Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Информатика сабағында акт-ны пайдалану
Сейтбекова Гүлдана Әлімбекқызы
Талдықорған қаласы №16 орта
мектеп-гимназиясының
информатика пәнінің мұғалімі
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА
АҚПАРАТГЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Білім берудің ұлтгық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші,
тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер
мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да
өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсатгары да, құндылыктары да, идеялары да
бұрынғыдан мүлде баскаша. Өйткені олар - өзінің болашағына тиімділік
тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Олай болса, бұл коғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана
болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялык -
педагогикалық, дидактикалык әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпаратгық
компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген
ақпараттык құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
Білім беру жүйесін акпараттандыру дегеніміз - берілетін білім сапасын
көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттык білім
жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік
ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту
болып табылады. Ақпараттык коммуникациялық технология электрондық есептеуіш
технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулыктарды, интерактивті құралдарды қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді.
Ақпараттык әдістемелік материалдар коммуникациялык байланыс құралдарын
пайдалану аркылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның
мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын программаларын
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Акпараттық қоғамның негізгі талабы -
оқушыларға акпараттық білім негіздерін беру, логикалык - құрылымдық ойлау
қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске
асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын калыптастырып, ақпараттық қоғамға
бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік -
ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық
бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының
құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір
жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік
коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан окыту жүйесі жедел
карқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру
мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен камтылуы, оқу пәндерінің барлык
бағыттары бойынша электрондық оқулыктар құрылуы және интернеттің дамуы
мысал бола алады.
Бүгінгі танда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте
көп. Оқу процесінде ақпараттык және телекоммуникациялық кұралдар
мүмкіндігін комплексті түрде колдануды жүзеге асыру көп функционалды
электрондық оқу кұралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Осындай электрондық оқулыктарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық
мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру,
меңгеру деңгейін бақылау.
Информатика сабағында көп функционалды электрондық оқулыктар:
-окушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруга;
-әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды
модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы
ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
~оқу процесінде мультимедиа технологияларын, гипермәтіндік және
гипермедиа жүйелерін пайдалануға;
-оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік
деңгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауга;
-оқытуды басқаруга, оку қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау
процесін автоматтандыруга интеллектуалдық деңгейіне қарай тапсырмалар
беруге;
-оқушылардың өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауга;
- қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп
атайды, себебі олардың мүғалім мен оқушының әрекетіне "дыбыс беру", олармен
диалог "жүргізу" қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең
негізгі ерекшелігі болып табылады.
Информатика сабағында компьютерді оқыту процесінің барлык кезендерінде
қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда,
білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін
ол әр түрлі функцияларды атқарады.
Информатика сабағында электрондық оқулыкты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-
әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңіддетеді.
Окытудың әр сатысында компьютерлік тестер аркылы оқушыны жекелей бақылауды,
графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалык, бейне және дыбыс
бөлімдерінің программасы бойынша алатын жаңалыктарды іске асыруға көп
көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулыктарға қарағанда
пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық
оқулыктың артықшылығы болып табылады. Сондыктан, өзін - өзі тексеру жүйесі
оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық
оқулыктарды пайдалану оқушылардың, танымдык белсенділігін арттырып қана
қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне
жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану казіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдалан-бай
алға жылжу мүмкін емес. Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану,
білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жана оқыту технологиясын
енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту
процесінде компъютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен
жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу
материалын тиімді сипаттайтындай қабылдау механизміне тәуелді болады.
Осыған байланысты оқу іс-әрекетін тиімді камтамасыз ету бәрінен бұрын
оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, оқытушының әрбір оқушымен жеке тұлғалык
оқу іс-әрекетін сүйемелдеуді және жобалар мен оқу жұмыстарын оқытушылармен
бірге ұйымдастыруды жобалайды. Осылайша ақпараттық технологиялардың дамуы
жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның
сапасын жоғарылатады. Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда
тиімді белгілі бір бөлім бойынша білімді тек-серуде, гипермәтіндік
түсініктемелердің көп рет қолданған кезде уакытты үнемдейді. Электронды
оқулық оқушының уакытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген
және оқушының ұмытып калған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді кажет элементінің
жанында жазуы болады.
Бұл технологияның өзектілігі коғамның акпараттандыру жылдамдығының
артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабактарында жаңа ақпараттық
технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттык ортаны
қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен
ерекшеленеді. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен
практика түбегейлі езгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі
ақпараттык-коммуникациялык жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша
жаңалаған жолмен XXI ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын
тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.
Қорытынды: Электронды оқыту - компьютерлік оқыту технологиясын пайдалану
оқушылардың оқу деңгейін көтеріп пәнге деген қызығушылықтарын арттырып
отырды. Мұнан шығатын қорытынды: бұл әдісті тек кана информатика пәнінде
емес, кез келген пәнде еркін пайдалануға болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz