Мәтінге сай суреттер

9. Т/А. 3. тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу
9. 1. 5. 1 мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау
Оқушылардың барлығы үшін: Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты анықтау, өмірмен байланыстырып әңгімелеу
Оқушылардың көпшілігі үшін: Мәтіндегі ақпаратты анықтап, өмірдегі мәселелермен байланыстырып түсірдіру
Кейбір оқушылар үшін: Ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырып, өз көзқарасы тұрғысынан түсіндіру
-мәтінді тыңдап, негізгі ойды анықтайды;
- автордың негізге ойына тұжырымдама жасап, ақпараттың шынайылығын анықтайды
Сабақтың басы
(5 минут)
«Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «СЕНІМ АРАЛЫ»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен . . . » сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т. б.
АЙТЫЛЫМ.
Үй жұмысын тексеру
«СЫЗҒЫШ» ӘДІСІ
Бұл кімнің сөзі? Сабақтың бөлімінде әр қатарға үш сөзден оқылады. Кімнің сөзі екенін табу керек. (билердің айтып кеткен қанатты сөздерін айту)
СЫНЫПТЫ ЕКІ ТОПҚА БӨЛУ.
Сыныптың әр - бір жеріне шашылып тасталған қыран мен сұңқардың суреттерін білім алушылар өз беттерінше іздеп табады. Сол суреттер арқылы білім алушылар екі топқа бөлінеді.
Қолпаштау
Бір сызық бойымен тұрып қанатты сөздерді айтады, тыңдаған оқушы сөз иесін табады.
Қыран мен Сұңқар тобы болып екіге бөлінеді.
Сабақтың ортасы
(6-37 минут)
1. Оқылым. Айтылым
Жаңа сабақ «Төле би»
«ТҰЛҒАНЫ ТАНЫ»
- Әйтеке би
- Қазбек би
- Төле би
Бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырамын. Төле би туралы қысқаша ақпарат беремі. Төле бидің ата-бабасы туралы айта кетемін.
Төле би.
Төле би Әлібекұлы 1663-1756 жылдары қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жайсан ауылында дүниеге келген. Төле бидің жеті атасы:
Тақырыпқа сай бейнебаян.
ЖАҢА СӨЗДЕР
Билік -власть
Әділ - справедливый
Шешен - оратор
Аңыз - легенда
Жұрт - народ.
Дана - мудрый
Білім алушылардың сөздік қорын байыту, жаңа сөздерді үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
- «Араласып оқу» әдісі арқылы мәтінді оқытады.
- Мәтінге ат қояды.
- Түртіп алу әдісі арқылы жаңа сөздермен жұмыс.
15 жасынан билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылған Төле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деген атпен де танымал. Ол туралы аңыз да бар.
Аңызға сүйенсек, Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі болған.
Төле би ел арасында "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен. Аңыз бойынша, елге жоңғарлар шауып, ауыл адамдары үйлерін тастай қашқан.
Осы уақытта тек Төле би ғана түтінін бұзбастан орнында отыра беріпті. Ауылға басып кірген жоңғар қонтайшысы түтінін тұтатқан жалғыз үйді көреді. Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұраспастан, бірден жауап алмаққа дүрсе қоя береді. Жұртпен бірге бас сауғалап, үйін тастамағанының себебін би былай түсіндірген екен: "Биыл шаңырағыма қарлығаш ұя салған екен. Балапандары қанаттанғанша үйімді бұзбайын деп шештім. Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандарын шырылдатқым келмеді. Сендердің де үйлеріңді ойран етіп, бала-шағаларыңды шырылдатса, өздеріңе жақсы болар ма еді?"
Төле бидің жауабын естіген жоңғар қонтайшысы Төле биді әулие деп танып, әскеріне би шаңырағына да, ол отырған ауылға да шаппауын бұйырады. Содан бері Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кеткен екен.
2-тапсырма
Мәтін бойынша сұрақ құрастыру.
- Төле би халық арасында қандай атпен танымал болған?
- Төле би неше жасында билікке араласқан?
- Төле би қандай адам болған?
- Неліктен Қарлығаш би аталып кеткен?
«Шындық - жалған» әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгенін анықтау.
АҚПАРАТТАР.
Төле би 15 жасынан билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылған.
(шындық)
Төле би халық арасында «Көгершін әулие», «Көгершін би» деген атпен де танымал.
(жалған)
Баса көктеп үйге енген жоңғарлар жөн сұрасып, дастарқан басына отырады.
(Жалған)
Жау жағадан алды екен деп ұясын бұзып, балапандарын шырылдатқым келмеді.
(шындық)
СЕРГІТУ СӘТІ
«Таңғажайып дорба»
Білім алушыларға дорбаны ашып сергіту жаттығуларын жасатады.
«ОҚИҒА КАРТАСЫ»
Мақсаты: Оқушылар мәтін мазмұнымен танысып болған соң, сюжеттік желіге сәйкес негізгі оқиғалардың суретін қарап отырып айтып береді.
1. Оқиға картасы мәтін желісі бойынша кетеді.
3. Жазылым
Дәптермен жұмыс.
Мақсаты. Тірек сөздер арқылы Төле би туралы сөйлем құрау, тақтаға жазу
Тірек сөздер:
- Қарлығаш
- Орта бойлы
- Шаңырақ
- Ұя
- Ақын
Сөйлемдер: Қарлыған біздің үйге ұя салды.
Жұптық жұмыс.
КЛАСТЕР ӘДІСІ
Рефлексия.
"Бұл мен"
Мұғалім білім алушыларға тақтада жабысып тұрған екі сұлбаны ұсынады.
Білім алушылар өздерінің көңіл-күйіне сәйкес келетін үлгіні таңдау ұсынылады.
Оқылым. Айтылым .
Оқушылар тақтадан үш бидің суретін
көреді, әдіс бойынша суреттегі билерді атап көрсетеді.
Білім алушылар «Тұлғаны таниды» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
Ақпаратпен танысады.
Бейнебаянды тамашалайды. (Бейнебаян кім туралы екенін айтады)
Дескриптор:
Тақырыпты ашып, балалардың қызығушылығын арттыру үшін бейнебаян тамашалайды.
Жаңа сөздермен танысады. Аудармасын айтады. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрайды.
Құраған сөз тіркестерін тақтаға жазғызады.
Дескриптор:
- Мәтінді тізбектеп оқиды.
«ЖАПОНДЫҚ ТАЯҚШАЛАР» әдісі.
Бұл үшін оқушылардың қолында таяқша болады оқушы таяқшаны кезекпен бір-біріне беріп
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz