Мектепішілік математика апталығының ашылу сценарийі

Тақырыбы: «“Математика- ғылым бастауы”»
Мақсаты: • Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты - оқушылардың стандартты және стандартты емес білімін шыңдау;
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;
• Математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Барысы:
Ашылу әуені ойнайды.
1- Жүргізуші
Армысыздар ұстаздар!

Шәкірттер мен ұландар!

Көптен күткен сәт келді,

Бізге назар салыңдыр!

2- Жүргізуші
Бүгінгі кеш төріне
Дарындылар еліне

Математика ғылымы,

Информатика ілімі

Келді міне, біздерге!
1- Жүргізуші
Құтты болсын апталық,

Қызықтан құр қалмайық!

Есеп шешіп, жарысып,

Бар жігерді салайық!
2-жүргізуші
Батыл қадам бастайық
Білімді кәне шыңдайық!
Апталықты ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
1-жүргізуші.
Барлықтарыңызды математика пән апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, түрлі сайыстар мен жарыстар. . Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
2-жүргізуші : Барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін егіз пәннің апталығын асыға күттік. Ендеше апта бойында ұстаздарымыздың біз үшін дайындаған әрбір іс-шараға белсене қатысуға шақырамыз!

1-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ендеше математикаға орай дайындалған Ы. Алтынсарин хорын назарларыңызға ұсынамыз. Ортада 5 «В» сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар!

2-Жүргізуші : Жарайсыңдар! Өнерлерің мен білімдерің шарықтай берсін!

1-Жүргізуші : Иә сенімен келісемін. Сандар бір-бірімен үйлесіп әдемі математикалық теңдіктерге айналды. Айтшы, . Сен неше жасыңда санап үйрендің?

2-Жүргізуші : Мен 2 жасымда санап үйреніп, 3 жасымда есептер шығаратынмын. Бұл жетістігімнің себебі әжем және ол үйреткен санамақ.

1-Жүргізуші : Қызық екен. Ол қандай санамақ?

2-Жүргізуші : Ендеше айтып берейін:

Бір дегенім- бесік,
Шықтым содан өсіп.
Екі- дегенім елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім- үміт
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім- төзім,
Төзе білем өзім.
Бес- дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Алты деген- ақыл,
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген- жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз деген- сөзім
Серт беретін кезім
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он- дегенім Отан
Қорға соны ботам.

1-Жүргізуші: Рақмеет, жарайсың! Ендеше, оқушылардың математикалық жырларын тыңдайық.

Ортада 5 сынып оқушылары

(Математикалық тақпақтар)

2-жүргізуші: Жарайсыңдар.

1-жүргізуші : Ал, дарынды дарабоздар, сіздерге Өз өнерін көрсететін келесі өнерпаздарды шақырайық!

Мектебіміздің биші қыздарын «Қамажай» биімен сахнаға шақырамыз!

2-жүргізуші: (Көңілді сұрақтар)

Құрметті оқушылар, енді сіздерге дайындалған көңілді логикалық сұрақтарға кезек берейік. Сол үшін ортаға әр сыныптан бір оқушыдан шақырайық!

1-Жүргізуші:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көзде жалын бар.
Жалықпайтын, оқып білім алатын,

Білімнің кілтін тауып, аша алатын,
Өздеріңе арналады келесі күй, орындалатын.

1-Жүргізуші: мектебіміздің жезтаңдай күйшісі 6 «Д» сынып оқушысы Абдуали Нұрдаулетті «Домбыра» күйімен қарсы алыңыздар!

2-Жүргізуші: Жарайсың!

1-Жүргізуші: Ортада салтанатты ашылуды қорытындылай келе әдемі әнімізді қабыл алыңыздар.

Орындайтын: сынып оқушысы -

Қол соғып, қарсы алайық!

2-Жүргізуші :Ендеше апталығымызды ашық деп жариялап, ортаға мектеп басшысы Жуманов Бағдан ағайға сөз кезегін ұсынамыз!


Ұқсас жұмыстар
Тілім менің тірлігімнің айғағы атты тіл апталығының ашылу салтанатының сценарийі
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ тақырыбындағы математика пәні апталығының ашылу салтанаты мен бағдарламасы (2012-2013 оқу жылы, Белбасар ауылы)
Мектепішілік математика сайысының сценарийі: Дарындылар додасы
Семей қаласы №21 жалпы орта білім беру мектебіндегі Жас ұстаздар апталығының ашылу салтанаты
Ақтөбе қаласы №16 орта мектебінің Химия, Биология және География апталығының ашылу және жабылу салтанаты (2015-2016 оқу жылы)
Менің отбасым және математика: 5-сыныптар арасындағы мектепішілік математикалық ойын сайысының сценарийі
География әлеміне саяхат - мектепішілік апталығының ашылуы және экологиялық-танымдық іс-шаралар
Математика, информатика және физика апталығының жабылуына арналған Толағай сыныпаралық сайысы
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика: мектептік математика-физика-информатика апталығының бағдарламасы
Математика - ақыл ойдың әуені: 13-17 қараша 2023 ж. математика, физика және информатика пәндері апталығының қорытындысы (Ақбұлақ жалпы білім беретін мектебі, Ордабасы ауданы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz