Наурыз - көктемнің жарқын мерекесі

Наурыз - көктемнің жарқын мерекесі
Тәрбие сағатының мақсаты: Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, наурыздың тарихы мен салт-дәстүрлерін таныстыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Барысы:
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, қазақ елі!
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер, мерекелік кешіміздің қонақтары! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
1-жүргізуші:
Сұрақ:
Айдана, Наурыз мерекесі туралы не білесің?
2-жүргізуші: Наурыз <<жаңа күн>> деген сөз. Бұл күн біздің ата - бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Яғни 21 наурызда басталады. Бұл күні күн мен түн теңеледі, табиғат оянады, адамдар жаңа өмірге қадам басады.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасын. Бұл Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі. Бұл мейрам 21 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі <<Наурыз - көктемнің жарқын мерекесі>> атты мерекелік думанымызға ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР.
<<Топ қыздарынан Наурыз туралы ән Анель, Жанерке, Айдана>>
2-жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал шашуыңды,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.

1-жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ
1-жүргізуші: тамаша әннен кейін жақсы бір ойын ойнасақ, қалай қарайсың
2-жүргізуші: Ойнасақ, ойнайық.
1-жүргізуші: Олай болса, экранға назар аударайық. Кім жылдам әрі дұрыс жауар береді сол жеңімпаз. Сұрақтар наурыз мерекесі мен салт дәстүріміз төңірегінде. (Ойын ойналады Дуанбаева Диана жауапты)
2-жүргізуші: Наурыз мерекесімен қайта оралған өнер - айтыс өнері. Айтыс -- ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Біздің топтың студеттері бұл өнерден де кенде емес. Олай болса тобымыздың айтыскер ұл-қызына кезек берейік. (Орманов Бекзат пен Махаметчина Айдана)
2-жүргізуші: Өнерлерін өрге жүзсін. Тамаша өнер көрсеткен ақын балаларыңызға қошемет көрсетіп отырыңыздар.
1- жүргізуші: 1-жүргізуші: Білесің бе? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Сонымен қатар, Наурыз көжесінің құрамында әр түрлі дәмдер мен қасиеттер бар, олар әртүрлі адамдардың тілектері мен үміттерін білдіреді. Мысалы, тұз бақытты өмірді, ет -- байлықты, су -- тыныштықты, сүт -- молшылықты білдіреді
2-жүргізуші: Иә, бұл өте маңызды дәстүр. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінде үй ішіндегі және жақындармен арадағы қарым-қатынас нығая түседі. Бұл мереке - ағайын-туыс, дос-жаранның бәрін біріктіретін, ел бірлігін арттыратын ерекше кезең. Сондықтан, Наурыз көже әзірлеу тек дастарқанды безендіріп қана қоймай, сонымен қатар, көңілдердегі жақсы ниеттер мен тілектерді білдіреді.
Наурыз бата мен ұлттық ойын қосу керек Мәдидің орындауында бір ән қосу керек

Ұқсас жұмыстар
Наурыз атаулары, Наурыз көже
Аналар мерекесі
Ана -бәйтерегі өмірдің
Аналар мерекесіне құттықтау айт
Анамызға еркелеп
Аналарға – мың алғыс!
Құттықтау сөзі
М. дулатовтың "қош келдің - наурыз! "
<<бұрымды қыз>> байқауы
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz