Сөз маржаны

Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларды мақал-мәтел айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін табуға, жылдам жаңылтпаш айтуға, шарадалар мен метаграммаларшешуге үйрету;
ә) халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушылардың ақыл - ойын, сана-сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін арттыру, тапқырлық қасиеттерін, көркем сөйлеуге баулу;
б) Халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, Отанды, ата - ананы құрметтеуге тәрбиелеу, мәдени мұраны қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакатқа жазылған тақырып, жұмбақ, мақал-мәтелдер туралы әдебиет зерттеушілерінің сөзі, шарға жасырылған жұмбақтар, карточкалар, интерактивті тақта, flippity. net сайтындағы кездейсоқ сандар гетарнераторы.
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын, сайыс.
Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта төрт оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады. Топтар өздерін таныстырады. Топ атауы, ұраны айтылады.
Сайыстың кезеңдері:
1 - кезең. Мақал - сөздің мәйегі.
а) сөзге мақал құрастыру;
ә) берілген мақалдардың жалғасын табу;
2-кезең. Кім тапқыр? Жұмбақ шешу сайысы
а) жұмбақ шешу;
ә) қарсы топқа жасыратын жұмбақ дайындап келу.
3-кезең. Кім жылдам? Жаңылтпаш айтып жарысу
4 - кезең. Сөз маржаны (тұрақты тіркестердің мағынасын табу. )
5 - кезең. Шарадалар шешейік.
6 - кезең. Метаграммалар мәні.
Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,
Келген жоқпыз кешке бекер еруге
Тиістіміз болашақтың алдында,
Тік түрегеп, тура жауап беруге.
Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар, - дегендей оқушылардың тапқырлығы мен ой - өрісін тексеру мақсатында сайысымызды бастаймыз.
Бірінші кезең.
А) Берілген сөзге мақал айту. Генератор, спиннерді айнладырып, берілген сөзге мақал айтыңыз.
Берілген сөздер:
Отан
Ана
Бала
Табиғат
Еңбек
Ата, әке
Ұл, қыз
Білім
ә) Интербелсенді тақтада көрсетілген мақалды жалғастырыңыз.
1. Баланың ұяты - әкеге . . . (қыздың ұяты - шешеге. )
2. Атаңа не қылсаң, . . . (алдыңа сол келер. )
3. Туған жердей жер болмас . . . (туған елдей ел болмас. )
4. Батыр туса - ел ырысы, . . . (жаңбыр жауса - жер ырысы. )
5. Қыстың қамын жаз ойла, . . . (жаздың қамын қыс ойла)
6. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, . . . (алтау ала болса, ауыздағы кетеді. )
7. Әдепті бала - арлы бала, . . . (әдепсіз бала - сорлы бала. )
8. Ұяда не көрсең . . . (ұшқанда соны ілерсің. )
9. Анаңа ауыр сөз айтпа, . . . (атаңа ауыр жүк артпа. )
10. Жақыныңды жаттай сыйла, . . . (жат жанынан түңілсін. )
Екінші кезең. Кім тапқыр? кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар берілген жұмбақтарды шешеді және бір-біріне жұмбақтар жасырады.
А) Берілген жұмбақты шешіңіз.
Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап - қатты,
Ал асқанда, тәп - тәтті.
(Асқабақ)
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.
(Сөз)
Қауаққа да ұқсаған,
Алмұртқа да ұқсаған,
Аузы бар, тілі бар,
Білер көріп, ұстаған.
(Қоңырау)
Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.
(Электр шамы)
Сырғалы құлақ бір,
Үн - түнсіз сұрап тұр.
(Сұрақ белгі)
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.
(Шайнек)
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)
Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)
Ә) бір- біріңізге жұмбақ жасырыңыздар.
Үшінші кезең. Кім жылдам? Жаңылтпаш айтып жарысу. Бұл кезеңде карточкада берілген жаңылтпаштарды жылдам айтыңыздар. Алдымен асықты алып, онда жазылған санға сәйкес нөмірленген карточканы алып, ондағы жаңылтпашты тез, жылдам, барынша көп рет қайталауы керек. Дайындыққа 1 минут уақыт беріледі.
- Хакім хат ашып отыр.
Хат ашып, шатасып отыр.
- Шабысты ат,
Шалыс шаппас,
Шалыс шапса,
Алыс шаппас.
- Шеше, шеше, неше кесе сынды кеше?
- Көк есек көк теректі тепті,
Көп есек көк теректі жепті.
- Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан.
Басқарақ асқабақ әкелді.
- Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
- Сұр інген сүрінген бе?Сүрінген сұр інген бе?
- Бұлаң - бұлаң еткен бұлаңБұлаң десем, екен қылаң.
Төртінші кезең. Сөз маржаны. Тұрақты тіркестердің мағынасын табу. Жүргізуші оқыған тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табуға тырысыңыздар.
- Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй) 2. Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізе алмау) 3. Ит өлген жерде. (алыс, қашық) 4. Қас пен көздің арасында. (лезде, тез, жылдам) 5. Төбе шашы тік тұру (қорқу, үрейлену) 6. Тайға таңба басқандай. (анық, нақ) 7. Үріп ауызға салғандай. (әдемі, сұлу
8 . Тонның ішкі бауындай (тату)
Бесінші кезең. Шарадалар шешейік.
- Алғашқы түбiр сөз -Бояудың түрi. Екiншi түбiр сөз -Өсiмдiктiң бiрi. Екеуiн қосып оқысаң -Курорт iрi. Оңтүстікте өзі. (Сары + Ағаш - Сарыағаш)
- Алғашқы түбiр сөз -Аспаннан тұрған сорғалап. Екiншi түбiр сөз сүт тағамы доңғалақ. Екеуiн қосып оқысаң -Жəндiк жүрген жорғалап. (Жауын + Құрт - Жауынқұрт)
- Бiрiншi түбiр сөз -Тəттi дəм ол бiр. Екiншi түбiр сөз -Тамшы мөлдiр. Екеуiн қосып оқысаң -Топырағы шыланған жер бұл. (Бал + Шық = Балшық)
- Бiрiншi түбiр сөз -Өссе, қидырып аларың. Екiншi түбiр сөз -Аты көне қаланың. Екеуiн қосып оқысаң -Сəн маманы. (Шаш + Тараз = Шаштараз)
- Бiрiншi түбiр сөз -Бояу жағатын. Екiншi түбiр сөз -Сүттен жасайтын тағамың. Екеуiн қосып оқысаң -Улы жəндiк шағатын. (Қара +Құрт = Қарақұрт)
- Бiрiншi түбiр сөз -Төл атауының бірі, мұны. Екiншi түбiр сөз -мал ағзасының бiрi. Екеуiн қосып оқысаң -Саңырауқұлақтың түрi. (Қозы + Құйрық = Қозықұйрық немесе қозықарын)
- Бiрiншi түбiр сөз -Сан. Екiншi түбiр сөз -Ас үйдiң заты. Екеуiн қосып оқысаң -Құстың аты. (Бiр + Қазан = Бiрқазан)
- Бiрiншi түбiр сөз -Айға қойылған ат. Екiншi түбiр сөз -Желден тасаланар жердi тап. Екеуiн қосып оқысаң - От жағуға керек сұйық зат. (Тамыз + Ық = Тамызық)
Алтыншы кезең. Метаграммалар мәні.
Ж-дан егер бастасақ
Желбіреймін төбеңде
П-дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде.
Жауабы: Жалау-палау
Ж әрпінен бастасақ
Жатарыңда керекпін.
Ж-ны алып тастасаң
Дүйім елге қорекпін.
Жауабы: Жастық-астық
"Қ"-дан бастап, аяқтасаң,
Бес әріпті думанмын.
"Қ" орнына "с" қойсаң,
Нүктелерді қосамын.
Жауабы: Қызық - сызық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz