Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті №105 орта мектептің 5-6 сыныптары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Кім білгір сайысы

Ж. Қаналиева

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Жосалы кенті

№ 105 орта мектеп

«Сен де бір кірпіш дуниеге

Кетігін тап та бар, қалан »

Абай

« Кім білгір ? »

Мақсаты: Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі : Сахнада түрлі - түсті шарлар .

Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта

Ұлағатты сөздер :

1. Білімді адам тілін билей алады . (Құтып)

2. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер . (С. Сарай )

3. Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса,

Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса . (А. Байтұрсынұлы )

Барысы :

І . Ұйымдастыру . ( топқа бөлу )

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды . Оқушыларды марапаттау.

І . Кіріспе сөз

Білім - теңіз, мектеп кеме жүзіп келем,

Дүниенің төрт бұрышын сүзіп келем.

Шалқытып, шарыптатып, асқақтатып

Ой тербелей, тоқтамас алып кемем.

Құрметті ұстаздар !

Қадірлі егеменді елдің жастары !

6 «А, Б» сынып оқушылары арасында өткелі отырған сайысына қош келіпсіздер .

Сайыс V бөлімнен тұрды .

1. Таныстыру (әр топтың аты, ұраны және төл белгілері болу керек )

2. Ойлан, тап! (Әдебиет пәні бойынша)

3. Сен білесің бе ? (Қазақ тілі пәні бойынша)

4. Кім жылдам ?

5. Қолқа салу (өнер сайысы)

Елімнің болашығы зор деп білем

Сол үшін қайрат етер ерлер кілең

2030 менің болашағым

Жақындып жаңа өмір, саған кірем - дегендей болашақ сендердің қолдарында.

Топқа бөлу.

Қазылар алқасымен таныстыру .

І тур .

І топ - «Арман »

ІІ топ - «Жас қыран »

ІІІ топ - «Жасұлан»

ІУ топ - «Болашақ »

ІІ тур . «Ойлан, тап !» (Әдебиет пәні бойыншы )

5 - 6 сынып бойынша өткен шығармалардағы кейіпкердің атын атаймын, оқушылар сол шығарманың авторы мен шығарманың тақырыбын дұрыс табу керек.

1. Жаман мен 40 уәзір (Аяз би ертегісі )

2. Барлас ақын, Ұлжан, жас Абай (Мұхтар Әуезов, «Ақын қонақтар »)

3. Кенжекей («Ер Төстік» ертегісі )

4. Мергенбай батыр, Тасқара бай (Керқұла атты Кендебай)

5. Шеген, Қайрош, Бораш (Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»

Қайрат Сарталиев Ұлы Отан соғысына қатысқан «Қазақ солдаты»)

6. Тоқтарбай («Қобылынды батыр » жыры ) Тайбурыл, Құртқа

7. Құлтай, Ұлтан («Алпамыс батыр » жыры ) Гүлбаршын, Шұбар ат.

8. Жетім бала Ақтан («О, Ақтан жас, Ақтан жас » Дулат Байбатайұлы )

ІІІ тур «Сен білесің бе ? »

Лексика

  1. Омоним дегеніміз не ?
  2. Мына сөйлемнен синоним болатын сөзді тап ? Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды .
  3. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не ? мысал келтір ? Ойды сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер эвфемизм дейміз . Адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер дисфемизм деп аталады.

Фонетика

  1. Фонетика дегеніміз не ? (Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала )
  2. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін қанша әріп бар ? (9 - ә, і, ғ, қ, ұ, ү, ө, һ. ң)
  3. Буын дегеніміз не ? Түрлерін ата ? Мысал келтір ? (Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек . Ашық, тұйық, бітеу. Қала, ат, қант)

Сөзжасам

  1. Түбір дегеніміз не ? Қосымшаның түрлерін ата ? (Сөздің мағына беретін, бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі . Жұрнақ, жалғау)
  2. Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді ? Мысал келтір ? (Дара және күрделі . Бір ғана сөзден тұратын негізгі және туынды түбір . Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөз . Мысалы :әке, даналық, әкелі - балалы )
  3. Қос сөз дегеніміз не ? Түрлерін ата ? Мысал келтір ? (қайталама, қосарлама )

Морфология

  1. Атауыш сөз дегеніміз не ? (Белгілі бір ұғымның атауы болып, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіретін сөздерді атауыш сөздер дейді. )
  2. Одағай не сабепті оқшай сөз болып табылады ? (ешқандай мағына жоқ, адамның көңіл күйін білдіреді, сөйлем мүшесі бола алмайды )
  3. Сөз таптары дегеніміз не ? Оларды ата? Мысал келтір ?

(Сөздердің білдіретін мағынасына, тұлғасына, сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін сөз таптары дейміз )

ІУ тур «Кім жылдам »

Берілген әріптерден сөздер құрастыру.

А, Т, П, С, У, Е, Н, Ж, С, І, Л, Р.

У тур Әр топ өз өнерлерін ортаға паш етеді.

Білімділіктің ең басты факторы туған т ілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады. (Г. Гегель )

ҚОРЫТЫНДЫ .

Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады.


Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары арасындағы Білгір химик сайысы
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінде өткізілген 8-сынып оқушылары арасындағы Жас эрудит физика сайысы
2012 жылғы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы орта мектебінің 6-8 сыныптары арасындағы Ғажайыптар әлемі биология танымдық сайысы
№21 орта мектептің 7-сыныптары арасында өткен Фариза Оңғарсыноваға арналған мәнерлеп оқу сайысы
Ашық сабақ: Ә. Тәжібаевтың Толағай дастанын бекіту (Қазақ тілі мен әдебиеті, А. Наурызова, №55 С. Қожанов атындағы орта мектеп, Бірлік ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы)
Дарабоз көшбасшы сайысы: 8-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті байқауы
2009-2010 оқу жылы №4 орта мектептің 7-сынып оқушылары арасындағы физика пәнінен Кім білгір сайысының жоспары
№105 орта мектептің 9-сынып оқушылары арасындағы Қызықты биология әлеміне саяхат интеллектуалдық сайысы
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы №116 орта мектептегі География шыңы - оқушылар арасындағы интеллектуалдық білім сайысы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарабекова Лаура Бибитовнаға арналған ұстаздарға құрмет көрсету кеші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz