Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіркескен сөз

Бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография
Мектеп: И.Құтпанұлы атындағы ЖББОМ
Күні: 11.09.2024
Мұғалімнің аты-жөні: Байғабыл М.
Сынып: 6-сынып
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Хан Тәңірі шыңы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
6.3.3.1.Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру.
6.4.1.1.Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаттары
Тянь-Шань тауы туралы деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру, тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Бағалау критерийлері
* мәтіннен тақырыпқа қатысты деректерді жинақтайды.
* графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрастырады.
* мәтіндегі жалқы есім, тіркескен сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады, ережесімен дәлелдейді.
Ойлау дағдысы
Қолдану, талдау
Құндылықтарға баулу
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу (4-құндылық)
Пәнаралық байланыс
Қазақстанның таулары жайлы деректер келтіру барысында география пәнімен, ширату жаттығуларын жасау арқылы дене шынықтыру пәнімен байланыстырылады.
Алдыңғы білім
Еліміздегі таулар, әлемге әйгілі таулар туралы білімдері қалыптасқан.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға Қазақстанның таулы аймақтары бейнеленген қиынды суреттер таратылады. суреттерді құрастыру арқылы топқа бірігеді.
<<Пазл құрау>> әдісі.

oo Суретте нені көріп тұрмыз?
oo Еліміздегі тауларды атаңыз.
oo Әлемге әйгілі қандай тауларды білесіңдер?
oo Тянь-Шань тауы туралы не білеміз?
Суретке және қойылған сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты таныстырылады.

Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Оқушыларға Қазақстанның таулы аймақтары бейнеленген қиынды суреттер таратылады. суреттерді құрастыру арқылы топқа бірігеді.

Суретке және қойылған сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды.
ҚБ
Төмен жауап
Жақсы жауап!
Тамаша жауап!

6-сынып <<Қазақ тілі>> оқулығы

Суреттер.

Сабақтың ортасы

Жазылым алды тапсырмасы. Мағынаны тану.
oo Таулар қалай өлшенеді (биіктігі, салмағы, ені)?
oo <<Жақпартасты, қырат>> деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Сөздіктен осы сөздердің мағынасын қараңдар.
тау - жер бетінен жоғары көтерілген заңғар, құзды, құзатты биіктік.
жақпартас - қатпарлы текше тас.
қырат- биіктеу, дөңес жер.
Жазылым тапсырмасы. Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтіннен тақырыпқа қатысты деректерді жинақтаңдар, сол арқылы диаграмма, сызба түрінде графиктік мәтін құрастырыңдар.

1-топ. Көкшетау - Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды, көлді тау. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 км-ге доғаша иіле созылып жатыр, ені 5км-дей.
Алатау таулары Қазақстан мен Қырғызстан жерінде, орташа биіктігі - 4000 м, ең биік жері - Манас шыңы (4484 м).
Баянауыл тауы - Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. Абсалюттік биіктігі - 600-1000 м, ең биік жері- Ақбет тауы (1026 м).
Қаратау - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орналасқан тау жотасы. Солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр, енді жері- 60-80 км (оңтүстік-шығысындағы Боралдай жотасы). Ең биік жері - Бессаз тауы (2175 м).

2-топ. Сарыарқа - Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі - 500-600 м.
Мұғалжар - аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі. Мұғалжардың ең биік нүктесі - Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Тау өз бастауын Шиелі және Терісбұтақ өзендерінен алады.
Маңғыстау таулары - Каспий теңізіндегі Маңғыстаулық жартылай аралында жатыр. Олардың құрамына Қаратаудың батыс және шығыс жоталары, Ақтаудың оңтүстік және солтүстік жоталары енеді. Қаратаудың ұзындығы - 117, Ақтаудың ұзындығы - 70 шақырым. Бәрі де жыралар, сайлар, аңғарлар, жартастармен бөлшектелген. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі - Қаратау-Бесшоқы (556 м).

3-топ. Тянь-шань таулы аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республикамызға Орталық, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань тауының барлық бөлігі кіреді. Ал Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі - Хан-Тәңірі (6995 м) бар.
Жоңғар Алатауы Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның шекарасы, Іле мен Алакөл өзендерінің аралығында орналасқан және батыстан оңтүстік-батысқа, солтүстік-шығысқа созылып жатыр. Жоңғар Алатауының жалпы ұзындығы - 400 шақырым. Орташа биіктігі - 3580 м. I топ. II топ. III топ.

Диаграмма, сызба түрінде жазған графиктік мәтіндеріңді оқыңдар.
Дескриптор.
oo мәтінді мұқият оқиды.
oo мәтіннен тақырыпқа қатысты деректерді жинақтайды.
oo диаграмма, сызба түрінде графиктік мәтін құрастырады.
oo графиктік мәтіндерін оқиды.
ҚБ: <<Екі жұлдыз, бір тілек>> Оқушылар бір-бірінің жұмысына ұсыныс, тілектерін айтады.

Сергіту жаттығуы. <<Тауға саяхат>> Оқушылар шеңбер құрып тұрып, баяу музыка ырғағымен мұғалім көрсеткен қимылдарды жасайды.
ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІН.
Ж. 2.Тапсырма. Мәтіндегі жалқы есім, тіркескен сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай кестеге жазыңдар, оны ережемен дәлелдеңдер.
1-топ
Жалқы есім
Біріккен сөздер
Тіркескен сөз
Дефис арқылы жазылатын сөздер
Қысқарған сөз
Көкшетау
Көкшетау

Км, м
Тянь-Шань

Тянь-Шань

Манас шыңы

2-топ
Жалқы есім
Біріккен сөздер
Тіркескен сөз
Дефис арқылы жазылатын сөздер
Қысқарған сөз
Сарыарқа
Сарыарқа
орталық Қазақстан

м
Орал

3-топ
Жалқы есім
Біріккен сөздер
Тіркескен сөз
Дефис арқылы жазылатын сөздер
Қысқарған сөз
Қазақстан

Км, м
Хан-Тәңір

Хан-Тәңір

Жоңғар Алатауы
Алакөл
Жоңғар Алатауы

Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
Жалқы есім - жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Қазақстан, Атырау, Жайық өзені т.б.
Біріккен сөз - екі түбірдің бірігуі арқылы жасалады. Құрманғазы, Талдықорған, Нұрлыбек т.б.
Тіркескен сөз - екі түбірдің тіркесуі арқылы жасалады. Қазақстан Республикасы, жиырма бес, қара ала т.б.
Қысқарған сөздер - күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. БҰҰ, ҚазМҰУ, ҚР, г, см т.б.
Дескриптор.
oo мәтіннен жалқы есім, тіркескен сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай кестеге жазады;
oo оны ережемен дәлелдейді.
ҚБ
Тақырыпқа байланысты анықтамалар жүргізеді.

Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтіннен тақырыпқа қатысты деректерді жинақтаңдар, сол арқылы диаграмма, сызба түрінде графиктік мәтін құрастырыңдар.

Мәтінді мұқият оқиды.
-мәтіннен тақырыпқа қатысты деректерді жинақтайды.
-диаграмма, сызба түрінде графиктік мәтін құрастырады.
-графиктік мәтіндерін оқиды.

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, баяу музыка ырғағымен мұғалім көрсеткен қимылдарды жасайды.

Мәтіндегі жалқы есім, тіркескен сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай кестеге жазыңдар, оны ережемен дәлелдеңдер.

Мәтіннен жалқы есім, тіркескен сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай кестеге жазады;
-оны ережемен дәлелдейді.

ҚБ
Төмен жауап
Жақсы жауап!
Тамаша жауап!

ҚБ
Төмен жауап
Жақсы жауап!
Тамаша жауап!

ҚБ
Төмен жауап
Жақсы жауап!
Тамаша жауап!

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
196-бет
437-бет
623-бет

Әр топқа мәтін жазылған кеспе қағаздар таратылады.

Қазақ тілі оқулығы
6-сынып.
<<Атамұра - 2018>>
16-бет.

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/15323

https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/15323
Сабақтың соңы

Рефлексия.
Оқушылар шеңберге тұрып, бүгінгі сабаққа байланысты ой қорытады.
<<Не қиын? Не қызық? Не құнды?>>
Үй тапсырмасы: Әлемге әйгілі таулар туралы қосымша ақпарат жинақтау, биік таулар туралы фото коллаж жасау.

Қосымша ақпарат
Дифференциация.
1.Оқу мақсатынан сабақтың мақсаты тақырыпқа сәйкес нақтыланады.
2.Топтық және жеке тапсырмалар нәтижеге байланысты сараланады.
3.Оқушыға жеке қолдау көрсету мақсатында, қабілеті төмен оқушыларға тапсырма барысында диаграмма, сызба үлгілері, ережелер жазылған көмекші құралдар көрсетіледі.
4. Оқушыларға қолайлы орта қалыптастыру үшін, <<фазл құрау>> арқылы ыңғайлы топ анықталады. Әрбір сурет қиындысының келесі жағына оқушылардың есімдері жазылуы бойынша топтасу жүзеге асады.
Бағалау .
Топтық жұмыста <<Екі жұлдыз бір тілек>> әдісімен қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. << Бір мадақ, бір ұсыныс, бір түзету>> әдісімен жеке жұмысты бағалау жүргізіледі. Сабақ соңында << Не қиын? Не қызық? Не құнды?>> екенін талдай отырып, әр оқушы кері байланыс береді.
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті нәрселер пайдаланылмайды. Сынып қауіпсіздік ережелері сақталады. АКТ таныстырылым кезінде уақытымен қосылып, кейін өшіріліп қойылады. Оқушыларды сергіту мақсатында, қимылды жаттығулар жасау арқылы <<Тауға шығамыз>> сергітуі орындалады.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Ұқсас жұмыстар
Біріккен сөздің емлесі
Сөйлемнен шылауды тап
Төмендегі үстеулерге мағынасы жуық үстеулер тауып жаз
Шылауларды тап
Жеті ғажайып сыры
Сын есімнің мағыналық түрлері жайлы ақпарат
Дара және күрделі сөздер
Үстеу. 7 сынып
Күрделі сөздер қос сөздер біріккен сөздер тіркескен сөз қысқарған сөз
Сөздердің байланысу түрлері
Пәндер