Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұлттық құндылық

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы <<Қостанай жоғары педагогикалық колледжі>> КМҚК
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: <<Педагогикалық этика пәні мен міндеттері>>
Модуль /пән атауы: КМ04
Педагог: Тургынбек Т.Н.

Өткізу күні: 19.11.2024
Жалпы мәлемет:

Курс, топ: М-41

Сабақтың түрі: Аралас
Мақсаты: оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі.
Білімдік: үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау.
Дамытушылық: бiлiм алу және танымдық, iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру, оның негiзiнде жеке бастың көз қарасын, адамгершiлiк тағы басқа қасиеттердi қалыптастыру, адамның шығармашылығы мен қабiлетiн дамыту
Тәрбиелік: этикалық мәселелерді қарастыру және оның қоғамға әсерін байқау.
Құндылық: Заң мен тәртіп
Күтілетін нәтиже: Бағалаудың жаңа түрін игереді.

Қажетті ресурстар: презентация, дәптер, қаламдар, флатформалар,ойындар,бағалау парағы.

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Оқытушы әркеті
Білім алушылар әрекеті
Бағлау
Начало занятия

7мин
Апта дәйексөзі
<<Жауапкершілік-адамгершілік қасиетінің көрінісі>>
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу, жоқтарын белгілеу
2. Сабақ барысымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру.
Quizizz флатформасы арқылы тест жасау.

Сабаққа қаншалықты дайын екенін сұрақтар мен үй тапсырмасы арқылы көрсетеді

Тестқа жауап береді.

Основная часть
50-55мин
Жостар
1. Адамгершілік
2. Сыпайылық
3. Мәдениет
4. Әдеп және әдет
5.Ұлттық құндылық
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", "ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жақсылық тілеу қарым-қатынастары.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Адамгершілік құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады. Оның басты әдептік баптары төмендегідей:
:: барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;
:: азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей;
:: өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Сыпайылық (әдептілік, ізеттілік) -- адамдарды сыйлау, қарым-қатынас пен өзара қатынастың күнделікті нормасы мен ережесіне айналған, айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың әдетті тәсілі болып табылатын тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық қасиеті, мінез түрі. Ізеттілік - адамның әдептілігін, сыпайылығын, өнегелілігін, қарапайымдылығын білдіретін этикалық ұғым. Халқымыз өнегелі ісімен көзге түскен адамды, әсіресе, жастарды "Ізетті жан" деп атаған. Ізетті адам деп жақсы тәрбие алып, оны іс жүзінде қолданған адамды айтады. Ізеттілік белгілі бір тапсырманы іскерлік және саналылықпен атқарғандықтан да көрінеді.Сол сияқты "ізет көрсету" деп адамды сыйлау, құрметтеу мағынасында қолданылады.
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен <<мәдениет>> деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де <<мәдениет>> деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет - адам жасаған <<екінші табиғат>>. Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Әдептілік - адам бойындағы жағымды қасиет. Бұл жайында ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби <<Әдептілік - әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы>> деп бағалаған.

Әдеп - қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін байқатады. Адамның бойынан әдептілік қасиет көрініп тұрса, ол парасатты, адамгершілігі мол екендігін көрсетеді.
Әдептілік - адам бойына үйдегі тәрбиемен, өзін қоршаған ортаның қарым-қатынасымен берілетін қасиет. Ең алдымен әдептілік сәлемнен басталады.
Ұлттық құндылықтар - әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы - тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол ұлттық құндылықтарымыздың арқасында біз өзіміздің ұлттық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба? - деп алаңдауымыз керек. Абай: <<Адамды заман билемек, заманға жаман күйлемек>>- дейді. Бұл әлемдік даму жолын түсінуге мүмкіндік береді. Біз үшін жасанды, виртуалды, әлемде жоғалып кетпеу, жаһандану заманында өзіміздің ұлттық болмысымызды, ұлттық бірегейлігімізді және рухани ерекшелігімізді сақтап қалу аса маңызға ие. XXI ғасырда рухы биік, әлем мәдениетімен бәсекеге түсе алатындай белес тұр. Бұл ең маңызды мәселелердің бірі.
Бірінші құндылық - тәуелсіздік және тарихи таным деп атаған жөн. Тәуелсіздіктің арқасында, қазақ елін, Қазақстан халқын әлем таныды және мойындады. Тәуелсіздік символы - мемлекеттік Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз. Ту - ұлттың бірігуіне ықпал етеді. мызды орнықтыра алмаймыз. Екінші құндылық - ел мен жер деп білемін. Қазақта: <<Егесіз ел азар, иесіз жер тозар>> деген мақал бар. Ұлан ғайыр даланы бабаларымыз көзінің қарашығындай сақтады.
Үшінші құндылық - тіл, әдебиет және руханият. Тіл мен әдебиет - ұлттың жаны мен жады, оның бет-бейнесі, өткені, бүгіні мен болашағы. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: <<Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады>>,-деп тілдің ұлт үшін қандай маңызы бар екенін бір ғана ауыз сөзге сыйдырған еді.
Имандылық бар жерде - тәртіп те, бейбітшілік те, адами құндылықтар да сақталады. Сонда ғана ұлттық құндылығымызды жаңғырта аламыз, дамыта аламыз. Төртінші құндылық - ұлттық дәстүр және отбасы. Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошақ қасынан басталады. Отбасы - тәрбиенің тамашамектебі.
Бесінші құндылық - білім мен біліктілік. Білімді ел - озады, ғылымсыз ел - тозады. Елімізде білім мен ғылым саласына үлкен қамқорлық жасалды. Өйткені, кез келген қоғам - адами капитал арқылы дамиды. Ұлттық құндылықты қалыптастыратын да, дамытатын да білімді, білікті кәсіби мамандар. Әл-Фараби бабамыз: <<Дүниеде тәрбиесіз берілген білімнен қауіпті нәрсе жоқ>> деген екен. Сондықтан да білім мен тәрбиені бір процестің екі жағы деп қарау қажет. Ұлттық құндылықтар ұлтты құрметтеуден басталады. Ұлтты құрметтеу - атап өткен барша ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құрмет көрсету, сақтау. Ұлтсыздану ұлтты, мемлекетті әлсіретеді. Қоғам дамуын тежейді. Бұл - тарихи шындық. Сондықтан тарих, замана алдындағы ұлы сынақ кезінде біз өз таңдауымызды жасадық. Әлемдік озық құндылықтарды игере отырып, оны ұлттық құндылықтарымызбен байыта береміз. Ұлтты сүю - ұлтшылдық емес.
Топқа бөліну
Флатформадағы сандарды таңдау арқылы топқа бөліну. 1,2,3,4,5 1. Адамгершілік 2. Сыпайылық 3. Мәдениет 4. Әдеп және әдет 5.Ұлттық құндылық

Топпен жұмыс жасайды. Суреттерге байланысты пән құрау және оны қорғау.

Жоспарды жазады.

Бес жоспар бойынша ақпарат алмасу.

Ғалымдардың ойларын өз ойларымен толықтырады

Адамгершілік туралы ақпарат алады.

Сыпайылық туралы айту.

Ізгіліктің адам өміріне маңызы.

Қандай мәдениетіміз бар?
Өз елдеріңнің мәдениетін ұстанасыңдарма?-деген сұрақтарға жауап алу.

Әдеп туралы мақал-мәтел айту.

Еліміздің ұлттық құндылықтары.
Атап өту.

Флатформа арқылы топтарға бөлінеді.

Топпен жұмыс жасайды.

Презентациядағы мәліметті жазады.

Жоспар бойынша мәлімет алмасады.
Өз ойларын еркін айтады.

Ой алмасады
Құндылықтар бойынша ой бөлісу. Практикамен ұштастыру.

1 тапсырма пілдің суретін салу.

Бағалау парағын біледі

Педагогтың сұрақтарына жауап беру.

Ұлттық құндылықтарымызды атайды.

Тарихы мен танысады.

Флатформа арқылы топқа бөлінеді.

Суреттермен жұмыс жасайды.

Суреттерге тақырып қоя отырып мағынасын ашады.

Пән атауын құрау.
Не себепті ондай пән алғанын түсіндіреді.

Қазақстанның құндылығы басқа елдерге қарағанда несімен ерекшелінеді?-деген сұраққа жауап беру.

Балалардың қайсы іс-әрекеті әдеп және әдет екенін ажыратып айтады.

Бұл қандай ғұрып?

Топпен жұмыс істеуді бастайды.

Заключительная часть 5-10 минут
Рефлекция
Сабақты қорытындылау

Flippity флатформасы арқылы сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы
Жаңаша бағалау флатформасы.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.

ТЖБ, БЖБ - тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдары
Алгоритмі
ескеру/есепке алу
Мәселенің мәнін, себебін түсіндіру.
талдау

Барлық факторларды қарастыру үшін идеяны, тұжырымдаманы немесе пайымдауды ұғындыру.
Бұндай жауаптар әдістемелік және логикалық жағынан жоғары деңгейде ұйымдасқан болуы тиіс.
салыстыру

белгілерін қатар қоя отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Үйлесімді (әділ, объективті) жауап күтіледі.
зерттеу/тексеру/қарастыру

осы мәселе бойынша өз ойларын айту, сипаттау.
кереғарлықты анықтау

екі ой/пікір арасындағы айырмашылықты ғана көрсету.
сынау

қателіктер мен кемшіліктерді көрсету, сонымен қатар мәселенің жағымды аспектілерін көрсету. Салмақты, сараланған жауапты қажет етеді.
анықтау

ұғымның нақты мағынасын түсіндіру. Жауаптың анықтамасы кеңейтілген түсінікті қамтиды.
суреттеу

бір нәрсе туралы, оның қалай жұмыс істейтіні туралы айтылады.
талқылау

зат пен тұжырымдаманы түсіндіру, ол туралы дәлелденген ақпараттар, мысалдар, қарсы және жақтаушы дәлелдемелер мен фактілерге түсініктемелер беру. Екі жақты дәлелдемелер келтіріп, қорытындыға келу.
түсіндіру

заттың/ұғымның не екенін анық түсіндіру.
баға беру
бір нәрсенің қаншалықты құнды, маңызды екендігін түсіндіру.
түсіндіру

идея мен принциптерді жеткілікті түрде толық және анық түсіндіру немесе жағдаят пен қарым-қатынас себептерініңжиынтығы.
зерттеу жүргізу
нысанды мұқият зерттеу мен оны әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыру.
мысал келтіру
мәселенің мәнін көрсету, дәлелдеу үшін мысалдар келтіру.
негіздеу, дәлелдеу

ұстаным мен дәлелдемелердің себептерін ғана ұсыну. Осыдан туындауы мүмкін басты қарсы ойларға жауап беру.
Дегенмен, талқыланатын ұсыныс теріс болуы мүмкін (мысалы, өлім жазасын жоюды ақтау).
дәлелдеу/теріске шығару

олардың екеуі де логикалық аргументтер мен <<қолдаймын>>, теріске шығару үшін <<қарсымын>> деген ұсыныстармен байланысты дәлелдерді көрсететін жауаптарды талап етеді.
белгілеу

қажетті тұстарын қысқа және анық білдіру, ұзақ талқылауды, ұсақ бөлшектерді қажет етпейді.
жинақтау / бейнелеп көрсету/ортақ қасиеттерін сызып көрсету
нысан туралы барлық қол жетімді ақпараттың қысқаша мазмұнын беру, яғни егжей-тегжейлі баяндамай, тек негізгілері енгізілуі тиіс. Бұл типтегі сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді.
бақылау/қадағалау
көбінесе тарихи мәселелерде кездеседі (басқа да салаларда кездесуі мүмкін), бұл даму кезеңдерін логикалық немесе хронологиялық тәртіпте бекіту мен қысқаша сипаттауды талап етеді. Мысалы. теория, адам өмірі, үдеріс және т. б.
Xшындыққай деңгейде?

X-тің қай жағдайда дұрыс екенін, қай жағдайда шындыққа сай келмейтіндігін талқылау және түсіндіру

Ұқсас жұмыстар
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Тек ата
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық құндылықтарды игеру арқылы жеке тұлғаны дамыту
Тәрбие құралы
Ұлттық тағамдар
Франция ұлттық кітапханасы
Миуалы ағаш. мұхаметжан етекбаев
Кішкене әлем
Қарындашпен сурет салу
Дәйек сөз. Сабақ тақырыбы
Пәндер