Сынып сағаты. Сынып жетекші

Бекітілді
Сынып сағатының қысқа мерзімді жоспары
«Жүрегім қазақ» жастарды
ынталандыру және кәсіби бағыттау мақсатында- «Еңбек етсең-жетерсің мұратқа»
Ресурстар
-жабдықтары
Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарларын шараға аударып, қызығушылықтарын ояту. (Жай әуен тыңдап, соның ырғағында бір-біріне сәттілік тілейді)
Балалар Отанымыздың болашағы, ал біздің болашақ азаматтарымыздың денсаулығы мық-ты, сапалы білімді, еңбекқор болып өсуге тиісті - деп айтылған. Сонда ғана біз өркениетті елдердің қатарына қосыламыз, Қазақстан Орта Азия барысына айналады. Сендер, болашаққа бүгін де үлестеріңді қосып, еңбек өткелі отырсыздар. Сол еңбектеріңіз осы уақытқа дейін пәндер бойынша алған білімдеріңді ән - күймен, мақал - мәтелмен, ұшқыр ойларың арқылы өрнектеп ортаға салыңдар. Еңбек дегеніміздің өзі - күнделікті өмірден алынады. Үйде ата - ана, мектепте мұғалім: -Балам, не істесең де адал істе, ісіңді тындырымды, ұятқа қалмайтындай атқар, - дейді.
Қаншалықты қиын, қызықсыз болғанымен істі аяғына жеткізіп бітіру керек.
Бұл - еңбек тәртібі.
Еңбекпен өмір өркенді,
Еңбекпен келер бағың да.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе? - деп, бүгінгі тәрбиелік шарамызды адал еңбек тақырыбына байланысты түрлі тапсырмалар орындап білімдерімізді сынаймыз.
Презентация
Нақыл сөздер
Кітаптар көрмесі
Мақалдарды жалғастыр:
1. Еңбек түбі - ……. . (зейнет)
2. Жақсы жұмыс - ……. . ……… . (жанға тыныс)
3. Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер)
4. Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады)
5. Еңбек етсең ерінбей,
……… ……… . (Тояды қарның тіленбей)
6. Еңбек ердің - көркі,
……. ……. . ……. . (Ер елдің көркі)
7. Еңбексіз өмір - ……. ……. . (сөнген көмір)
Еңбектін көзін тапқан,
……… ……. . ………. . (Байлықтың өзін табады)
Еңбек мұратқа жеткізер,
……. . ……. . …… . . . (Жалқаулық абыройды кеткізер)
10. Еңбегің қатты болса, …. . …… …… . (татқаның тәтті болар)
-
Бұл сөздерді кім айтқан?
1. Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз.
(Абай)
Елге сіңірген еңбек жақсы,
Еңбекті елеген ел жақсы.
(Спандияр Көбеев)
Адамды адам еткен - еңбек. (Фрейдрих Энгельс)
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
(Абай)
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М. Әуезов)
-Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
/милиционер/
Бал тамған мәзір,
Ол бар жерде әзір.
/аспазшы/
Оқу-білім бағдары,
Заманының бағбаны.
/мұғалім/
Өскен шашты жаратпайды,
Қайшысы бар жалақтайтын
/шаштараз/
Келіп баған қасына,
Өрмеледі басына.
/монтер/
Еңбек орны-танабы,
Сүйікті ән- дала әні.
Егін салып, мәпелеп,
Асырайды қаланы.
/дихан/
Өңкей сығай екі топта
Таласып жүр бір допқа.
Бұл кім ?
/футболшы/
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді?
/ұшқыш/
Оқушылар мақалдың жалғасын табады
Оқушылар нақыл сөздердің авторларын табады
Оқушылар жұмбақтарды шешеді
Презентация
Нақыл сөздер
Кітаптар көрмесі
1. Венн диаграммасы бойынша «Еңбектің пайдасын» топтастырады.
Сынып жетекшінің сөзі: Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Олай болса, еңбектің пайдасын жекелеп айта отырып, мына диаграмманы толықтырып көрелік.
Мысалы:
Еңбектің пайдасы - тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақыт-ты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
4. Қорытынды : Сонымен, оқушылар, біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда еңбектің мәні, мағынасын жан-жақты түсінуге тырыстық. Адамды адам еткен - еңбек» - деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешуші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін, сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып, жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отырғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Олай болса, «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz