Меңгерілетін сөздер

Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектер.
Мақсаты:
Білімділік: Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық ою-өрнектердің ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылық: Ою-өрнектің түр-түсін және аттарын ажырата білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Халқымыздың асыл мұрасын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түзетушілік: Дыбыстарды дұрыс және оның анық айтылуын, сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, нақыл сөздер, қима қағаздар.
Меңгерілетін сөздер: Жануар тектес, өсімдік тектес, ғарыштық, геометриялық, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, түйе табан, қос қанатты, жауқазын, көбелек, ботакөз, қарға тұяқ, тұмарша.
Барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, қонақтармен амандасамыз.
- Саламатсыздар ма?
Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атаңдар.
- Қазір көктемнің қай айы?
ІІ. Кіріспе сөз
- Балалар, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы (бірге оқимыз) : «Ұлттық оюлар -халықтың көркем тілі».
- Сендер ұлттық ою-өрнек түрлерін, шығу тегін білесіңдер.
- Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған.
ІІІ. Негізгі бөлім
- Ою-өрнектер негізінен неше түрге бөлінеді?
- Ою-өрнектер негізінен төрт түрге бөлінеді.
- Ою-өрнек түрлерін атаңдар.
- Жануар тектес, өсімдік тектес, ғарыштық, геометриялық.
- Жануар тектес оюлар болып бөлінуінің себебін айтыңдар.
- Жануар тектес оюлар - жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер.
- Қошқар мүйіз- қазақ оюының ең көне түрі.
- Сыңар мүйіз- кең тараған ою-өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді.
- Түйе табан- түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек.
- Қос қанатты -құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
- Өсімдік тектесоюлар неге ұқсас?
- Гүлге, жапыраққа, ағашқа ұқсас өрнектер.
- Гүл (жауқазын) -барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.
- Көбелек -қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек.
- Балалар, айға, жұлдызға, аспан денелеріне ұқсас оюларды қалай атаған?
- Ғарыштық деп атаған.
- Жұлдыз -бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
- Геометриялық- ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.
- Ботакөз- сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.
- Қарға тұяқ- қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек.
- Тұмарша- үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Әр ою-өрнектің астарында мағына болады.
- Суреттер көрсетілген оюларды атап, мағынасы нені білдіретінін айтыңдар.
- «Қошқар мүйіз» оюы - . . . (молшылық)
- «Ағаш» оюы - . . . (ынтымақ, бірлікті)
- «Ирек» оюы - . . . (адамның өмір жолы)
- «Су», «шеңбер» оюы - . . . (жарық, өмір жолы дегенді білдіреді)
- Түстедің де өз мағынасы бар.
- Көк түс - . . . (аспанды, жасару, өмір, өсу деген мағынаны береді)
- Қызыл түс - . . . (оттың, күннің белгісі)
- Қара түс - . . . (жер, түнді бейнелейді)
- Сары түс - . . . (ақыл, парасат, байлық, ақ түс-қуаныш, бақыт, тазалық)
- Жасыл түс - . . . (жастық, көктем, белгісін білдіреді)
Хор: Домбырасыз ән қайда?
Би: Қамажай
Домбыра: күй
Хор: Дастархан
V. Қорытынды
Сұрақ-жауап
- Ою-өрнектерді қай жерлерде көрдіңдер?
- Қандай ұлттық бұйымдарда көрдіңдер?
- Ою-өрнек орысша қалай айтылады?
- Тәрбие сағатынан алған әсерлерің қандай?
- Сендер бүгін ашық тәрбие сағатында не үйрендіңдер?
- Балалар, оюдың адам баласына тигізер әсері көп. Ол адамның ойын бір жүйеге келтіреді, денсаулыққа пайдалы жағы да бар. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді.
- Сонымен, балалар, қазақ халқының салт-дәстүрін ұмытпай, жалғастыруға өз үлестеріңді қосады деген оймен бүгінгі ашық тәрбиелі сағатымызды аяқтаймыз.
- Сау болыңыздар!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz