Ақмолада Жас қазақ

Сабақтың барысы:
(Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық тренинг жүргізеді
Жаңа сабаққа кіріспе
«Миға шабуыл» әдісі
- Сәкен Сейфуллин қандай ақын?
- Поэманың құндылығы неде?
Армысыздар, құрметті қонақтар! XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде - ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» деп аталатын әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Диас:
- Атыңнан айналайын қайран Сәкен, Ұмытпан демім бар да тұлғаңды әсем. Ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастаған, «Тар жолда, тайғақ кешіп» болдың көсем.
Маржан:
- Қуанды елің, өшкенімді жандырдың, Ерлігіңмен ел мейірін қандырдың. Ту түбінен таймай барып ту алып, Ер атыңды мәңгі өшпестей қалдырдың.
Сабақтың ортасы
26 мин.
Сәкен - біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер Сәкен - өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Сәкен - тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлы да сазды ән шығарған талантты композитор.
Ақын :
1. «Өткен күндер» (1914), «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926)
2. Поэмалары: «Аққудың айырылуы» (1925), «Советстан»(1925) , «Көкшетау» (1929), «Альбатрос»(1933), «Қызыл ат» (1933-34)
Жазушы:
1. Повестері: «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы (1927)
2. Драматург: «Бақыт жолына» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920)
Педагог: Әдебиет тарихын зерттеуші ғалым: «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»,
«Батырлар», «Қазақ әдебиеті»
Публицист:
Композитор: «Біздің жақта», «Сарыарқа», «Көкшетау», «Ақсақ киік», «Тау ішінде», «Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар»
Өмірінен деректер:
1905-1908 Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.
1908-1913 Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде оқыды.
1913-1916 Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған
1917 Ақмола Совдепі президиуымының мүшесі.
1918-1919 1918 маусым ақ казактар мен контр-революцияшыл чехослвактардың көтерілісі кезінде Ақмолада Кеңес өкіметі құлап, Сәкен жолдастарымен революция дұшпандарының қолына түседі, Ақмолада, Петропавл түрмелерінде, атаман Анненковтың «Азап вагонында», Колчактың Омбы лагерінде ауыр азаптар шегеді.
1919ж. Қашып шығып, «Дүйсенбі» деген жалған ат жазылған құжатпен жаяу Павлодар, Баянауыл арқылы туған еліне жетеді. Одан кейін қазіргі Тараз қаласына келіп, Совдептің көмегімен Сарысу, Шу өзенінің бойындағы елдерде кеңестендіру жұмысын жүргізеді. Елді Колчак үстемдігіне қарсы көтеріліске ұйымдастырып, Ақмола уезінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысады.
1920 Қазақ Автономиялық Республикасы құрылған съезде Қазақстан Орталық Атқару комитетінің Төралқа мүшесі болып сайланады. Жер-су комиссиясының төрағасы.
1922-1925 Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.
1922 «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы.
1925 Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының басшысы.
1927 Қызылорда Халық ағарту институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директорыы.
1932 «Әдебиет майданы» ( қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы.
1934 Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры.
1936 Әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған Еңбек Қызыл ту ордені берілді.
1937 Тұтқындалды.
1938ж. 26. 02. «Халық жауы» ретінде атылды.
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz