлекеттің, ұлттың, әлеуметтік топтың, жеке тұлғаның дамуының көрсеткіші болады. Жоғары деңгей қоғамның әлеуметтік-мәдени жетістіктерін көрсетеді; төмен-ықтимал әлеуметтік дағдарыстың алдын алу,оның нәтижесі болуы мүмкін:әлеуметтік бейімделу қабілетінің төмендігі;отбасында, еңбек ұжымында қарым-қатынас парадигмасын құра алмау;өз құқықтары мен міндеттерін білмеу. [1] сондықтан мектеп үшін өте маңызды мақсат туындайды: жеке элиталық оқушыларды өмірге дайындау емес, қажет болған жағдайда мамандықты тез өзгертуге, жаңа әлеуметтік рөлдер мен функцияларды игеруге, бәсекеге қабілетті мобильді тұлғаны оқыту. Сонымен, Қазақстан үшін оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін зерттеу ерекше өзекті болып отыр, өйткені осы функционалдық дағдылардың барлығы мектепте қалыптасады. Бүгінгі таңда мектептегі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі-оқушыны қазіргі әлемде бейімделуге дайындау. Функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдысы-оқу сауаттылығы. Қазіргі қоғамда ақпаратпен жұмыс істей білу сәттіліктің міндетті шарты болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, функционалдық сауаттылық-адамның, қоғамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсу қабілеті және өзгермелі жағдайларда тез бейімделу қабілеті. Функционалдық сауаттылықтың негізгі формалары: әртүрлі технологияларды таңдау және пайдалану мүмкіндігі. Мәселелерді көру және оларды шешу жолдарын іздеу мүмкіндігі. Өмір бойы оқу қабілеті. Функционалды сауаттылықтың негізгі тұжырымдамасы-адамды достық пен достық рухында тәрбиелеу, бұл қарым-қатынас мәдениетін қамтамасыз етеді.Әрине, әлеуметтік қатынастар саласындағы функционалдық сауаттылық білім берудің жалғыз мақсаты бола алмайды.Бірақ бұл шығармашылық тәжірибе мен қабілеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан функционалдық сауаттылықты дамытудың маңыздылығы мен маңыздылығын ескере отырып, білім беру мазмұнын жаңартуға қатысты елеулі іс-қимылдар жасалды. Тарихта тұңғыш рет қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жобалары әзірленетін болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту Мемлекет басшысының басым міндеті болып табылады.Ол үшін елімізде қажетті шаралар қабылданды. Сынып ұжымының фронтальды оқыту нысандарынан әр оқушының жеке білім беру траекториясын іске асыруға, оның ішінде интерактивті, Инновациялық, жобалау-зерттеу технологияларын, цифрлық инфрақұрылымды пайдалана отырып, көшу қамтамасыз етілетін болады.Көптеген міндеттерді шешу педагог кадрлардың кәсібилігіне байланысты. Қазақстандық мектептің мықты әлеуеті оның мұғалімдер корпусы болуы тиіс. Мұғалім оқушыларды оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды қолдануға дайын болуы керек. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі осындай мәдениетке ие болуы керек. Әр мұғалім жеке тұлғаны қалыптастырудағы өз рөлін түсінуі керек. Мұғалімнің жеке құмарлығы білім беру реформаларын енгізуде сәттілік тудырады.
Мектептегі білім беру жүйесіндегі гуманитарлық циклдің жетекші пәндерінің бірі-Қазақ тілі мен әдебиеті. Мұғалім-сөздіктердің мақсаты: Оқушыларды туған сөз әлеміне енгізу, балаларға қазақ тілінің ғажайып тереңдігін көрсету, оны өмір бойы жақсы көретіндей етіп жасау. Мұғалімнің міндеттерінде оқушыларға білім беру емес, өз бетінше білім алуға жағдай жасау. Қазіргі оқушылар ойлардың прагматизміне, еркіндікке және тәуелсіздікке ие және бұл өзгерістер практикалық дағдылардың қалыптасуына жағымды әсер етеді.Енді сабақтар әлеуметтік-құрылымдалған педагогикалық жағдайларға негізделуі керек, онда оқушылардың іс-әрекеті жеке тұлғаның қажетті қасиеттерін тәрбиелейді. Мысалы, жауапкершілікті өз мойнына алу, шешім қабылдау, әрекет ету және командада жетекші және жетекші ретінде жұмыс істеу, гипотеза жасау, сынға алу, басқаларға көмектесу, оқу қабілеті және т.б. Көптеген қиындықтар бар, бірақ оларды жеңудің нақты жолдары қазірдің өзінде көрінеді. Мұндай сабақтардың сипаты түбегейлі өзгереді. Оларда өзара сенім, өзара көмек және ынтымақтастық ахуалы өркендеп келеді. Мұндай жағдайда бала сабырлы және өзіне сенімді, яғни өзін жайлы сезінеді. Сабақтар одан да алуан түрлі, эмоционалды, белсенді және шығармашылық болады. Нәтиже әрқашан әртүрлі. Бұл сабақтың тақырыбына, оқушылардың қабілеттеріне және қазіргі кезде баланың эмоционалды көңіл-күйіне байланысты. Әдістер мен стратегиялардың алуан түрлілігі іс-әрекет пен рефлексияға үлкен өріс береді.
Сондықтан қазақ тілі сабағында оқылым дағдыларын дамыту үшін тапсырмаларды жүйелі құрастырудың маңызы зор. Оқылым дағдыларының ерекшеліктерін меңгеру -- оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады.
Пайдаланылғанәдебиеттер:
1.Оқушылардың оқу сауаттылығы. Оқу құралы <<Назарбаев Зияткерлік мектептері>> ДББҰ, <<Педагогикалық өлшеулер орталығы>>.
2.http://group-global.org/kk/publication/15595-shetel-tilin-okytuda-okylym-reketin-uyretu-zholdaryРайкул Диуанова, <<Шетел тілін оқытуда оқылым әрекетіне үйрету жолдары>>.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz