Сабақ басталар қуанышты сәт: мәнерлеп оқу байқауының тәрбиелік сабақ жоспары

Ж. Қаналиева

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Жосалы кенті

№ 105 орта мектеп

Тақырыбы : «Сабақ басталар қуанышты сәт . . . »

Мақсаты : Оқушылардың бойында азаматтық пен қазақсатандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін дәріптеуге, ана тілін құрметтеуге, қазақ елінің өткені мен бүгінгісін танып білуге атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру .

Көрнекілігі : Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта

Ұлағатты сөздер :

«Мектеп - ғылым патшасы »

«Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы »

«Күш - білімде »

БАРЫСЫ:

І . Ұйымдастыру .

Әнұран орындалады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды . Оқушыларды марапаттау.

І . Кіріспе сөз .

Мұғалім : Ана тілде тұңғыш анам үйреткен,

Осы тілде алғаш мені сөйлеткен.

Ана тілде сырын ұқтым өмірдің,

Ана тілде жырын ұқтым көңілдің.

Армысыздар, ұстаздар, оқушылар ! Мектеп әрқашан оқушысымен көрікті, олай болса «Сабақ басталар қуанышты сәт . . . » дивизімен өткелі отырған мәнерлеп оқу байқауымызға қош келіпсіздер.

Байқауымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен таныстырып өтсем :

Байқау ІІІ турдан тұрады.

І тур «Білімсіз күнін жоқ» ақын жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу

( мектеп, білім, тіл)

ІІ тур «Менің арманымдағы мектеп » тақырыбында сурет байқауы (оқушылардың қиялынан туған сурет көрмесі )

ІІІ тур «Менің мектептегі алғашқы күнім » эссе жазу

І ТУР . «Білімсіз күнін жоқ» ақын жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу.

Жылдар - жылдар жан бесігін тербеткен,

Шуағында білім алып ер жеткен.

Таңын шықтай, балалық шақ бал дәурен,

Арманымның ақ қанаты серметкен.

ІІ тур «Менің арманымдағы мектеп » тақырыбында сурет байқауы (оқушылардың қиялынан туған сурет көрмесі )

ІІІ тур «Менің мектептегі алғашқы күнім » эссе жазу

Эссенің шығарма мен мазмұндамадан өзгешілігі бар. Ол - еркіндік пен батылдық, өжеттікке жол беретін ой алаңы. Шағын көлемді, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні десек те жарасымды.

СЕРГІТУ СӘТІ :

М орфология (сөз бен оның формалары туралы тіл білімнің бір саласы)

Е тістік (заттың қимылын, іс- әрекеті мен амалын білдіретін сөз табы)

К өнерген сөздер (хан, тақ, уәзір, атшабар, құл қандай сөздер)

Т асымал (сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынының келесі жолға бөлініп жазылуын)

Е сімдік (жіктеу, сұрау, сілтеу, өздік бұлар неге жатады)

П ысықтауыш (сөйлемдегі іс - әрекетті, оқиғаның мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше)

ІІІ. Қорытынды . Оқушыларды марапаттау.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып әдебиеттік оқу: Көжек ертегісі бойынша мәнерлеп оқу және тәрбиелік-дамытушылық сабақ жоспары
Диқан тірек мектебінің (ресурстық орталығы) Елім менің Тәуелсіз Қазақстан тақырыбындағы патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауының сценарийі
Махамбет Өтемісұлының өлеңдері: көркемдік талдау және мәнерлеп оқу сабақ жоспары
Ф. Оңғарсынова Қанат туралы хикая өлеңіне арналған сабақ жоспары: мазмұнды түсіндіру, мәнерлеп оқу және тәрбиелік-шығармашылық тапсырмалар
Көктемгі арулар байқауының оқу-тәрбиелік сценарийі (Тассуат орта мектебі, 2009-2010 оқу жылы)
Жұлдызды сәт - пәнаралық викторина сабақ жоспары
Батылдық пен өжеттілік: оқу-тәрбиелік сабақ жоспары
Б.Бұлқышевтің Ана мәтіні бойынша ашық сабақ (4-сынып, мәнерлеп оқу)
Қадір Мырза Әлидің Дала өлеңіне арналған мәнерлеп оқу мен мазмұндық-шығармашылық сабақ жоспары
Мәтінмен танысу және мәнерлеп оқу: халық поэзиясын оқытуға арналған үлгілік сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz