Алашорда үкіметінің құрылуы түсіндірме

Тақырыбы: Бес арыс
Мақсаты: Ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру
Міндеттері: Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру Білімділік: Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету.
Түзету-дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды биік адамгершілікке, елжандыққа баулу. Оларды елінің тарихын біліп, болашағына еңбек етулеріне шақыру.
Зерде қабілетінің орташа бұзылысы бар бала: көпшілік алдында сөйлей білу
Көрнекілігі: ақын-жазушылардың портреттері
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбер
<<Алашорда үкіметінің құрылуы>> түсіндірме

Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе талқылауға түсті. Сөйтіп, бұл мәселені қараған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді. Міне осылайша ұлттық идеяологияны ұстанғандар арасынан алғашқы Алашорда автономиясын құру қолға алынып оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов болды.
1918 жылы 5 каңтарда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы күшпен таратылған соң Алашорда мен Кеңестік биліктің арақатынасы күрделене түсті. Кеңестік билік бұрынғы отарлық езгідегі халықтарға тек кеңестік негіздегі автономия беретіндігін мәлім етті. Бұл белгілі бір ұлттық автономиялық мемлекеттікті иемденуі емес, оның белгілі бір бөлігінің ғана, яғни жұмысшы және шаруалардың өзін-өзі билеу мүмкіндігіне ие болғандығын білдіретін шара еді. Мұстафа Шоқай 1918 жылдың көктемінде Алашорда мен Кеңес үкіметі арасында өзара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары байқалды. Осы жылдың наурызында Оралдан Мәскеуге Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар аттанып, барған бетте Халык Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы В.И.Ленинмен және Ұлт істері бойынша Халық Комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға II Жалпықазақ-қырғыз съезінің (Орынбор, 1917 ж. желтоқсан) қаулысын табыс етеді.
Алғаш "Алаш автономиясын" құруда өз үлесін қосқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаевтардың қосқан еңбектері көп болды. Ендігі кезекті біз осы алаштың бес арысы туралы білеміз. XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі -- уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)

Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалы жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.

Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.
1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі <<Қазақ>> газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың қай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынов аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды.
Жүргізуші: ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.
ұрымтал тұсты тиімді пайдалану үшін Міржақып пен Ахмет Омбы қаласына жүріп кетеді. Сол жерде Жақаң Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаевтармен танысып, жасырын кездесулер жасайды.. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлеседі, мәдени - саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді.
Міржақып 58 статьямен айыпталып айдауда жүріп 1935 жылы өлді. Оның өлімін естіген
Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.
12. оқушы: Өмір жолы. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының. жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.

Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу құралдары да кезінде халқының қызметіне жарап, елеулі мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер педагогика саласында бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітап шығарды. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған "Сауатты бол" атты оқулығы жарық көреді. 1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 -- 1931) -- ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін <<Шаһкәрім>> деп те көрсетеді.

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің <<Мұтылғанның өмірі>> атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: <<қажы марқұм мені „жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім>> деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Шығармалары
<<Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі>> атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын <<Үш анық>>, <<Мұсылмандық шарты>> атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы <<Жолсыз жаза>>, <<Қалқаман -- Мамыр>>, <<Ләйлі -- Мәжнүн>> т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен <<Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек>>, <<Жастық туралы>>, <<Анадан алғаш туғанымда>> сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған. Хафиз, Физули, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Қорытынды.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ газетінде
Ахмет байтұрсынұлы және "қазақ" газеті
Орал қаласында
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер жайлы
Кезек бірінші бөлімде
Құрманғазы кім
Кенесары қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайлы ақпарат
Үнді мемлекетінің құрылуы
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы әлем көрнісі
Қазақстан тарихы. 9-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz