Әлем менімен керемет

№34 Қаратас негізгі мектебі

<<Әлем менімен керемет!>>

Сыныбы: -5,6 <<А>>сыныптар
Мұғалімі:

Қаратас ауылы

Сынып: 5,6 <<А>>
Сынып жетекші: Г. Өмірбекова
Мақсаты: Оқушыларды әлемді әдемілікпен сезіне ала отырып отбасы бақытын бағалай білуге тәрбиелеу;
Жеке тұлғаның шығармашылық және танымдық белсенділіктерін арттыру. Адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастырып достық қарым-қатынас жасауға баулу.
Көрнекіліктер: Гүлдер, шарлар, Түрлі түсті қима қағаздар, т.б
Басталуы:
1. 5,6 <<А>> сынып оқушыларының мектеп табалдырығынан аттағаннан бастап қазіргі кездердегі суреттерінен слайд көрсету.
2. (Өз есіпдеріне байланысты жапқсы сөздер айту) Шаттық шеңберін құру.
3. Бір-біріне жақсы тілек айту.
Мұғалім:
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта Адам?
Ар ма өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!
Әлем дарқан, саялаңдар, бәріңе де орын бар- деп Мұқағали атамыз рас айтқан. Адамның өмірі бүкіл әлеммен тығыз байланысты.
Әлем - адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі. Әлем - ол дарқан, кең, құдіретті. Адам өзінің әлемі туралы шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір-құрметін тек жүректен шыққан сырлы сазбен, ойлы әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді. Ал біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміз тамаша өнерлерімен сіздерді тәнті етпек. Олай болса ортаға Сымбатты шақырамыз.
Сымбат:
Уақыт - шындық безбені
Алысқа сал көзіңді
Білу үшін өзгені,
Сыйлау керек өзіңді
Мұғалім: Әрине, жақсылықты да, сүйіспеншілікті де білу үшін мейірімді жүрек пен ыстық ықылас, сыйластық керек. Бүгін <<Әлем менімен керемет!>>
Мұғалім: Елбасымыз біз үшін, балалар үшін көптеген игі істер атқаруда. Қазақ халқы <<Болмас елдің баласы бірін-бірі табалар, болар елдің баласы бірін-бірі ағалар>> деп бекер айтпаған. Біздің болашағымыз - баладан басталады. Қазіргі балалар қандай болса , келешегіміз де сондай болмақ. Қазір бүкіл әлемнің сенетіні - бала.
Ойын : <<Ыстық орындық>>
Мұғалім: Күн келбетті кезеңнің көркі біздің достығымызда, сүйіспеншілігімізде, айналамызға деген қарым-қатынасымызда осыны естен шығармайық, достар. Біз өмір сүріп отырған әлем-әдемі әлем. Өйткені бұл әлемде сен барсың, ол бар, біз бармыз. Әдемі әлемге әдемі жандар лайық. Біз ғаламды шат күлкі жандармен көруге құштармыз. Қап қара түннен жарық іздейміз, сұп-сұры бұлттан жаңбыр күтеміз. Төрткүл дүниеге тек жақсылық тілейміз
Би: Флэшмоб Сынып оқушылары
Талайды таңқалдырған, өнері мен ел сенімін арқалап жүрген ел ағасы, балам болашағым, көзімнің нұры деп әр қадамына қуанышпен марқаятын ата-анамыз..
Енді осындай әлемді әнмен өрнектеп жатқан сәтте біздің бүлдіршіндеріміз аналары мен әкелеріне арнап Арнұрдың орындауындағы <<Әке -- ана>> әуеніне билеп бермек.
Өнерге шек бар ма? Біздің сыныпта өнер десе отыра алмайтын өнерпаздар жеткілікті. Бүгін өз өнерлерін әнмен өрнектеуге келген Нұрайды ортаға шақырамыз
Ән: <<Тәуелсіз қазақтың қызымын>>
Мұғалім:
Адам! Адам!
Бөлісіп уайымды.
Болашаққа болыңдар дайын үлгі,
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайығымды,
Бір - біріңе болыңдар қайырымдыдей отырып сыныбымыздың әсем әнін қабыл алыңыздар!
Хор: Мен әлеммен әдемімін ( Шарларын қасындағы оқушыға ұсынады.)

Оқушылар <<Мен ғажайыппын, Сен ғажайыпсың, Біз ғажайыппыз>> деп ұрандатып аяқтайды.

Анықтама

№34 Қаратас негізгі мектебінің ақпан айы жалпы білім беру ұйымдарында <<Әр бала-жарық жұлдыз!>> тақырыбында психологиялық айлық өтілуде. Осы орайда 5-6-сынып оқушылар арасында <<Әлем менімен керемет!>> әлеуметтік психологиялық тренинг 6-ақпан күні өтілді.
Мақсаты: Оқушыларды әлемді әдемілікпен сезіне ала отырып отбасы бақытын бағалай білуге тәрбиелеу;
Жеке тұлғаның шығармашылық және танымдық белсенділіктерін арттыру. Адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастырып достық қарым-қатынас жасауға баулу.
Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсара түсті. <<Ыстық орындық>> ойыны болған кезде орындыққа отыруға қымсыңуы байқалды . Өзі туралы мақтау естуге ұялып, шығуға белсендігі төмен болды. Бырақ отырған оқушылар көңіл-күйлерікөтеріліп өздеріне сенімділік ұялай бастады.

Сабақ соңында оқушылар достарына <<Сен менің нағыз досымсын>>, <<Сен ең сұлу құрбысын>>, <<Менің досым Мансур ақылды бала>> деген тілектер жақсы ойларын жазды. Үйдегі ең жақын адамына стикерлерге жақсы көретіндерін жазып ізгі тілектерін білдірді.

Ұқсас жұмыстар
Біздікіндей мектепті
Табиғатқа қамқорлық
Ана - бақыт, ана - нұр
Аяз ата, Аяз ата
Поэзия, менімен егіз бе едің? ... ( 9 сыныбында өткен поэзия кеші)
Алма ағашы
Президент болып халыққа хат жазу
Әлемде талай қызық бар. 4 сынып
Элементтер – химия негізі
Мұқағали өлеңің дүрсілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz