ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ САБАҚТАН БАСҚА ФОРМАЛАРЫ

Қызылорда облысының білім басқармасының

«М. Мәметова атындағы қызылорда педагогикалық жоғары колледжі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ САБАҚТАН БАСҚА ФОРМАЛАРЫ.

(сабақ тақырыбы)

МОДУЛЬ/ ПӘН: ОН 4. 5 Дүниетануды оқыту әдістемесін қолдану

Дайындаған педагог: Шалапова Г. Н.

2025жыл " 23 " сәуір

1. Жалпы мәліметтер

Курс: 3

Топ : ББ-Б-22

Сабақ типі : Білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы

2. Мақсаты, міндеттер

  • Студенттерге дүниетану пәнін оқытудың сабақтан басқа формалары туралы білім беру.
  • Дүниетану пәнін оқытудың сабақтан басқа формаларын жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын дамыту.
  • Дүниетану пәні «Тарих беттерінен» бөлімі мазмұнын оқыту негізінде білім алушылардың бойында өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, туған жері мен Атамекенінің құндылығын, қоғамға қызмет етудің маңыздылығын, "патриоттық" ұғымдарын сіңіруде оқытудың сабақтан басқа формаларының маңызын түсіндіру.
  • 3. Сабақты жабдықтау

3. 1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. М. К. Естұрсынова, Ш. С. Набидоллина Жаратылыстану негіздері жне дүниетануды оқыту әдістемесі. Фолиант-2007
  2. Қ. Аймағамбетова Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. - Алматы:
  3. Полигафия-сервис и К., 2006. - 248 б.
  4. Б. Турмашева, С. Салиш, В. Пугач 1-4 сынып Дүниетану оқулықтары
  5. Б. Турмашева, С. Салиш, В. Пугач 1-4 сынып мұғалімдерге арналған Дүниетану әдістемелік құрал
  6. Акт құрал жабдықтары, электронды оқулықтар, оқу әдістемелік кешендер, дидактикалық материалдар, аудио-видео таспалар, актив студио тапсырмалары, көмекші құралдар

3. 2 Техникалық құралдар, материалдар

  • Тақырыпқа байланысты көрнекі слайд, интерактивті тақта, плакаттар, таратпа материалдар, стикерлер, интернет материалдары, оқулықтар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты
Уақыты
Оқытушының әрекеті
Білім алушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың кезеңі/уақыты: І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивациялық кезең
Уақыты:

1 минут

2 минут

5-6 минут

Оқытушының әрекеті:
  • Білім алушылардың сабаққа жағымды психологиялық ахуал тудыру
  • Студенттермен амандасу
  • «Жылы лебіз» әдісі арқылы бір біріне сәттілік тілеу
  • STOPWATCH бағдарламасы арқылы оқу тобына бөліну
  • Үй тапсырмасын сұрау/ өткен тақырыптармен байланыс орнату
  • Quizztest арқылы тапсырмалар орындау
  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау
  • «Mine shtorm» әдісі арқылы проблемалық сұрақ қою
Білім алушының әрекеті:
  • Сәлемдеседі
  • Жаттығуға назар аударады
  • Әрекеттерді орындайды
  • Белсенділік танытады
  • Көңіл күйі көтеріледі
  • Сабақтың тақырыбын, өзектілігін біледі
  • Сабақтың мақсатын қоюға белсенді араласады.
  • Топқа бөлінеді
Бағалау:

ҚБ. Тамаша!

Керемет!

Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін!

Ресурстар: STOPWATCH бағдарламасы
Сабақтың кезеңі/уақыты:

ІІ.

Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

Уақыты: 7минут
Оқытушының әрекеті:
  1. Жаңа білімді слайд арқылы оқытушы баяндайды.

Жоспары:

  1. Сабақты түрлендірудің маңызы
  2. Дүниетану сабағын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері/ дәстүрлі емес сабақтар (экскурсия, танымдық ойындар, викториналар, шеберлік сыныптар мен тәжірибелік жұмыстар, волонтерлік және қоғамдық шаралар, үйірмелер мен клубтар)

Дүниетану пәнін оқытудың сабақтан басқа формалары

Дүниетану пәнін оқытуда дәстүрлі сабақ түрлерімен қатар, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын сабақтан тыс формаларды қолдану маңызды. Мұндай формалар балалардың қоршаған ортаны тереңірек түсінуіне, табиғат пен қоғам туралы білімдерін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік береді.

1. Экскурсиялар

Экскурсиялар оқушылардың табиғи, мәдени, тарихи орындарды тікелей бақылап, зерттеуіне мүмкіндік береді.

  • Табиғатқа саяхат- орманға, өзен жағасына, таулы аймақтарға бару арқылы экожүйелерді зерттеу.
  • Мұражайлар мен тарихи орындарға бару- ел тарихымен, мәдени құндылықтармен танысу.
  • Өндірістік орындарға экскурсия- зауыттар, фабрикалар, ауылшаруашылық нысандарының жұмысымен танысу.

2. Зерттеу жобалары

  • Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша зерттеу жүргізіп, өз жұмыстарын қорғауы мүмкін.
  • Экологиялық жобалар жасап, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар ұйымдастыра алады.

3. Танымдық ойындар мен викториналар/ квест сабақ

  • ойын түріндегі сұрақ-жауап викториналары.
  • Интерактивті тапсырмалар, пазлдар, квесттер арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

4. Шеберлік сыныптары мен тәжірибелік жұмыстар

  • Ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу, экожүйелерді бақылау.
  • Экологиялық мәселелерді шешу жолдарына арналған тәжірибелер өткізу.

5. Театрландырылған қойылымдар мен драматизациялар

  • Түрлі құбылыстар мен оқиғаларды сахналау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.
  • Әртүрлі тарихи кезеңдерді бейнелейтін көріністер көрсету.

6. Волонтерлік және қоғамдық шаралар

  • Ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау, жануарларға қамқорлық жасау сынды экологиялық акциялар.
  • Ардагерлермен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру.
  • Табиғи, мәдени, тарихи ескерткіштер мен туристік орындаға күтім жасау.

7. Клубтар мен үйірмелер

  • «Жас зерттеуші», «Экологтар клубы», «Жас табиғат сақшысы» секілді үйірмелер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Бұл әдістер оқушылардың дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды белсенді өмірлік ұстанымға баулуға, өздігінен білім алуға және қоршаған ортаны түсініп, оны қорғауға бағыттайды.

Білім алушының әрекеті:
  • Оқытушы түсіндірмесін тыңдайды
  • Негізгі ұғымдарды, анықтамаларды түртіп алады
  • Оқытушының жетекші сұрақтарына жауап береді
Бағалау:

ҚБ:

  • Жарайсыздар!
  • Ақылдысыздар!
  • Талпынамыз!
Ресурстар:

«Дүниетану пәнін оқытудың сабақтан басқа формалары»

тақырыбындағы

слайд

Негізгі және қосымша оқулықтар

1. М. К. Естұрсынова, Ш. С. Набидоллина Жаратылыстану негіздері жне дүниетануды оқыту әдістемесі. Фолиант-2007

2. Қ. Аймағамбетова Дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы. - Алматы:

3. Полигафия-сервис и К., 2006. - 248 б.

4. Б. Турмашева, С. Салиш, В. Пугач 1-4 сынып Дүниетану оқулықтары

5. Б. Турмашева, С. Салиш, В. Пугач 1-4 сынып мұғалімдерге арналған Дүниетану әдістемелік құрал

Сабақтың кезеңі/уақыты: ІІІ. Операционалды-танымдық кезең
Уақыты: 27минут
Оқытушының әрекеті:
  1. Топпен практикалық жұмыс

Мақсаты: Тақырыпқа қатысты практикалық тапсырмаларды орындап, кәсіби білімін тереңдету

Жүргізілу жолы: 4 топқа практикалық тапсырмалар мен құрал-жабдықтар таратылып беріледі. Тапсырманың нұсқаулығы, орындау уақыты түсіндіріледі.

✅ Топ өзіне берілген оқыту формасын зерттейді.

✅ Дүниетану пәні аясында осы форманы пайдалана отырып, 20-30 минуттық сабақ немесе сыныптан тыс шара жоспарын құрады.

✅ Іс-шараның мақсаты, әдістері, құралдары мен күтілетін нәтижелерін сипаттайды.

:
:
:
:
:
:
:


Білім алушының әрекеті: І топ
Бағалау: ІІ топ
Ресурстар: ІІІ топ
ІҮ топ

1 кезең

Quiziz test

Шарты: 5 cұрақтан тұратын тест тапсырмасына жауап беру

Орындауға: 5 минут

2 кезең

Болашақ кәсіби қызмет тәжірибесіне негізделген тапсырма

Орындауға: 10 минут

Қорғауға: әр топқа 7 минут

Шарты:

Экскурсия/ топ саяхат формасында сабақ жоспарлап демонстрациялау.

-мұражайлар мен тарихи орындарға бару арқылы- ел тарихымен, мәдени құндылықтармен танысу.

Шарты:

Театрландырылған қойылым формасында сабақ жоспарлап, демонстрациялау

-түрлі құбылыстар мен оқиғаларды сахналау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту.

-әртүрлі тарихи кезеңдерді бейнелейтін көріністер көрсету.

Шарты:

Танымдық ойын мен викторина немесе квест формасында сабақ жоспарлап, демонстрациялау

- ойын түріндегі сұрақ-жауап викториналары.

- интерактивті тапсырмалар, пазлдар, квесттер арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Шарты:

«Жас зерттеуші» үйірмесі негізінде

«Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен ержүрек қыздар: Әлия, Мәншүк, Хиуаз» туралы зерттеу жоба жұмысын жоспарлау, демонстрациялау

- оқушылар белгілі бір тақырып бойынша зерттеу жүргізіп, өз жұмыстарын қорғауы мүмкін.

  • Тапсырманы түсініп алады
  • Әдіс нұсқаулығын тыңдап, тапсырманы орындайды
  • Жұмыстарын қорғайды
  • Бірін-бірі бағалайды

ҚБ:

  • Жарайсыздар!
  • Белсенділіктеріңіз үшін рақмет !
  • Талпынамыз!

Quiziz test

https://quizizz. com/join?gc=95962013

Б. Турмашева, С. Салиш,

В. Пугач 1-4 сынып Дүниетану оқулықтары

Сабақтың кезеңі/уақыты:
Уақыты:
Оқытушының әрекеті:
Білім алушының әрекеті:
Сабақтың кезеңі/уақыты:
Сабақтың кезеңі/уақыты:
Сабақтың кезеңі/уақыты:
Сабақтың кезеңі/уақыты:
Уақыты:
Оқытушының әрекеті:
Білім алушының әрекеті:
Сабақтың кезеңі/уақыты: ІҮ Білімді бақылау, бағалау кезеңі
Уақыты:

2 минут


Ұқсас жұмыстар
Сабақ кестесінің үлгілері
Жаңа ақпараттық технологияларда
Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру
Инновациялық мәдениет
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың маңызы
Бейнелеу өнері пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
Менің педагогикалық ұстанымым
Кіріктірілген сабақтың негізгі құрылымы
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz