Қазақстан азамат соғысы жылдарында

Қазақстан тарихы оқулығы, 9 сынып
Сабаққа қажет материалдар (интербелсенді тақта, кеспеқағаз, электронды оқулық, Қазақстан картасы, маркерлер, стикерлер т. б. )
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу
Топтық жұмыс . Оқушыларды
топтарға бөлу
Білу
Тарихи тізбек
Үй тапсырмасын "Миға шабуыл" әдісі бойынша сұраймын. Оқушылар мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жылдам жауап береді (Тапсырмалар интербелсенді тақтада көрсетіледі)
1. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп үндеу таратқандар: (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы. )
2. 1916 жылы 25 маусымдағы Патшаның жарлығына сəйкес Түркістан мен Дала өлкесінен алынуға жоспарланған адам саны: ( 500 мың. )
3. «Жұрт сендей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» деп жазған:
( А. Байтұрсынұлы. )
4. 1916 жылы 23 тамызда үстем тап өкілдерін қаражұмысқа алмау туралы құпия бұйрық бергенгубернатор: ( А. Куропаткин. )
5. Ырғыз, Торғай уездерінде сайланған хандардың саны: (9)
6. Қазақ газетінде жарияланған «Тағы соғыс» деген мақаланың авторы:
( Ə. Бөкейханов. )
7. Патшаның қазақтан қара жұмысқа жігіт алу туралы жарлығы шықты:
(1916 жылы 25 маусымда. )
8. 1917 жылы қыркүйекте құрылған тұңғыш мұсылман партиясы:
()
9. Семейде кадеттер ұйымы шығарып тұрған газет: ( «Свободная речь». )
10. Түркістан үкіметі - Уақытша Кеңесінің Министр-төраға жəне ішкі істер министрі болып сайланды: (М. Тынышбаев)
11. «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланған газет (Қазақ газеті)
12. «Алаш» партиясының бағдарламасы: (10 бөлімнен тұрды. )
13. 1917 жылғы 27-ақпанда Ресейде болған революцияның сипаты: ( Буржуазиялық-демократияық)
14. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің нəтижесі: ( Монархия құлатылды. )
15. «Түркістан Автономиясында» мемлекеттік деп танылған дін: (Ислам)
Түсіну
Электронда оқулықпен тақырыптық сюжет көрсетіледі
Топтық жұмыста (постермен жұмыс)
Электронды оқулықта «Азамат соғысы» туралы сюжет көрсетіледі
Топтық жұмыс(постермен жұмыс)
І. 1918-1920 жылдардағы азамат соғысының шығу себептері, барысы
ІІ. Әскери коммунизм саясаты
ІІІ. Азамат соғысының салдары
Термин сөздермен жұмыс
Ақ гвардия- Қазан революциясынан кейін Кеңес Республикасына, большевиктерге қарсы күштердің әскери құрамалары. Ақтар қозғалысының әсекери күші -Кеңес тәртібіне (Қызыл Армияға) қарсыластардың қарулы бірлестігі
Интервенция- бір немесе бірнеше мемлекеттердің басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуы, оның егемендігін бұзуы.
Төңкеріс - Белгілі бір топ адамдардың мемлекеттік билікті басып алуы.
Азамат соғысы -
Мемлекет ішінде билік үшін ел азаматтарының өзара соғысы
Паек
- белгілі бір мерзімді күнге арнап, тиісті мөлшерде берілетін азық-түлік.
Бюрократия -қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеуліктер билігі.
Картамен жұмыс
І топқа.
Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.
ІІ топқа.
Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығы Черкасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады. Черкасск қорғасының тарихи маңызы: Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды.
ІІІ топқа.
Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді.
1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.
1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды.
1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы - Солтүстік Жетісу майданы жойылды. 1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.
Жинақтау .
Триада, Семантикалық карта сәйкестендіру тест
І топқа. Семантикалық карта
ІІтопқа. Триада. Триаданы тарихи үдерістің себеп-салдарлық принциптері бойынша құрастырыңдар.
«А»- жолағы тарихи оқиғалардың себебі
«Ә» жолағы тарихи оқиғалар
«Б» жолағы тарихи оқиғалардың салдары
ІІІ топқаСәйкестендіру тестті(тарихи тұлғалар)
1919 жылы
4 сәуірде
1918 жылы
29 наурызда
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz