Әріпті мамандық ойыны

<<Мен және менің болашақ мамандығым>>

Тәрбие сағатының мақсаты: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: <<Ауызша журнал>>, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Көрнекілігі: презинтация, мамандық аттары жазылған карточкалар, бейнеролик.
Тәрбие сағатының жоспары:
I. Кіріспе сөз
II. Ауызша журнал <<Мамандық әлемінде>>:
1. Еңбек нарығындағы жетіспейтін мамандар (өзекті мәселе).
2. Мамандықтар классафикациясы (Сен білесің бе?).
3. Психологиялық тренинг << Мен қандай маман боламын?>>.
4. <<Мен таңдаған мамандық>> ( жоба қорғау)
5. <<Әріпті мамандық>> ойыны.
III. Қорытынды
І. Кіріспе сөз
- Бәсекеге қабілетті білікті маман, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы. Алдыңнан шыққан қиындыққа төзіп, сабырлылықпен жауап берсең, болашағыңның жарқын арнаға ығысары сөзсіз. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы қанатымызды қатайтып, өрісімізді кеңейтіп, білім жарысының мәресіне жеткеннен кейінгі ойланатын мәселе - болашақ мамандығым қандай болмақ? Мамандық таңдау - адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі.
Біздің журналымыздың бүгінгі саны мамандық туралы болмақ. Сіздер журналымыздың <<Өзекті мәселе>>, <<Жаңалықтар таспасы>>, <<Оқушылар жобасы>>, <<Қызық деректер>>, <<Сен білесің бе?>> <<Психологиялық тренинг>>, ойындар айдарын тамашалайсыздар.
1. Еңбек нарығындағы жетіспейтін мамандар (өзекті мәселе).
- Ендеше, журналымыздың бірінші бетін ашайық. <<Өзекті мәселе>> айдарында Мөлдір мен Нұрғисаның <<Еңбек нарығында жетіспейтін мамандықтар>> атты мақаласын тыңдаймыз.
1. Мөлдір:Сарапшылардың айтуынша - заңгерлер, экономистер, басқарушылар шамадан тыс көп. Бiрақ, дәл осы мамандық иелерi кей компанияларда жетiспей жатады. Былтырғы түлектер бәсекесiнде жастардың арманы - бай болу екенi тағы байқалды. ЖОО-ның ақылы бөлiмдерi қаржы, кеден, салық саласының мамандарын көптеп дайындаса да бұл кәсiптi таңдаушылар саны азаяр емес. Осы мамандықтарға үмiткерлердiң көптiгiн былтырғы жылы бiр орынға шамамен отыз адамнан келгенiнен байқауға болады. Соңғы үш жылда "Қаржы және кредит", "Бухгалтерлiк есеп және аудит" мамандығына құжат тапсырушылар тiптен көбейген. Аталған мамандықтарға елiмiз зәру емес. Осы орайда сарапшылар жергiлiктi еңбек нарығына дәл қазiр ақпараттық технология (программистер) және электроника бойынша инженерлер, инженер-технологтар тапшы екенiн алға тартып отыр.
Сол сияқты Қазақстанға кәсiпқой, бiлiктi басқарушылар керек. Инновациялық жобаны дайындап, сату iсiне дейiн жеткiзетiн басқарушының экономика мен қаржыдан хабары бар екендiгi және өндiрiстен тәжiрибесi молдығы маңызды. Қай кезде де өз iсiне шебер мамандар барлық жұмыс орны үшiн таптырмас кадр.
Нұрғиса: Бүкiл әлемдегi секiлдi Қазақстанның еңбек нарығына денсаулық саласы бойынша мамандар жетiспейдi. Жылына медицина саласындағы арнайы оқу орнын бiтiрген мамандардың тек төртеуi ғана өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады екен. Қалғаны басқа салаға бас сұғады. Тапшы кадрлардың бiрi - биотехнологтар мен медицина құрылғыларының тiлiн бiлетiн маман. Жыл сайын жаңарып отыратын медицина саласына көзi ашық, көкiрегi ояу, технология тiлiн бiлетiн кадр ауадай қажет. Бұл салада фармацевтер тiптi жоқтың қасы.
Мемлекет экономикасы дамыған сайын кадр тапшылығы сезiле түседi. Дәл қазiр Қазақстанның еңбек нарығында жаңа технологиялардың тiлiн бiлетiн маман қажет. Экономика дамыған сайын кадр мәселесi шешiлмейтiн түйiнге айналуда. Дәл бүгiнде елiмiз аса зәру болып отырған салалардың бiрi - ғарыш саласы. Осы орайда астрофизик, астроном мамандықтарының қажеттiлiгi жылдан-жылға артып келедi. Мемлекеттiк стандарт бойынша бiлiм беру жөнiндегi Ұлттық орталықтың мәлiмдеуiнше, елiмiз зәру болып отырған механик, картограф және геодезист (бұл кәсiпке өте аз грант бөлiнген), геолог, баспа iсi мамандығына ұмтылушылар саны мардымсыз немесе жоққа тән.
Бүгiнгi таңда елiмiз металлургия және тау-кен өнеркәсiбi мамандарына зәру болып отыр. Сол сияқты техникалық мамандықтар, тұрғын үй және жол құрылысы (темiржонушы, ағаш өңдеу, кiрпiш қалау, монтаждаушы т.б.) бойынша мамандар дайындау аса қажет.
2. <<Мамандықтар классификациясы>>
Мұғалім: - Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер - психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
адам - техника,
адам - адам,
адам - белгі жүйесі,
адам - табиғат,
адам - көркем образ.
* Адам - техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
* Адам - адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы - басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
* Адам - белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
* Адам - табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
* Адам - көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
-Енді, <<Қызық дерек>> айдарына көшейік. Әлемде ең сирек кезедестін мамандықтар туралы дайындаған Аманғос Әкімгерей және Мырзағали Ақгүл өздері дайындаған ақпаратпен бөліседі.
Әкімгерей: Хош иісті әрі дәмді шыны шайдан дәм тарту - көпшілігімдіздің бой тынықтырып, туған-туыс, жақындармен әрі достармен араласудағы өте жақсы желеу екені белгілі. Алайда, дүниежүзінде шай ішуге мамандық ретінде қарайтын адамдар да бар. Ол титестер - адамдар, яғни шайдың сапасы мен дәмдік беделін анықтайтындар. Дәл осы адамдар түрлі сұрыптан шай жиынтықтарын жасайды. Өздері жасайды әрі алғашқы болып өздері татып көреді.
Титестер немен айналысады?
Тетистер шайды тестілейді. Алдымен құрғақ шай тестіленеді, одан кейін қайнатылған шай жапырағы зерттеледі. Шай тұнбасын тестілеуде титестер шайды ішпейді, тек онымен ауыз қуысын шаяды. Содан кейін шай тамшысын тіл арқылы таңдайға тигізу жолымен оның дәмін анықтауға тырысады. Хош иісін анықтау барысында ол ыстық шайға мұрнын тигізбейді, тек қайнатылған шайдан босаған құтыны иіскейді немесе шайы төгілген, ыстық емес қайнатылған шай жапырақтарын абайлап иіскейді.
Ақгүл: Жарнамалық роликтер жасайтындар біледі, қазіргі таңдағы ең тапшы кәсіп - ол спецэффект шеберлері. Бұл шеберлер экрандағы азық- түліктерді арнайы заттармен ауыстырып көрсетуді ойлап табады.
Жарнамада көріп жүрген газды сусын, йогурттар, шоколад, мөлдір сыралардан шығып жататын ауа түйіршіктері - бұл біз ойлағандай дәл сол иогрут емес - ал оның алмастырушылары. Мәселен, тұшпаралар экранда қайнап жатқан суға әдемі салыну үшін оның орнына пластикалық заттар қолданылады, ал су - суық. Қайнап жатқан суды арнайы компрессормен немесе мотор арқылы қайнап жатқан кейіпке енгізеді. Кейін барлық сурет компьютерде дәлденеді. Мынадай нәтижелерді жүгезе асыру өте қымбат тұрады. Сондықтан жарнама жасаушылардың жалақысы да жоғары.
3. Психологиялық тренинг << Мен қандай маман боламын?>>
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Сергіту сәті. <<Мамандық таңдау маңызы>> видео қарау.https://www.youtube.com/watch?v=JJm1aVylt1Y
4. <<Мен таңдаған мамандық>> жобасы.
Оқушылар өздерінің таңдаған бесінші пәндеріне байланысты 3 топқа бөлініп отыр. <<Физика>>, <<География>> және <<Биология, химия>> әр топқа ресурстар үлестіріледі. Әр топ мамандықтарының жобасын қорғайды.
5. <<Әріпті мамандық>> ойыны.
Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарыныңқыр -- сырын айту керек. Мысалы:
І топ: <<А>>, ІІ топ: <<К>>, ІІІ топ: <<Ж>>.
агроном күзетші журналист
ІІІ. Қорытынды.
-Ж. Аймауытов "Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе" деген екен.
<<Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді>> деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



<<Зорлық - зомбылықсыз бақытты балалық шақ>>
(Баяндама)
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы,өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Балалар-еліміздің болашағы.Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы балалары да зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып, оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда.
Ал,өмір есігін аша сала далада қалатынына не дерсіз?!Қазірде Қазақстанда көптеген аналар жаңа туылған сәбилерін далаға тастап кетуде. Әрине, өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашағына, баланың болашағына балта шабады. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінезін қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне,өз құқықтары мен мүдделерінқорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. <<Ана-сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың>> дейді қазақта. Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн. Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн. <<Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз>> дейді халқымыз. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы-баланың көз алдындағы үлгі -- өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. <<Тәрбиесіздік -- ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі>> деген болатын ұлы бабамыз Әбу насыр әл Фараби. Балалар құқығын қорғау -- егемен еліміздің асыл құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу -- бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.
Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, алайда осы кезге дейін қоғам бұл мәселеге зейін қойып көрген жоқ. Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ <<Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы>> мен <<Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар>> туралы Халықаралық құжаттарда көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Бала үшін ата -- анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады. Мәселенің тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.
Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы мәселенің күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы.
Зорлықтың түрлері:
* Эмоциялық зорлық - балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
* Физикалық зорлық - отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
* Қауіп-қатер - отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
* Балаларды анасына қарсы қолдану -- әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.
Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып-соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
* Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады: денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.
* Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.
Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Балалар құқығын қорғау - егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
1) жәбірленуші - өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам;
2) отбасы-тұрмыстық қатынастар - неке-отбасылық қатынастағы адамдар, жеке тұрғын үй, пәтер немесе өзге де тұрғын үй-жай шегінде бірге тұратын адамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар шеңбері;
3) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабы және (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі);
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы - тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
5) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері - тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері:
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық -- күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып, денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
3. Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құ-қық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
4. Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
5. Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Егер сізге тұрмыстық зорлық - зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші - көлемдеріңмен сөйлесу, айқай - шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.
Қылмыстың бір түрі - балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.
Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн:
* Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
* Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
* Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Ал ата-аналарға осыған жауап:
* Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
* Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;
* Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;
* Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден тиісті органдарға хабарлаңыз.



Сабақтың тақырыбы: Нашақорлықтың алдын алу
Мақсаты: Жас ұрпақтың ЖҚТБ туралы білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы туралы білім алуға жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже: 1. ЖҚТБ туралы ойларын тиянақтайды;
2. ЖҚТБ итермелейтін себептерді анықтай біледі;
3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;
Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, баяндау, пікірлесу, <<өзім үшін жазу>>, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: <<Денің сау болсын десең...>> атты кітап көрмесі, суреттер.
Пәнаралық байланыс: медицина, биология, валеология
Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту
І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Тренинг ойнату: <<Сыйлық>>
ІІІ Ой қозғау
1. ЖҚТБ мен АҚТҚ бір ұғым білдіреді ме? (иә)
2. ЖҚТБ-мен зақымданған адамдар өзін дені сау сезініп, сырт көзге солай көріне ме? (иә)
3. Маса шаққанда ауру жұғады ма? (жоқ)
4. ЖҚТБ-мен ауратын адамды құшақтау қауіпті ме? (жоқ)
5. Қоғамдық әжетхананы пайдалануда зақымдану қауіпі бар ма? (иә)

ІІ Мағынаны тану
Балалар, бүгінгі таңда жасыратыны жоқ бізді қоршаған ортамызды жаман әдетті аурулар қаптап кетті. Олар,нашақорлық, СПИД, ішімдікке салыну сияқтыларды айта аламыз. Соның ішінде жастар арасында нашақорлық әдеті өте көп тарап кетті.Бұған біз кімді кінәлаймыз? Бұл сұраққа жауап іздеу де қиын.
Кезекті Гульфарузға беріп, баяндама тыңдайық.
Жалпы есірткі заттар адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері негізгі ошаққа айналды.
Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады.Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды көздейді, ал ұрлық жазасыз болмайды.Нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіні әуестендіруге, соның арқасында өзінің <<қамын>> ойлауды мақсат етеді.Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол.Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады, еліктегіш жастар дәм тата бастайды.Бара-бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады.Есірткіні түнгі клубтарда би алаңдарында, тіпті мектептерде де сатып алуға болады.
Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, әр түрлі желімдер иіскейтін болса,қазір героин,какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады.Ал синтетикалық есірткінің ерекшелігі сол, бір дәмін татқаннан кейін есі ауады да тұрады.Бір пайдалансаң жайын жай табады, керемет күйге түсесің деп алдайды.Аз уақытқа болса да ләззат алғанына мәз болам деп, нашақор сатына қосылғанын білмей қалады.
Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.
Адам баласын бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп, бір сәттік рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін. Ондаймен айналысқанда 30-жасқа жетер жетпес өмір сүреді бұлай дейтін себебіміз, бұл жаман нәрсеге адамдар ақылға салмастан, желігіп еліктейді де артынан өзіне қиын болатының білмей де қалады.
Сол себепті біздің бүгінгі сабағымыз біз ақылды жастардың бұндай іс-әрекетке бармауы үшін магнитті таспадан мыны бір жанның өз өмірі жайлы баяндаған әңгімесін тыңдап көрейікші.
Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып, үйдегі төрт баланы асырауға шамасы келмеді. Кей кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ерте қартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгелі, кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалдым. Менің түрімді көріп ата - анамның тіптіұнжырғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабына шыдай алмай көз алдымызда өліп кетті. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүріп қолға да түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді бостандыққа аман - есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.
Балалар, енді ойланып көрейікші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не? (Жұмыссыздық, баланың оқи алмай қалуы, отбасындағы тұрмыстың нашарлығы)
Егер, балалар, нашақорлар тек тұрмысы ауыр ортада пайда болады десеңдер, екінші кейіпкерімізді тыңдап көрңіздер.
Менің ата - анам өте ауқатты болды. Менің үстімдегі шетелдік киімдерге барлық балалар қызығып қарайтын. Қалтамда ақша үнемі жүретін. Ата - анам үнемі басқа жерлерге сапарға кеткенде, өзім сияқты балаларды жинап алып, үйдің астан - кестеңін шығаратынмын. Бір күні сондай бір көңілді кеште алғаш рет арақтың, нашаның дәмін таттым. Содан басым байланды да қалды. Бір - екі рет әкемнен ақша алып, саудагерлерден көп ақшаға наша сатып алдым. Содан менде ақша барын білген саудагерлер үйге өздері әкеліп, тіпті кейде бағасын жоғарлатудыда шығарды. Бір күні әкем сұраған ақшамды бермей, тауарсыз қалдым. Есімнен танып, құлап қалғанымды көрген ата - анам, дәрігер шақыртқанда барып, баласының нашақор екенін білді. Өазір емделу үстіндемін. Енді ешқашан нашаға қайтып оралмаймын деп ойлаймын.
Екі адам, екі тағдыр. Балалар, енді ойланып көрейікші екінші кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?
Топтастыру:
Енді балалар, нашақорларды теледидардан немесе өмірден көріп жүрміз, баспасөзден оқып жүрміз, ал олардың зардаптары туралы не білеміз, нашақорлық неге апарып соқтырады, осы сұрақтарға жауап іздейік.
Сонымен, балалар нашақорлықтың шын мәнінде қоғам үшін, отбасы үшін зардабы зор екенін білдік. Енді мынандай жұптық жұмыс істеп көрейік. Алдарыңыздағы үлестірмені таңдап, тапсырмаға жауап дайындайық.
1. Нашақор адам мен дені сау адамды салыстыру.
2. Нашақорлықпен күресу жолдарын іздеу.
3. Плакаттағы суретті таныстырып, қорғау.
<<Өзім үшін жазу>> әдісі:
Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында ашық әңгіме жасадық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық. Қазір сіздер өз өздеріңізбен кеңесіп сөз бересіздер. Және алдарыңыздағы қағазға жазып, тақтаға ілесіздер.
Барлығыңыздың пікірлеріңіз әртүрлі екен. Мен сіздерге үндеу айтқым келеді:
Үндеу!
Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді - өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Бойыңызды ластамай, жан - дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.
Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыздар. Өз тағдырыңыз - өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.
Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз - тәуелсіз еліміздің болашағысыздар!
ІІІ Толғаныс

ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпінің дәрежесі Жоғары қауіп Қауіпі төмен дәрежеде Қауіп жоқ
Бетінен сүю +
Ортақ ыдысты пайдалану +
Денеге инемен сурет салғанда +
Бөтен адамның тіс щеткасын пайдалану +
Қорғалмаған жұптасу +
Шприцтер мен инелерді бірігіп пайдалану +

Оқушылардың ойларын жинақтай келе. <<Өмірдің жарқын болашағың, зор болсын десең, еліңнің жұлдызы болам десең денсаулығыңызды күт>> деген жолдармен аяқтаймын.
Хормен: Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе - арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе - темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе - нашаға әуестенбесін!
Үйге тапсырма: Мақал - мәтел жазу

Ұқсас жұмыстар
Мамандығым - мерейім. 9 сынып
"мамандық әлеміне саяхат" тақырыбындағы тренинг. 9-11 сынып
Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді
Мамандық таңдаудың маңыздылығы
Мамандықтар классификациясы
Мамандық сөзінің орыс тілі және ағылшын тілінің аудармасын сұрау
Мамандық таңдау жолдары
Мамандықтар әлемі
Сөздерге талдау жасату
Заттың аты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz