Бүгінгі шебер - сынып тақырыбы

Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің
<<№58 <<Балауса>> бөбекжайы>> ЖБҚ МКҚК
Сейдалиева Сандигул Жарылгапбергеновна, әдіскер

Педагогтерге арналған шебер-сынып <<Қаржы сауаттылығының жолдарымен>>
Мақсаты: Педагогтерді мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың қаржылық-экономикалық сауаттылығын тәрбиелеудің маңыздылығын түсіну.
Өткізу формасы: викторина.
Барысы: Алғы сөз.
-Қайырлы күн, қымбатты педагогтер. Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бүгінгі шебер-сынып тақырыбы: <<Қаржы сауаттылығының жолдарымен>>, бүгінгі шебер-сынып сіздер үшін танымды, қызық және пайдалы болады деп сенемін.
-Қаржылық сауаттылық - бұл адамның маңызды қабілеттерінің бірі. Ол балалық шақтан қалыптасады және болашақта өзінің ақша табу жолы мен оны сауатты басқарып, дұрыс жұмсай алуын көрсетеді. Бұл кезекте біздің сіздермен міндетіміз балалардың ойыншықтарға, айналадағы заттарға, табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас орнатып, еңбекке тәрбиелеу. Бүгінгі біздің кездесуіміз бұл лекция емес. Бүгін бізде ерекше кездесу. Біз қаржылық ойын ойнаймыз. Сіздерді бақылап көремін. Сіздер әр дұрыс жауапқа 200 теңге ақша аласыздар.
Ойынға кірісу үшін алдымен жаттығу жасап жіберейік, әр -бір дұрыс жауапқа 200 теңге аласыздар.
Ойын. <<Қай мамандық иесі>> Мультфильм кейіпкерлерін атау.
1.Печкин-пошташы
2.Айболит-дәрігер
3.Шал - балықшы
4.Винтик пен Шпунтик-механиктер
5.Карабас-Барабас- теарт қожайыны, иесі
6.Үш торай-құрылысшылар
7.Белка мен Стрелка-ғарышкерлер.
Ендеше ойымызды бір сергітіп алдық, енді викторинамызды бастаймыз.
№1 тапсырма. Экрандағы ақша атаулары қай мемлекетке тиесілі.
Злотый(Польша)
Рупия(Индия)
Донг(Вьетнам)
Юань (Китай)
Доллар(АҚШ)
Фунт(Англия)
Сом(Қырғызстан)
Сум(Өзбекстан)
Гривень(Украина)
Лира(Туркия)

№2 тапсырма. <<Кім жылдам?>>
Жүргізуші:Бұрынғы заманда адамдарда тиындарын жинайтын қазіргідей сандықшалар немесе тиынға арналған жинақтар болған жоқ. Адамдар ақшаларын қапшықта, носкиде немесе басқа жерлерде сақтап жүрді. Ал бізде ақша сақтайтын әдемі арнайы ыдыстар бар. Сіздердің міндеттеріңіз осы ішіндегі тиындарды тез санап, ыдысқа салып жоғары көтеру. Кім бірінші болса сол адам жеңіске жетеді.
(екі адам ортаға шығып санайды)
№3 тапсырма.
Жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда таза парақ, қарандаштар және қайшы тұр.
1.Бірінші бетіне алманың суретін салыңыздар, ал екінші жағына алмұрттың суретін салыңыздар.
2. Ал енді алма мен алмұртты кесіп алыңыздар.
ҚОРЫТЫНДЫ:Егер де біз екі суретті де қиып алғымыз келсе, онда біздер алдын ала қағаз бетін жоспарлап алуымыз керек. Қаржымен де солай-оны қайда қалай жұмсайтынымызды жоспарлап алуымыз керек екен.
№ 4 тапсырма. <<Жарнамасыз сауда жоқ>>
Жүргізуші:Маған кім айтады балалар нені жақсы көреді? Тәтті, жылтыр қағаздары бар. (кәмпиттер, шоколад, балмұздақ т.б.) Бүгін мен сіздерге жарнама агенттері рольдерінде болуға шақырамын. Сіздердің алдарыңызда ақ парақ пен қарандаштар маркерлер бар. Енді тапсырма! Сіз Қазақстандық фирмасының агентісіз. Геометриялық пішіндер арқылы топқа бөліну. Үш топ. Бір адам ортаға шығып жарнамамен таныстыру керек. Сізге 1-топ <<Баян-сұлу>> 2 - топ <<Кис-кис>> 3-топ <<Гүлдер>> кәмпитінің сыртының суретін салып, жарнама жасау керек.
Жүргізуші: Енді сіздердің алдарыңызда ең басты міндет бүгінгі тапқан қаржыларыңызды қалай жұмсайсыздар, қалай бөлесіздер? (Педагогтердің жауаптары)
Қорытынды: Сонымен қымбатты педагогтер бүгінгі шебер-сынып қорытындысы.
Ақша- бұл өмірдің мағынасы емес, бұл адамға қажет құрал, оны сауатты пайдалана алуды үйренуіміз керек және балаларға үйретуіміз керек. Шебер-сыныпқа қатысқандарыңыз үшін рақмет! Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Табиғи материалдармен жұмыс
Тапқыр информатиктер
Жас суретшілер сайысы
Үш арыс. ана тілі. 3 сынып
Жеті өнер, шеберлер сайысы
Өнер- өмір жемісі
Көркемдік жазба
Сайысқа қатысқан төрт топ
Қыздар шеберханасы жұмысымен танысу
География және жаратылыстану сабақтарында өлкетанушылық материалдарды оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz