Сабақты жоспарлауы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
<<География және экология>> кафедрасы
ЕСЕП
Педагогикалық тәжірибе бойынша
Орындаған: Есенгельдинов А.Ж.
Тексерген: Искандирова З.С.
Петропавл
2024
Мен Есенгельдинов Айбек Жакынжанович 22.01.2024-03.03.2024 аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде педагогикалық тәжірибеден өттім. Тәжірибе барысында маған география пәні мұғалімі Жамулдинова Жибек Искеновнаны жетекші ретінде белгіледі. Маған 10 <<а>> сыныбын бекітті.
Педагогикалық практиканың мақсаты - педагогика, психология курстарын оқу барысында студенттердің алған теориялық білімдерін тереңдету жəне бекіту; алғашқы дағдаларын меңгеру; пəн мұғалімінің жұмысымен танысу.
Педагогикалық практиканың міндеттері - студенттердің педагогикалық практикасы мынадай негізгі міндеттерге бағытталған:
- болашақ мұғалімнің бойында мамандыққа деген бейімділігін қалыптастыру;
- студенттің педагогика, психология жəне информатиканы оқыту əдістемесі пəнінен алған теориялық білімдерін практикада шыңдау;
- студенттерді педагогикалық қызметке тарта отырып, мектеп оқушыларымен оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
- болашақ мамандарды өз бетінше жұмыс істеуін жоспарлауға, ұйымдастыруға, оқушылармен оқу-тəрбие жұмысын өткізуге, тəрбие мен білім берудің өзекті мəселелерін шешуге шығармашылықпен қарауға үйрету;
- болашақ мұғалімдерді қазіргі мектеп жағдайындағы озық инновациялық іс-тəжірибелермен таныстыру, озат мұғалімдердің педагогикалық тəжірибелерін талдап қорыту, оларды игеруге дағдыландыру, ғылыми-зерттеу жұмысына (курстық, дипломдық жəне т.б.) байланысты материалдар жинақтау;
- студент информатика пəнінің əдістемелік негіздерін жетік біліп үйрену, бейімделу, пəн бойынша дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар пайдалану;
- оқушыларды жан-жақты дамытуда олардың танымдық іс-əрекеттерін, алға қойған мақсатқа жеткізуде дидактикалық ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқыту əдістерін дəлдікпен таңдау;
- информатика пəнінен өзі өткізген сабақтары мен басқа да студенттердің өткізген сабақтарына ғылыми-əдістемелік тұрғыдан талдау жасай білуге үйрену;
- алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық педагогикалық тəжірибелерін зерттеп, оқып үйрену;
- студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына, сондай-ақ ғылыми-əдістемелік конференцияларға баяндама жасауға материалдар жинау, оны ғылыми жүйеде талдауға келтіру;
Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты - білім алушының азаматтық өзіндік санасын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі іске асыруын қалыптастыруы, оның тұлғалық өзін-өзі анықтауы, қоғамда табысты әлеуеттенуі мен бейімделуі үшін, білім алушылардың шығармашылығын дамыту, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылдық, ашықтық, өмір бойы білім алу болып табылады.
10 <<а>> сыныбында 22 оқушы бар. Бұл сынып оқушылары көп уақыт бойы бірге оқып келеді, сондықтан сынып ішінде жоғары деңгейлі ұйымшылдық пен бауырмашылдық байқалады. Әр ұстазбен жақсы жұмыс жасайтын білімді, тәртіпті оқушылардан құралған сынып. Сыныпта мектеп пен облыс белсенділері, ғылыми жоба, олимпиада қатысушылары мен шығармашылықта жетістікке жеткен оқушылар аз емес.
М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицей өзінің жоғары білім деңгейімен, шығармашыл, дарынды шәкірттерімен және құрметті ұстаздарымен танымал. Сонымен қатар, бұл мектепте заманауи, креативті іс шаралар жиі ұйымдастырылып отырады. Білім беру ісінен тыс білім ордасы спорттық сайыстар, қайырымдылық кештер, шығармашылық кештерін ұйымдастырып отырады. Ғимарат іші заманауи стильде, қабырғаларында шығармашылық сурет-жазулар бейнеленген, әр оқушының жеке сөрелері бар, мектепке кіргенде, әр оқушы face ID-мен кіреді.
География сыныбы 2 қабатта орналасқан 24 кабинет. Сынып ішінде интерактивті және дәстүрлі тақта, географиялық жазбалармен берілген стендтер, Қазақстан және Дүниежүзінің физикалық карталары орналасқан. Сыныпта кітап, карталар орналасқан сөрелер тұр. Ал олардың арасында тірі өсімдіктер орналасқан үстел бар. Бұл сынып ауасына жақсы әсерін тигізуде.
Педагогикалық тәжірибе маған сыныппен жұмыс жасауды, критериалды бағалауды, ұжыммен қолайлы қарым-қатынас орнатуды, БЖБ тапсырмаларын құрастыруды, күнделік кз сайтын толтыруды үйретті. Алты апта көлемінде өзіме көптеген қажетті білім мен аөпаратты алдым деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, мен педагогикалық тәжірибеден осы мектепте өткеніме қуанышты екенімді айтамын. Жибек Искеновна тәжірибелі, білікті педагог ретінде өз тәжірибесімен сауатты түрде бөлісе білді. Тәлімгерлікпен жақсы деңгейде айналысып, менің тәжірибеме көп үлесін қосты. Менің ойымша, педагогикалық тәжірибеге студенттерді тек жоғары категорияға ие білікті ұстаздарды жіберуі өте дұрыс шешім. Себебі әр жас маман жақсы тәлімгерге мұқтаж.
Әлемді география арқылы таны (сыныптан тыс іс-шара)
Мақсаты:Екі топтың Еуразия елдерінің халқы,табиғаты басқа географиялық ұғымдар туралы білімдерін ортаға салып жарысу мүмкіндігін туғызу.География пәніне қызығушылығын,белсенділігін дамыту,оқушыларды ұйымшылдыққа , достыққа,тез ойлап,тез шешім қабылдауға,бір-біріне көмектесуге көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері : интерактивті тақта,слайд.
Өткізілу түрі: жарыс
Жүргізуші:
Бүгінгі апталықта география пәнінен 10-шы сыныптар арасындағы өткізгелі отырған <<Әлемді география арқылы таны>> сайысына қош келдіңіздер.
Топтарды ортаға шақырайық
І-топ 10<<а>>сынып оқушылары-Азия елерінен келген
ІІ-топ 10 <<ә>> сынып оқушылары Еуропа елдерінен келген қонақтарымыз
1.География пәнінен тәжірибе өтуші - Есенгельдинов Айбек Жакынжанович
География пәні мұғалімі - Жамулдинова Жибек Искеновна
Жүргізуші:-Ал енді сайысымызды бастайық!
Сайыстың жоспарымен таныс болайық
1.Топтардың өзін таныстыруы.
Капитандар сайысы. <<Блиц турнир>>
Бұл кім?Бұл не?
Артық сөзді табу
5.Сәтті сапар
Бұл қай ел?
Бейне сұрақ
Халықтың салт дәстүрі
Қорытынды.Марапаттау
1-кезеңі: Топтар өздерін таныстары
Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады
2-ші кезеңі: <<Капитанлар сайысы>>. Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.
І-топ
1.Дүниежүзінде қанша материк бар? (6)
2.Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүктесі (Челюскин мүйісі)
3.Еуразияның биік тауы (Гималай)
4.Еуразияда неше климаттық белдеу бар? (7)
5.Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма (Мариан шұңғымасы)
ІІ-топ.
Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)
Еуразияның батысындағы шеткі нүктесі (Рокко мүйісі)
Ең кішкентай мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)
Еуропадағы биік тау (Альпі тауы)
Еурапа елдері неше аймаққа бөлінеді? (4)
3-кезең. <<Бұл кім? Бұл не?>>
Бұл сайыста сөздер беріледі олар нені білдіретінін анықтау
Миной -- Еуразияның Крит аралында мекендеген ежелгі тайпалары
Уэд- (кеуіп қалған өзен арналары)
Терая -- гималайдың етегіндегі батпақты жер (құбыжық)
Шұрат- шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында қалыптасады
Тайфун- қытай тілінен аударғанда <<үлкен жел>> деген мағынаны білдіреді
Тайга-қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы
4-кезең. <<Артық сөзді табу>>
Сөздер беріледі артығын табу керек
1.Африка,Америка,Еуропа,Антарктида,Арктика (Арктика)
2.Меконг,Висла,Амур,Янцзы (Висла-еуропа өзені,қалғандары Азияның өзендері)
3.Тянь-Шань, Альпі,Памир,Гималай,Сахара (Сахара-шөл)
Өзен,теңіз,көл,мұхит,түбек (түбек)
5.Жапония,Қытай,Корея,Үндістан (Үндістан)
6.Вашинктон,Сидней,Сингапур,Астана,Пекин (Сингапур)
5-кезең. <<Сәтті сапар>>
Екі топтың әрқайсысына жеке тапсырма.Елдердің астанасын,мемлекеттік тілін атау қажет.
1-топ 2-топ
1.Германия 1.Испания-
2.Ресей 2.Франция
3.Үндістан 3.Жапония
4.Қытай 4.Қазақстан
5.Ұлыбритания 5.Монғолия
Жауабы: Берлин,неміс тілі
1.Мадрид,испан тілі
2.Мәскеу ,орыс тілі 2. Париж,француз тілі
3.Дели,ағылшын 3. Токио,жапон тілі
4.Пекин,қытай тілі 4.Астана,қазақ тілі
5.Лондон,ағылшын тілі 5.Ұлан-Батор,монғол
6-кезең. <<Бұл қай ел?>>
1-топ
Бұл Еуразия материгінде ,Орталық Азия бөлігінде орналасқан.Көлемі бойынша төртінші орын алады.Ол бес мемлекетпен шектеседі.Жер бедері алуан түрлі болып келеді.Оның теніз деңгейінен биік түктесі -6995 м. Климаты қоңыржай белдеуде континентті құрғақ болып келеді.Тілі-түркі тілдес елдерге жатады.Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Қазақстан)
2-топ
Дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет.Жерінің 97 % Азияда,ал 3% Еуропада жатыр.Солтүстігінде Қара теңіз,батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңіз сулары шайып жатыр.Халықаралық туризм өте жақсы дамыған. Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Туркия)
7-кезең. <<Бейне сұрақ>>
Биология мұғалімі:Қазақстандағы қай қорықта қоқиқаз құсы қорғалады?
Жауабы: Қорғалжын қорығы
Тарих мұғалімі: <<Орталық Қазақстанды зерттеген қазақ жерінен шыққан
8-кезең. <<Халықтың салт дәстүрі>>
Әр топ қалаған елдерінің салт дәстүрін көрсетеді
Қорытынды.Марапаттау
Әділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттайды
Дата: 12.02.2024
Сынып: 10 <<а>>
Өткізген ұстаз: Есенгельдинов А.Ж. Қолы:
Тексеруші ұстаз: Жамулдинова Ж.И. Қолы:
Өткізген сабағыма әдістемелік талдау:
Сабақты талдаушы: География пәнінен тәжірибе өтуші Есенгельдинов А.Ж.
Күні: 27.02.2024
Сынып: 10 <<а>>
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: <<Геосаясаттың мақсаты мен міндеттері.>>
Сабақ мақсаты: Геосаясаттың мақсаттары мен міндеттерімен танысу.
Ескертпелер
Мұғалім пікірі
Сабақты жоспарлағанда, оқушылардың қандай ерешеліктері ескерілді?
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылықтарын ояту көзделді.
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?
Бұл - кіріспе сабақ. География пәні мазмұнының 5 тарауы <<геосаясатты>> бастау, бөлімге кіріспе сабақ.
Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) Білімділік
Ә) Дамытушылық
Б) Тәрбиелілік
Пән бойынша жаңа білімдер қалыптастырумен қатар, құндылықтарға баулу.
Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
Сабақтың басы, үй жұмысын тексеру, сабақ ортасы, қорытынды, рефлексия. Уақыт әр кезең күрделілігіне сай бөлінгендіктен, 45 минут тиімді пайдаланылды.
Жаңа тақырыпты ашуда қандай әдіс тәсілдер пайдаланылды? Себебін түсіндіру
Ш.А. Амонашвилидің <<ойын арқылы оқыту>>, В.В. Давыдовтың <<дамыта оқыту>> тәсілдерін қолдандым. Себебі, бұл 5 сабақ болғандықтан, ойын арқылы оқыту тиімдірек болды әрі жаңа технологиялық әдістер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды.
Оқушылармен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай болды және неліктен?
Кіріспе сабақ болғандықтан, жеке жұмыс пен қиындықтар туындамады.
Оқушыларда тапсырманы орындауда қызығушылық байқалды ма?
Заманауи әдістерді қолдану, презентация арқылы түсіндіру сыныптың қызығушылығын оятты.
Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал-жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?
Оқулық, физикалық карта, интерактивті тақта. Бұл құралдар тақырыпты ашуға көмектесті.
Сабақ барысында оқушылар арасында қандай психологиялық ахуал мен ұстаз тарапынан тәрбиелік құндылықтар ескерілді?
Оқушылар арасында сыйластық, жоғары деңгейлі ұжымдық қарым-қатынас байқалды, бұл мұғалімнің емес, оқушылардың бір бірін тұлға ретінде сыйлайтынын көрсетті. Педагог тарапынан еңбекке баулу мен білімге құштарландыру құндылықтары жүзеге асырылды.
Үйге тапсырма
Үйге эссе берілді, бұл оқушылардың жеке ойын қалыптастыруға көмегін қосады.
Мұғалім сабағына әдістемелік талдау

Сабақты өткізуші педагог: Жамулдинова Ж.И.
Күні: 23.01.2024
Сынып: 8 <<А>>
Пәні: География
Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен мұздықтар.
Сабақ мақсаты: Көлдер мен мұздықтар туралы білім қалыптастыру, олардың ерекшеліктері мен түрлері туралы түсінік қалыптастыру.
Ескертпелер
Талдаушы пікірі
Сабақ мақсатының қолжетімділігі
Сабақ мақсаты сыныптың білім деңгейі мен жас ерекшелігіне сай қойылды.
Қолданылған әдістердің сабақ мақсатына сәйкестігі
Мұғалім топтық жұмыс пен <<ойын арқылы оқыту>> әдістерін пайдаланды, бұл сабақ мақсатына жетуге көмектесті.
Сабақты жоспарлауы
Мұғалім әр кезеңді кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, рефлексия деп бөліп, уақытты тиімді пайдаланған.
Топтық жұмыс
Топқа бөлу қызықты өтіп, жағымды психологиялық ахуалды қалыптастырды. Нәтижесінде, топ ішінде ұйымшылдық болды.
Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауды дамытуы
Педагог оқушылардың сыни және креативті ойлау дағдыларын қисынды тапсырмалармен дамыта алды.
Критериалды бағалауды қолдануы
Алдымен балалар бір-бірін бағалап, кейін мұғалім дескриптор бойынша бағалады.
Мұғалімнің сыныпты басқару деңгейі
Мұғалім қолайлы ахуалды ұстана алды.
Кері байланыс
Кері байланыс уақытында іске асырылды.
Үй жұмысы
Мұғалім оқушылардың білім деңгейін саралап, соған сай тапсырма бере алды.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстануниверситеті
"Математика және жаратылыстану ғылымдары"факультеті
"География-Тарих" мамандығының 3 курс студенті
Есенгельдинов Айбек Жакынжанович оқу тәжірибесінде атқарған жұмысына
Мінездеме
Есенгельдинов Айбек Жакынжанович - Петропавл қаласының IT мектеп-лицейінде 22.01.2024 - 03.03.2024ж. аралығында педагогикалық тəжірибеден өтті. Тəжірибе барысында 10 <<а>> сыныбына сынып жетекші болып бекітілді. 6 апта көлемінде 10 <<а>> сыныбына география пәнінен сабақ берді. Әр тақырыпқа әртүрлі дайындалып, өзін жақсы қырынан көрсете білді .
Айбектің ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, оқушылармен тез тіл табыса алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында ойындар ө кізіп, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылардың құрметіне ие бола білді.
Мектеп əкімшілігі тəжірибеден өтушіні <<>> деген бағаға лайық деп санайды.
Тəжірибе жетекшісі_____Жамулдинова Ж.И.
Мектеп директоры______

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz