Ашық сабақ: Сиқырлы сандар - 1-5 санау, кері санау және логикалық ойлауды дамыту

Сабақтың тақырыбы:Сиқырлы сандар

Ашық сабақ

3

Оқу іс-әрекеті: «Таным» білім беру саласы

Бөлімі: ҚМҰҚ

Мақсаты: Ертегі еліне саяхатқа аттана отырып, балалардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Балаларды тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Әдістер: Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, кубизм технологиясы

Көрнекіліктер: Дидактикалық материалдар, кубиктер, диск сандар

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы сандар

Сабақтың барысы: Балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа

қонақтар келіпті, қане амандасайық.

- Ең алдымен бәрімізге нұрын шашып тұрған күнмен амандасайық.

Арайлытаңатты,

Алтын сәулетаратты.

Жарқырайдыдаламыз,

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!

- Балалар енді орнымызға отырайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

-Көктемде жаңбыр жауады, күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, адамдар жылы киімдерін шешееді.

- Балалар, біз бүгін сабақты әдеттегідей санап, есептеп шығармай саяхатқа барамыз. Бірақ біз өзіміз барсақ көңілсіздеу болады, өзімізбен бірге достарымызды ала кетейік. Ал саяхатқа біз кімді алып кететінімізді сендер қазір жұмбақ шешуін тауып білесіңдер.

Жұмбақ:

Тегіс домалақ.

Сырты қызарыңқырап, әдемі болып піскен.

Терезе алдына суытып қойған.

Бұл қай ертегі кейіпкері?

- Балалар: Бауырсақ.

- Балалар ертегі қалай басталады?

- Балалар: бауырсақ Әжеден қашып, Атадан қашып . . .

Тәрбиеші: Сонымен бауырсақ саяхатқа шықты. (тақтаға сурет іледі (карта) .

Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден, кең далалы егістіктерден өтеді. Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келеді. Орманда оған Қоян кездеседі.
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе?

Қоян: Сәлемет пе! Бауырсақ мен сені әрі қарай жібермеймін.

Бауырсақ: Қоян мені жіберші.

Қоян: Жарайды, егер сен менің тапсырмамды орындасаң мен сені жіберемін, ал егер орындамасаң жеп қоямын (қоян бауырсаққа хат береді) .

Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе? (балалар жауабы) . Қоян, бауырсақ келіңдер балалармен бірге тапсырманы орындайық (тәрбиеші хатты ашып, оқиды.

Ауызша есептер:

1 тапсырма: 1-5 ге дейін тура санау. (қоян тапсырмасы)

тапсырма: 5 тен 1-ге дейін кері санау

2 тапсырма: Кубиктерден бір қатарға ағаштарды және құстарды табу . Оларды санау және ерекшеліктерін айту.

Сергіту сәті:

Құрастырайық фигура
Үшбұрыштан бастайық
Тікбұрышты жасайық

шеңбер жасап тұрамыз
Сопақшаны салайық

Енді жинақталайық
3 тапсырма: Сұрақ-жауап ойыны.

1. Кемпірқосақта, неше түс бар? (7)

2. Бағдаршамда неше көз бар? 3

3. Қолғапта неше саусақ бар? 5

4. Адамда қанша көз бар?2

5. Жұлдыздың неше бұрышы бар? 5

6. Аспанда неше күн бар? 1

9. Адамда неше саусақ бар?10

4 тапсырма : Сендердің алдарында дискте сандар жазылған, осы дискіні айналдыра отырып, қай санға тоқтаса сол санның көршісін табасындар және де тақтадағы тапсырманы орындайсындар. Сандарды тиісті суретке қосу (түлкі)

Сөйтіп бауырсақ сендерге рахметін айтып, аман-есен үйіне оралады.

Канекей барлығымыз өзімізді бағалайық.

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.


Ұқсас жұмыстар
Шаршаны санау: логикалық есептер арқылы математикалық ойлауды дамыту
Он көлеміндегі сандардың құрамын пысықтау: 1-10 тура және кері санау, ауызша есеп дағдыларын дамыту
1-сынып математикасы: Натурал сандар және 10-ға дейінгі заттарды санау
Сабақ жоспары: Логикалық пікірлердің негізгі ұғымдары және санау жүйелері
Балабақшаға арналған сабақ жоспары: 1-5 сандарын тура және кері санау, геометриялық пішіндер және уақыт пен кеңістікті бағдарлау
1-сынып математика сабақ жоспары: есептер, 1-ден 10-ға дейін санау, кері сана және қосындылардың құрамдары
Бөбекжайға арналған сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер туралы ертегі - 1-5-ке санау және пішіндерді таныту
1-сыныпқа арналған авторлық факультативтік бағдарлама: Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат (сауат ашу және математика)
8-сынып информатикасы: ақпарат пен ақпараттық процестер, санау жүйелері, кодтау және логикалық амалдар
Қызықты математика: бастауыш сыныптарға арналған сандарды тура және кері санау, логика және геометриялық пішіндер бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz