Балаларды жаман әдеттен қорғау: тәрбие тәсілдері мен ата-анаға кеңестер

Сабақтың тақырыбы: Баланы жаман әдеттен қалай аулақ ұстаймыз?
Сабақтың мақсаты: Ата анамен жұмыс. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Міндеттері: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата білуі

Білімділігі:әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік; Әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І Кіріспе.
Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Бізге адалдықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Алдымен бұл қасиеттер біздің бойымызға ананың ақ сүтімен дариды.
Сондай-ақ адам бойында жаман, жат, теріс қасиеттер де болады.
Ол қандай қасиеттер, одан қалай сақтанамыз, оны бүгінгі «Аулақ бол, жаман әдеттен» атты сабағымыздың барысында білетін боламыз.

ІІ Негізгі бөлім.
1. Атасына келді де,
Сұрады сәби немере.
Жақсы деген немене ?,
Жаман деген немене ?.
(Тақтада жазылған адам бойында болатын қасиеттерді «жақсы», «жаман» деп бөледі. )

2. Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа оқылып, бес асыл іс пен бес дұшпанды ажыратады.
Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.
Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай)
Жұмбақ шешу.
Дәптеріне әріпті
Қаздай тізіп жазатын,
Үйді таза сақтайтын,
Кітаптарды шашпайтын баланы кім дейміз? (ұқыпты)
Түймесін де қадайтын,
Сабақтан да қалмайтын,
Еденді де жуатын
Еңбекті қатты сүйетін баланы кім дейміз? (еңбекқор)
Қол ұшын беріп,
Көмегін де аямайтын.
Қызығына қуанып,
Ренжи қалса, жұбататын адамды кім дейміз? (дос)
Ән де айта алатын,
Би де билеп беретін,
Домбырада күй ойнап,
Сурет сала білетін баланы кім дейміз? (өнерлі)
Жаны үнемі жадырап,
Күлімсіреп қарайтын,
Жылы сөздер айтатын,
Жүрегі жұмсақ адамды кім дейміз? (мейірімді)
Үлкеннің жолын кеспейтін,
Сәлем беріп жүретін,
Кішіге ізет білдіріп,
Қамқоршы бола білетін баланы кім дейміз? (әдепті)



«Ыстық орындық»
Ортадағы орындықта бір оқушы анасы отырады. Басқа оқушылар сол баланың бойында бар
қасиеттерді айтады.
Ол баланың өзі жазған пікірімен салыстырылады. .

АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.

2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.

6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.

8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.

9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.

10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.

11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.

12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

Ата - аналарға кеңес

1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс - әрекетпен айналысып отырса.

4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.

8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.

9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.

12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.

13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.

14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т. б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.

16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.

17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.

18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

Ата-ананың қателіктері:


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаты: Жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдепті үйрену
Балалардың ашуын басқару: ата-аналар мен мұғалімдерге практикалық кеңестер
Ата-анаға құрмет: имандылық пен адамгершілік негізіндегі тәрбие сағаты
Оқушылардың оқу ынтасын арттыру: ата-ана мен мұғалімдерге арналған психологиялық кеңестер
Тәрбие сағаты: Ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеу
Ата-аналар жиналысы: Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу және ата-ананың рөлі
Балаларды тәрбиелеуде ата-ана мен отбасының рөлі
Тәрбие сағаты: Анаға құрмет пен ұлттық тәрбие арқылы ата-анамен мектеп байланысын нығайту
Әдебиет пәнінде дарынды балаларды оқытудың әдістемесі мен әдіс-тәсілдері
Тәрбие сағаты: Жаман әдеттерден аулақ болу және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz