Кемерши Қ. Жазықов атындағы орта мектептегі Жас сарбаз және бойжеткен тәрбие-мәдени кешінің сценарийі

Ұйымдастырған :

Тәрбие ісінің орынбасары C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 001.jpg Құлманова Злиха Санаққызы

Жүргізген :

жастар қоғамының жетекшісі Қохаманов Сағындық Жылқыбекұлы

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Кемерши селосы

Қ. Жазықов атындағы орта мектеп

Жас сарбаз және бойжеткен

  1. Таныстыру.

Армыздар ардақты ағайын !!

Егемен еліміздің азат таңында алаңсыз күн кешкен тәуелсіз халықтың қыз бен ұлдары мен жалынды жастары !

Кемерши құтты мекен батыр атамыз атындағы орта мектепте далалық жаттығуға келген қонақтар.

Қош келдіңіздер !!!

Бойында күш пен жігер тасыған жас сарбаздар мен қылықты қыздарымыздың өнерін шыңға алу мақсатында ұйымдастырылған «жас сарбаз және бойжеткен» атты кешімізге тағы да қош келдіңіздер!

Армандарды алыстағы сағым қып.

Жігерлерді жарқыратып жалын ғып.

Бүгінгі кешті ендеше жүргізуші

Жалынды жастың бірі, мен Сағындық

Таусылмасын жалғассын жастар әні

Үзілмесін, шарықтап асқақ әні

Өмірдің мәңгі мәні - достық деген,

Ең бірінші танысудан басталады - деп бүгінгі кешке қатысқалы отырған жас сарбаздарымыз және айдай ару қыздарымызбен таныса отырайық!

ІІ. Жігіттер жауһар болса, арулар жыр.

Жігіттер жалын болса арулар - нұр

Ендеше келесі кезең қыз бен жігіт

Жасырылмай айтылсын іштегі сыр - дей отыра келесі кезеңде аруларымыз жігіттерге өз ойларындағы кез -келген сұрақты қоя алады. Сонымен қатар қыздарымыз жігіттерге ауызша сипаттама беру керек.

ІІІ. Жігіт көркі өнер.

Жігітке жеті өнерде аз болады

Ән шырқаса көңілдер жаз болады.

Ендеше жігіттерді санап көрсек,

Қыздарымыз қолқа сап наз қылады-ендеше келесі кезегіміз «жігіт көркі өнер»деп аталады. Бұл кезеңде бойжеткендер жігіттерімізге қандай өнер көрсету керек екендіктерін өздері айтады. Жігіттеріміз сол өнерді көрсетеді.

ІҮ. Ай жүзді менім аруым.

Арулар-қорғанышым қаруым,

Дертке шипа, ауырғанда дәруің

Жас сарбаздар ендеше сипаттасын

Айдай жүзді күн келбетті аруын-дей отыра келесі бөлімімізді береміз.

Бұл кезеңде жігіттеріміз қыздарымызға сипаттама береді.

Ү. Бәрекелді! Жігіттеріміздің өнеріне тәнті болдық ендеше жетпес өнер аздық ететін жігіттерге берілетін келесі тапсырманы түсіндіріп өтсем.

ендеше жігіттерге сәттілік!!!

ҮІ. Жігіттер берік болсын шешімің.

Бойжеткендер нақты болсын кесімің

Ұтқыр жауап, ұшқыр ой айта білсең

Болашақ-та, айқара ашар есігін-деп келесі кезегіміз «Тосын оқиғалар-батыл шешім»деп аталады. Бұл кезеңде ситуациялық сұрақ беріледі.

ҮІІ. Қорытынды.

Сарбаздар өнерлерің шарықтасын

Арулар арман-қанат қалықтасын!

Өмірлерің гүлдей боп жайнасыншы

Болсыншы күндеріңіз жарық жасап

Жігіттер күн болғанда, арулар гул

Жүректерден шырқалады қаншама жыр

Сыр айтып, кешімізге көрік берген

Енді міне кездесетін сәт келіп тұр-деп бүгінгі кештің сәніне айналып мәнін келтірген жас сарбаздарымыз бен бойжеткендерімізге керемет сәт келіп тұр. Ендеше кеш кейіпкерлерін қошеметпен ортаға шақырамыз.

ҮІІІ. Марапаттау.


Ұқсас жұмыстар
Қ. Жазықов атындағы орта мектептің Отаным, Елім, Жерім танымдық ойыны
Қ. Жазықов атындағы орта мектептің Жігер жеңіске жетелейді спорттық жарысының сценарийі - 2010 жыл (Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған)
Қ. Жазықов атындағы орта мектепте 1-4 сыныптар арасында өткізілген Ұстазымыз және біз - спорт сүйер балғынбыз спорттық эстафетасының сценарийі (17.11.2010)
Қ. Жазықов атындағы орта мектепте өткен Біз осындай баламыз сайысындағы 4-сынып топтарының таныстырулары
Ақшығанақ ауылы Қ.Топаев атындағы орта мектептің Қарттар күні мерекелік кешінің сценарийі
Сейфуллин атындағы орта мектептің Бастауышым балбұлағым атты бастауыш сыныппен қоштасу кешінің сценарийі
6-сынып оқушыларына арналған Жас географтар қатарына қабылдау тәрбие кешінің сценарийі
Кемерши ауылдық клубының 9 мамырдағы Мәңгілік Ұмытылмас Ұлы Жеңіс салтанатты жиынының сценарийі
Мектептегі Тілепбергенова Рахимаға арналған Ардақты ана, асыл әже зейнеткерлік қоштасу кешінің сценарийі
Мектептегі мәдени-шығармашылық және қосымша білім беру бағдарламалары: жас қаламгерлер мен әншілер сайыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz