Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Топ аттары

Тәрбие сағаты жоспары
Бөлім:

Педагогтің аты-жөні:
Жамбылова З.М
Күні:
20.12.2024ж
Сынып: 7
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Жаным толған жақсылық
Сабақ мақсаттары
1) Балалардың <<жақсылық>>, <<махаббат>> құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
2) Оқушылардың санасына жақсылық ұғымын қалыптастыру.
3) Оқушыларға <<жақсылық>>, <<жақсылық жасау>> туралы білімдерін кеңейту, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Құндылықтарға баулу
Баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру;
Құндылықтарымыздың идеялық ерекшеліктерінің мазмұнды тəрбиесінің ұлтжандылық тұғырын орнықтыру.
Сабақ барысы:
Уақыты/
кезеңдері
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
) <<Дәстүрлі емес амандасу>>
Сәлем - сөздің анасы демекші алдымен бір-бірімізбен ерекші амандасып алайық. Барлық оқушы ортаға шығып, екі-екіден қарама-қарсы тұрады.
ü Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу;
ü Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу;
ü Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу;
ü Маңдайларын бір - біріне тигізіп сәлемдесу.
2) Топқа бөлу.
Сыртында топ аты жазылған тәттінін біреуін ғана таңдап, сол орынға барып отырады. Топ аттары: Мейірімділік, қамқорлық, адалдық.

Амандасады. Дәйек сөзді хормен оқиды.
Мадақтама
Слайд
Сабақтың ортасы

7 минут

3 мин
<<Жаным толған жақсылық>> атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар. Егер адам басқаларға жақсылық жасап, қиын кезеңде жақсылық көрсетсе, ол да оған жанашырлық танытады. Жақсылық жасау әрбір адамның міндеті.
Көп адам жақсылыққа жақсылық жасай алғанымен, жамандық жасаған адамға келгенде, жақсылық жасай алмасы анық. Былайша айтқанда, жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі болғанымен, жамандыққа жақсылық тек ер кісінің ісі деуге болады.

2. Миға шабуыл
Оқушылар төмендегі аңызды мұқият тыңдап, сұраққа жауап береді.
Ерте-ерте, ертеде, жер бетінде Махаббат есімді бір қыз өмір сүріпті. Оған жер бетінде доссыз қызықсыз болыпты. Сөйтіп, ол, қарт сиқыршыға жолығуға шешім қабылдайды:
- Ата, өмір бойы менімен дос болатын қыз тауып беруге көмектесіңізші, - дейді.
Сиқыршы ойланып тұрып былай дейді:
- Ертемен алғаш құстар сайрағанда және шық әлі құрғамай тұрған кезде маған кел.
Ертемен Күннің алқызыл шапағы жерге түсе тастаған кезде Махаббат уәделескен жерге келеді.
Келіп қараса, бірінен-бірі өткен әдемі бес қыз тұр екен.
- Міне, таңда,- деді сиқыршы, - біреуінің аты Шаттық, бірінікі Бақыт, үшіншісі - Сұлулық, енді бірінікі - Қайғы, бесіншісі - Жақсылық.
- Олардың бәрі әдемі, бәрі сұлу, қайсысын таңдарымды білмей тұрмын, - деді Махаббат.
- Рас айтасың, олардың бәрі жақсы, және сен олармен өмірде кездесесің, мүмкін дос болып қаларсың, бірақ қазір олардың біреуін таңда. Ол саған өмір бойы дос болады.
Махаббат қыздарға қарай жақындап және олардың әрқайсысының көздеріне қарады. Махаббат ойланып қалды.
- Балалар, егер сіздер сол қыздың орнында болғанда қайсысын таңдар едіңіз?
Махаббат Жақсылық атты қызға жақындап, оған қолын созды.
- Қайлай ойлайсыздар, неге Махаббат Жақсылықты таңдады?
- Ендеше, біздер не жайында әңгімелесетінімізді аңғарған боларсыздар?
(жақсылық жайында)
3. Жақсылық туралы мақал-мәтел
Мақалдың алғашқы бірінші жолын айтамын, келесісіне оқушылар жауап береді.
1. Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.
2. Жақсының - жолы ашық.
3. Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі
4. Жақсыменен дос болсаң - қасында жүрер бөбектеп,
Жаманменен дос болсаң - артыңнан жүрер өсектеп.
5. Жақсы жаныңа жолдас
Жаман малыңа жолдас
6. Жақсыдан қашпа
Жаманға баспа
7. Жақсыға сөз батады
Жаманға шөп батады
8. Жақсыны халық мақтар
Жаманды халық даттар
9. Жақсы өз басынан көреді
Жаман өз досынан көреді
10. Жақсыға шаң жуымас
Жаманға жан жуымас
4. <<Жаныңда жүр жақсылар>> ойыны
Жақсылық жаса досыңа,
Бірге ойнаған жасыңнан.
Қиналған кезде әрқашан,
Табылсаң болды қасынан.
Болғың келсе жақсы адам,
Жақсылық жаса әрқашан
Әр топтан екі оқушыдан шығады. Біреуі жіптің ұшын ұстап тұрады. Екінші оқушы сол оқушыға қарай жіпті айналдырып жүріп отырады. Жүрген сайын досының өзіне жасаған жақсылығын айтып отырады. Сөйтіп жіптің ұзындығы біткенше жалғаса береді.
5. Ситуациялық сұрақтар
1-топ:Сенің сыныптас жан досың көптен бері сабаққа келмей жүр. Оның себебі үйінде анасы сырқаттанып жатыр екен. Үйінде жалғыз бала. Анасы қарайтын басқа ешкім жоқ. Досың сабақтарды түсінбей жүргенін, сенен көмек сұрады. Сенің бос уақытың жоқ. Сен бұл тығырықтан қалай шығар едің?
2 - топ:Сенің досыңның мінезі ауырлау, тентек. Сол досың бір қиын жағдайға тап болды. Сенен көмек ретінде көп мөлшерде қаражат сұрады. Сен оқушысың, табыс таппайсың. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмектесесің?
3-топ:Көшеде кетіп бара жатып, бір қарт кісіні кездестірдің. Қарттың қолында ауыр сөмкесі бар. Балам, маған көмектесіп жібересіңбе айналайын деп сенен көмек сұрады. Сен өте асығыссың. Сенің іс-әрекетің?
6. Постер қорғау
1 - топ: <<Жақсылық>>
2 - топ: <<Жамандық>>
3 - топ: <<Асыл қасиеттер>>
7. <<Ыстық орындық>> көрермендермен жұмыс
Оқушылар постер қорғап жатқан кезде залдағы көрермендермен пікірталас ұйымдастырылды. Көрермендерге жақсылық туралы сұрақтар қойылды.
8. Қорытынды.
Бейнеролик. <<Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді>>.
Тапсырмалар орындайды.
Видеоролик қарап ойын айтады.
+/- бағалау

Сабақтың соңы
5 мин
Кері байланыс. <<Төртжақты жетістігім>> әдісі арқылы оқушылар сабақтағы физикалық, эмоциялық, зияткерлік, рухани жетістігімен бөліседі.

Тәрбие сағатына кері байланыс береді.

Ұқсас жұмыстар
Жалқы және жалпы есім. 3-сынып
Біріккен сөздер жайлы
Тақырыбы. біріккен сөз
Мұғаліміңіз қандай? 5-сынып оқушыларымен ойын
Табиғат және Қазақстанның табиғаты, оны қорғау туралы түсінік беру
Біріккен сөздер емлесі. 6-сынып
Зат мөлшері
Кешкі дөң басында
Сталиндік казармалық социализм туралы білу
Сөздерге сөйлем құрастыру
Пәндер