Бұлбұлдың әні: Мәдіхат Төрежановтың әңгімесіне негізделген ашық сабақ жоспары (Қарабұтақ орта мектебі, Умирзакова Ж.Ж., 2013)

Қарабұтақ орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Бұлбұлдың әні

(Ашық сабақ)

Өткізген: Умирзакова Ж. Ж.

2013 жыл

Сабақтың тақырыбы : Бұлбұлдың әні

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік: Мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл құстары туралы түсініктерін тереңдету.

ә) тәрбиелік: Табиғатты аялауға, құстарды қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу

б) дамытушылық : Тіл байлығын, сөздік қорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі : Жаңа білімді игеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері : Сын тұрғысынан ойлау, дамытушылық, сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі : Суреттер, портрет, интерактивті тақта,

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу-құралдарының әзірлігін тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Саламатсыздарма балалар! Қане барлығымыз оқу-құралдарымызды дайындап алайық. Бүгінгі сабақта түгелміз бе?

Олай болса, қазір бізде ана тілі сабағы. Яғни, бұл сабақ жай сабақ емес. Себебі бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан бүгінгі сабақта бір-бірімізге сәттілік тілей отырып, көңіл-күйімізді көтеру үшін шаттық шеңберін құрайық.

Күліп-қағып қолымды,

1, 2, 3 соғайын.

Күліп тұрып көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы жылы жүзбенен

Маңдайыңнан сипайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын

ІІ. Үй тапсырмасы .

Ендеше барлығымыз үйге берілген тапсырмаға зейін аударайық.

-үйге қандай тапсырма берілді?

-кім бүгінгі сабаққа дайын екен? Қане қол көтеріп «Жаңбыр» өлеңін жатқа айтар екен? (4-5 оқушыдан жатқа сұралады)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Назар аудар!

  1. Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
  2. Жаңбыр жауар алдында, жаңбыр жауғанда аспанда қандай өзгерістер болады?
  3. Жаңбыр жылдың қай мезгілінде көп жауады?
  4. Жаңбырдың қандай түрлерін білесіңдер?
  5. Жауынның қандай пайдасы бар?

ІV. Сергіту сәті.

Жаңбыр сіркіреді

Жаңбыр жауды

Жаңбыр нөсерлетті

Жаңбыр басылды

( Оқушылар жаңбырдың дыбысын саусақтарымен, аяқтарымен салады)

V. Ой қозғау .

1. Жаңбыр жауып басылғаннан кейін аспанда нелердің дауысы естіледі?

(жәндіктердің, құстардың)

2. Қандай құстарды білесіңдер?

(қаз, торғай, әтеш, сауысқан, бозторғай, қарға, бұлбұл)

3. Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

(дала құстары, үй құстары т. б. )

  1. Құстар қалай дыбыстайды?

(қаз қаңқылдайды, торғай шиқылдайды, әтеш шақырады, қарға қарқылдайды, бозторғай шырылдайды, бұлбұл сайрайды )

. Қызығушылығын ояту.

Балалар, олай болса бәріміз тақтаға қарай отырып, мына дыбысты тыңдап көрейік.

-қандай құстың үні ерекше естіледі?

-демек, мынау қандай құстың суреті екен?

Бұлбұл-әнші құс. Оның екі түрі болады.

  1. дала бұлбұлы
  2. тоғай бұлбұлы

-Бұлбұл қандай құс екен?

-Ал, сендер қазақтың қандай бұлбұл әншілерін білесіңдер ме?

-Қазақтың бұлбұл әншілері-Күләш Бәйсейітова және Бибігүл Төлегенова.

-Тақтадағы бұлбұл әнші апаларымыздың суретіне назар аудара отырып, әнін тыңдап көрейік.

VІІ. Кім боламын .

Яғни осы апаларымыз кішкене кезінен әншілікті армандап, армандарына жеткен. Ал, сендер өскен соң кім болғыларың келеді?

Айдана - дәрігер

Арайлым - мұғалім

Алдияр - ұшқыш

Ақмарал - әнші

Аяулым - әнші

-олай болса біздің Ақмарал, Аяулымдар апаларымыз сияқты әнші болғысы келеді екен. Алдымызда көктем мезгілі келеді. Көктеммен бірге құстар да келеді. Қане құстар жайлы ән білеміз бе екен?

VІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Олай болса, барлығымыз назарларымызды тақтаға аударайық.

-Тақтада не көріп тұрсыңдар?

- Сандар.

Бұл сандар жай сандар емес. Сандардың астында бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы жасырынған. Алфавиттегі әріптердің нөмірі бойынша осы цифрларды оқып шықсақ, бүгінгі сабақтың тақырыбын шешеміз.

-Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз Мәдіхат Төрежановтың «Бұлбұлдың әні » атты әңгімесі. Барлығымыз мына портретке мән берейік. ( Тақтада Мәдіхат Төрежановтың өмірбаяны мен портреті ілінген)

1. Мәтінді оқушылар тізбектеп оқу.

2. Мәтінді оқушылар іштерінен оқу.

3. Мәтінді бөліктерге бөлу.

ІХ. Оқулықпен жұмыс .

Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау.

-Әбдеш қандай бала екенін сипаттау.

-Табиғатты көз алдына елестете отырып суреттеу.

-бұлбұл қандай құс екенін сипаттау.

Х. Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс .

Үй құстары. Дала құстары.

ХІ. Сабақты қорытындылау .

INSERT кестесі

Не білемін
Нені білдім
Білгім келеді
Не білемін:
Нені білдім:
Білгім келеді:

ХІІ. Үйге тапсырма .

Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінік айту. Бөліктерге ат қою. Бұлбұл құсы туралы мәлімет жинау.

ХІІІ. Бағалау .


Ұқсас жұмыстар
3-сынып. Әдебиеттік оқыту: Мәдіхат Төрежановтың Бұлбұлдың әні мәтіні арқылы мәтін мазмұнын меңгерту, тіл байлығын дамыту және табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Мәдіхат Төрежановтың Қолғабыс әңгімесін талдап оқытуға арналған сабақ жоспары
2012-2013 оқу жылының 2-тоқсаны бойынша Форма Ж-1, Ж-2, Ж-3, Ж-4 негізіндегі сынып жетекшісі, пән мұғалімі және бірлестік есептері
Мәдихат Төрежанов Қолғабыс әңгімесіне арналған 4-сынып ана тілі сабағы
Қарабұтақ орта мектебінің 2012-2013 оқу жылындағы 10-сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары
Ж дыбысы мен Ж әрпін оқытуға арналған сабақ жоспары
Сауат ашу сабағы: Ж (ж) дыбысы мен әрпі
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ж ж дыбысы мен әрпі - Қасқыр және жеті лақ ертегісі негізінде
№11 Қоскөл орта мектебінің 2013-2014 оқу жылындағы 25 мамыр 2014 ж. өткен соңғы қоңырау салтанатының сценарийі
Ж. Аймауытовтың Әнші әңгімесіндегі Әмірқан бейнесін талдауға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz