Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері

Бекітемін: М. Едігеева
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Қатыспағандар саны :
Барлық оқушылар : Публицистикалық стильдің тіл ерекшелігін таниды, түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Публицистикалық стильді басқа стильдерден ажыратады.
Кейбір оқушылар : Публисистикалық стильде жазады, талдайды.
Ауызша және жазбаша мәтін құруға дағдыланады.
Өз тілін, әдебиетін, тарихын құрметтейді.
Талдайды, сараптайды.
Тілдік дағдылар : қазақ әдебиеті, көркемдеуіш құралдар
Терминология :
Сөз тіркестері:
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
Қарым-қатынас жасау мәдениеті
Өмір бойы оқуға дайын болу
І . Үй тапсырмасын сұрау. “Сұрақтар шеруі” әдісі бойынша.
- Публийистикалық стильдің мақсаты не?
- Публицистикалық стильді қайда қолданамыщ?
- Стильдік сипаты не?
- Қандай тілдік амал-тәсілдер қолданылады?
ІІ. Жаңа сабақ. Публицистикалық стиль
Публицистикалық стиль - қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функционалдық стильдердің бірі. Публицистика - қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуіне атсалысатын айбынды құралы. Бұл стиль тыңдарман мен оқырмандардың арасына кең таралуымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен сипатталады. Тілші-ғалымдар публицистикалық стильдің жазбаша түріне газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, ал ауызша түріне шешендік сөздерді жатқызып жүр.
Публицистикалық стильге қойылатын талап - қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол тілдік құралдарды қолдана білуден байқалады.
Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда перифразалардың (ақ алтын - мақта, күріш; қара алтын - көмір, мұнай; екінші тың - қойшаруашылығы, көгілдір тың - құсшаруашылығы) ; морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық) ; бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т. б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешелігін көрсетеді.
«Қазақ тілінің стилистикасы» оқулығынан
"Радио", "Газет - журнал", "Теледидар" «Интернет желісі» ақпарат құралдарының публицистикалық стильді қолданудағы ерекшеліктері туралы жан - жақты айтып береді.
Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай оқушыларға радио, теледидар, сұхбат, газет-журнал жанрлары арқылы жеткізуді тапсырамын.
Үйге тапсырма:101 -жаттығу.
Рефлексия.
«Бес саусақ» тәсілі.
Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта қандай мәселе болды?
Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта, жұпта қандай жұмыс жасадым?Кімге көмек бердім?
Ортан терек- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?
Кішкентай бөбек- көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz