Тарих көшбасшысы

IMG_20151203_165534

ШҚО Күршім ауданы

«Үшбұлақ орта мектебі»КММ

Тарих пәнінің мұғалімі: Хасенова Гулмира Базаровна

Тақырыбы: Тарих көшбасшысы

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазіргі ғылыми білім негізінде дүниежүзінің өркениет құндылықтарын игеруге ниеттерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Жоғарғы сынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын.

Сабақтың барысы:
І Мұғалімнің кіріспе сөзі: құрметті әріптестер, оқушылар, бүгінгі Тарих көшбасшысы «Егемен елге - білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын оқушыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Солтанбек Назар 11-сынп оқушысы

2. Сайбек Досболат 11-сынып оқушысы

3. Тұзған Шыңғыс 10-сынып оқушысы

4. Базаров Ардақ 11-сынып оқушысы

5. Ақпай Қайнар 11-сынып оқушысы

6. Тұрсын Еламан 11-сынып оқушысы

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Қатты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сізге құрметпен қол соғылады дей келе, - ендігі кезекте бүгінгі ойыншыларымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп беретін әділқазылар мен таныс болыңыздар.

1. Сергалиева Назигул Алтаевна ( оқу ісінің меңгерушісі)

2. Тогузова Сәуле Халыққызы (тәрбие ісінің меңгерушісі)

3. Сыдықова Айнұр Алтаевна (География және математика пәнінің мұғалімі)

ІІ. Сайыстың барысы V кезеңнен тұрады :
1-2 кезеңде ұпай санын аз жинаған екі оқушы келесі кезеңге өте алмайды, ал ұпайды көп жинаған оқушылар келесі кезеңдерді жалғастырады.
І кезең «Бәйге».
ІІ кезең «Көкпар».
ІІІ кезең «Дода»
ІV кезең « Сөз тапқанға»

V кезең «Жорға»

Сәт - сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.
I - кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай. Жалаушаны бірінші көтерген ойыншы жауап береді. Егерде ол ойыншы дұрыс жауап бермесе жалаушаны екінші көтерген ойыншы жауап береді.
1. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған? (Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады)

2. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз) )

3. Неге Бәйтерек монументінің геометриялық өлшемдеріне дейін ( 97м) символдық мәні бар дейді?( Елорда Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифріне сәйкес келеді

4. ҚР Мемлекеттік Гимні ретінде қабылданған « Менің Қазақстаным» әні қай жылы жазылған және әнді алғаш орындаған кім?( 1959 ж. Жамал Омарова)

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?( 9 бөлімнен, 98 баптан)

6. Этнография нені зерттейді?(халықтардың шығу тегін, рулық-тайпалық және әлеуметтік құрамын, тұрмыс- тіршілігін, салт - санасын, әдет - ғұрып ерекшелігін зерттейтін ғылым)

7. Қабанбай батырдың шын есімін ата?(Ерасыл)

8. Абылайдың кеңесшісі( Бұқар жырау)

9. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген? (Отырар

10. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң: («Жеті жарғы)

11. Ханның мұрагерін қалай атаған? (сұлтан)

12. 1836-1838 жылдардағы көтеріліс басыларының бірі, жауынгер ақын. (Махамбет)

13. ҚР қанша облыстан тұрады? (14)

14. Мұсылмандардың қасиетті айы, күні түні? (Рамазан, Жұма, Қыдыр)

15. Томирис кім? (Сақ патшайымы)

16. Адам алғашқы құралды неден жасады? (Тастан)

17. ҚР астаналары болған қалаларды ата? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

18. А. Құнанбаевтың анасының есімі? (Ұлжан)

19. Наурыз мейрамы қай кезде тойлануға тыйым салынды? (КСРО құрамында болған кезде)

20. Абылай хан қай жылы дүниеге келді? (1711 ж)

II - кезең. « Көкпар

Тәуелсіз Қазақстан

1. Еліміз өз тәуелсіздігін қашан ресми түрде жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

2. Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні мейрамы қашан тойланады? (4 маусым күні)

3. Тәуелсіздіктің символына айналған Алматы қаласындағы ескерткіш (Тәуелсіздік монументі)

4. Еліміздің тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет. (Түркия Республикасы)

Тұңғыш елбасы

Еуразия жүрегі

1. Ақмола қаласы елбасының жарлығымен қай уақыттан бастап Астана деп атала бастады (1998 жылдың 6 мамырынан)

2. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат (Бәйтерек)

3. Дәстүрлі діни конфессия басшыларының жиналыстары өткен Астана қаласындағы пирамида түріндегі ғимарат қалай аталады? (Бейбітшілік пен келісім сарайы)

4. Астана қаласының қазіргі кездегі әкімі кім? (Иманғали Тасмағамбетов)

5. Елбасының 2005 жылы жарық көрген Астана қаласының тарихына арналған кітабы қалай аталады? “Еуразия жүрегінде

Тарихи тұлғалар

1. Кеңес Одағының батыры, тұңғыш Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің маршаллы

Сағадат Нұрмағамбетов

2. Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім? (Т. О. Әубәкіров)

3. Тәуелсіз еліміздің тарихында бірінші болып әдебиет жанрында Мемлекеттік сыйлықтың иегері болған жазушы кім? (Қалихан Ысқақов)

4. 2010 жылы елімізде Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, жазушы болып табылатын қандай ұлы тұлғаның 100 жылдығы аталып өтілді (Бауыржан Момышұлы)

5. “Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

Ата Заң

1. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды (1993 жылы 28 қаңтарда)

2. Қазіргі кездегі қолданыстағы Конституция қашан қабылданды (1995 жылы 30 тамызда)

  1. Барлық азаматтардың қатысуымен өтетін халықтың өз дауысын беру арқылы түйткілді мәселелердің шешімін табатын сайлаудың түрі (РЕФЕРЕНДУМ)
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрадыбөлім, 98 бап)
  3. Конституция баптарындағы заң нормаларының сақталуын, өзге заңдардың Конституцияға қайшы келмеуін қадағалайтын мемлекеттік орган (Конституциялық Кеңес)

Әлемдік қауымдастық

1. 2003, 2006, 2009 жылдары Астана қаласында елбасының басшылығымен кімдердің жиылысы өтті (Әлемдік дәстүрлі діни кофессия басшыларының съезі)

2. Елбасының халықаралық беделінің арқасында еліміз 2010 жылы қандай ұйымға басшылық етті (ЕҚЫҰ)

3. Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне қай жылы төрағалық етті (2011 жылы)

4. Әлем халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қолдау және қорғау бойынша қызмет атқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының органы (ЮНЕСКО)

5. Біріккен Ұлттар Ұйымының штабы қай қалада орналасқан? Нью-Йорк

Осы кезде ұпайы төмен екі ойыншымен қоштасамыз

1-2 кезең бойынша ұпай аз жинаған Дидар мен Назар мен қоштасайық бүгінгі ойынымызға барынша жақсы қатысқандарың үшін алғыс білдіреміз.

ІІІ -кезең «Дода»

Шарты: 9 ұяшықтан таңдап алған сұрақтарға жауап беру.

Ғылым 10 20 30

Тұлға 10 20 30

Спорт 10 20 30

“Ғылым”

10. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика)

20. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )

30. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )

“Тұлға”

10. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық Қаһарманы (Т. О. Әубәкіров )

20. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті (С. А. Назарбаева)

30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, (Қ. И. Сәтбаев )

«Спорт»

10. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )

20. Азиада - 2011дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды? ( ілбіс)

30. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион) .

ІV - кезең. « Сөз тапқанға» Үй тапсырмасы. 2 минут. Шарты: Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді? үй тапсырмасын қорғау. ( өмір сүргілері келетін мемлекеттің аты, шекарасы сызылған, туы, елтаңбасы, астанасы және өз мемлекеттеріне арнап 4 жол өлең шумақтарын арнау. )

Бұл кезең оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделген

Осы кезде ұпайы төмен бір ойыншымен қоштасамыз

Сайыскерлердің ішіндегі ұпайы төмен Қуанышпен қоштасайық.

Осы кезеңнен кейін жеңімпаз оқушыны анықтаймыз.

V - кезең Жорға

Басталады жорға деген сайысым,

Бұл сайыста озып шығар қайсысың?

Ойынның шарты: екі ойыншымызға да 15 сұрақтан беріледі. 1минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.

1 - ойыншыға сұрақ.

1. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)

2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)

3. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән( «Елім - ай»)

4. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде қанша бөлме бар? (35)

5. Алтын киімді адам қай жерден табылды? ( Есік обасынан 1969ж)

6. Абайдың әжесі ( Зере)

7. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдерКерей, Жәнібек)

8. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)

9. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен

шың. ( Талғар шыңы)

10. Қобыз атасы кім саналады. (Қорқыт)


Ұқсас жұмыстар
Ел -туымен тұғырлы,әнұранымен айбатты,елтаңбасымен еңселі
Интеллектуалдық шоу
Информатика көшбасшысы
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қанша
Экспо көшбасшысы
Еркін тақырып
Тәуелсіздік көшбасшысы (өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында өтетін зияткерлік сайыс)
Xxi ғасыр көшбасшысы. жоспар
Xxi ғасыр көшбасшысы жайлы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасының сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz