Поезд темір жол көлігі

Сабақтың тақырыбы: Көлік түрлері Күні: 22. 11-26. 11. 2021 Сабақтың мақсаты: Білімділік :баланың көліктер жайлы түсінігін дамыту, атауларын үйрету. Түзете-дамытушылық: баланың ойлауын, ұсақ қол моторикасын, сөйлеуін, дамыту. Тәрбиелік :баланы тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу Көрнекіліктер : поезд, жүк көлігі, қайық, ұшақ ойыншықтары, слайд, түрлі - түсті қағаздар Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу - Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай балалар? II. Жаңа сабақ Бүгін біз көлік түрлерімен танысатын боламыз. Көліктер әуе көлігі, су көлігі, жер көлігі, темір жол көлігі болып бөлінеді. Ендеше, экранға назар аударайық. Бұл - әуе көлігі ұшақ. Ұшаққа адамдар өте ұзақ жол жүрерде мінеді. Онда орындар өте көп болады. Ұшақ ұзақ жолға өте жылдам жететін әуе көлігі. Бұл- қайық. Қайық су көлігі. Қайықты адамдар өзеннің бергі бетінен арғы бетінен өту үшін пайдаланады. Қайықпен балықшылар балық аулауға шығады. Қайықтың ескектері болады. Ескекті суға салып еседі, сонда қайық жылдам жүзетін болады. Бұл- поезд. Поезд темір жол көлігі. Адамдар ұзақ жерге бару үшін поездға мінеді. Поездың вагондары көп болады. Бұл-жүк көлігі. Жүк көлігін адамдар ауыр жүктер яғни, тас, құм және де тағыда басқа жүктерді тасуға пайдаланады.
«Қызықты поезд» ойыны - Балалар, бізге поезд келіпті қараңдаршы! Поездың вагондары түрлі-түсті екен. Поезд бізге не алып келіпті көреміз бе? Жүк көлігін құрастыру ойыны Ойын шарты: жүк көлігін құрастыру Ойын мақсаты: баланың ойлауын, ұсақ қол моторикасын дамыту «Суда жүзген қайық» саусақ ойыны Суда қайық жүзеді, Желкенін ол түзеді, Оңға, солға бұрылып, Толқындатып жүреді.
«Сиқырлы санды поезд» ойыны
Ойын шарты: поезд вагондарын санай отырып, ретімен тізу. Ойын мақсаты: баланы санауға үйрету, сандар жайлы танымын кеңейту, ұсақ қол моторикасын дамыту.
«Түрлі-түсті ұшақтар» ойыны
Ойын шарты: түрлі - түсті қағаздардан ұшақ жасау Ойын мақсаты:баланың ұсақ қол моторикасын дамыту
Сергіту сәті Жүк көлігін айдаймыз вум-вум-вум Қайық болып жүземіз қане, қане, қане. Ұшақ болып ұшайық бәріміз Поезд болып жүрейік тізілеміз біз
Бекіту. «Не қайда жүреді?» ойыны
Ойын шарты: слайдтан көрсетілген көліктерді қайда жүретінін тауып айту және қағазға қалам арқылы сызып көрсету. Ойын мақсаты: баланың ойлауын дамыту, көліктер туралы ұғымын қалыптастыру.
Қорытындылау : баланы мақтап, мадақтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz