Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Адамның шаруашылық әрекеті және оның шөл ландшафтына әсері
АДАМНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШӨЛ ЛАНДШАФТЫНА ӘСЕРІ
Ауылшаруашылық өндіріс
Ежелден шөлде тұратын халықтың ең негізгі экономикасы көгалдардағы егістік пен көшпенді малшаруашылығымен байланысты болған.
Қазіргі уақытта суармалы егістіктің ауданы перелог пен залеждерді қосқанда Түркменстанда шамамен 1,5 млн га (<<Түркменстанның табиғат күзетшісі>>,1978) (15-сурет). Жыртылуға жарамды жердің көлемі 10 млн га-дан асады. Егістіктің негізгі түрі - мақта. Мақта - шикізатының өндірісі 1980жылы 1250 000 т жеткен. Сонымен қатар жемістер, бақша жемістері, жидектер және жүзім өндірісі кеңеюде. Жыл сайын дәнді дақылдар егістігі өндіріледі (16-сурет).
Суармалы егістіктің негізі - су. Судың 90% Түркменстанның халық шаруашылығында пайдаланылады. Республиканың су ресурстары сарқылу шегінде тұр. Егістіктің болашақта дамуы үшін, сібір өзендерін құрғақ аудандарға қарай бұру мәселесі қарастырылуы қажет.
Жерді игеру Қарақұм табиғатына бірнеше бағытта байқалады. Жерді жырту мен мелиорациялау нәтижесінде жабайы өсімдік жамылғысы түгелімен жойылуда. Бұл жабайы фаунаның көп түрінің жоғалуына әкеп соғады, өйткені суарылатын жерлерге басқа өсімдіктер орналасып, бұрынғы ландшафтарға тән емес өсімдіктер мен жануарлар т.б. Ұзақ уақыт бойы суарылған жерлерде ерекше суармалы топырақ түрлері пайда болады, олардың гумус көкжиегі күшті болады. Қордан суғару нәтижесінде жер асты сулары мен табиғи режимінің өзгерісіне әкеп соғады. Сонымен қатар көгалдардағы микроклиматтың біртіндеп өзгеруіне, ылғалдылықтың жоғарылауына және жазғы уақыттағы ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Бабаевтың мәліметтері бойынша (1963), көгалдағы ауаның орташа температурасы шілде айында +29,40 құрса, одан 100 км қашықтықтағы шөлде (Чашли метеостансасы) +32,40 құрайды. Бір күнде шөлге қарағанда көгалдың топырағы 200, ауаның температурасы 8-100 болады.
Суарылатын жерлердің жер бедері де ерекшелене түседі: ірі каналдарда, 3м биіктіктегі валдар төртбұрыштар немесе тіктөртбұрыштар сияқты пішінді көрсетеді. Жерді жыртпас бұрын, шаруалар жер бетін тегістеп, қисық жерлерді түзеп, ойпаттарды толтырып өңдейді.
Сонымен суармалы аудандар шөл табиғатына мүлде ұқсамайды. Жер беті, өсімдік жамылғысы, микроклимат өзгеріске ұшыраған. Осының нәтижесінде жерді игерудің шөл табиғаты ландшафтын күрт өзгертіп, Исаченконың (1965) классификациясы бойынша жыртылатын жерлерді өзгертілген ландшафтар қатарына жатады деп қорытындылауға болады.
Адамның шөлдегі шаруашылық әрекетінің ең ежелгісі болып - мал шаруашылығы есептеледі. Қазіргі уақытта Қарақұм шөлі аумағының көп бөлігі жайылым ретінде пайдаланады. Мұнда негізінен қой (4 млн бас), және түйе (100 мың) өсіріледі.
Қазіргі заманғы мал шаруалары арнайы білімі мен заманауи техникамен жабдықталған. Жаңа құдықтар мен су бұрғылары жер бетіне жер асты суларын шығаруда. Каналдар аңғары мен су құбырлары көп шақырымдарға созылып жатыр. Егін болмай қалған жағдайда, қор ретінде, астық жиналады. Жыртқыш аңдар жойылып, мал ауруымен күрес сәтті жүргізіліп жатыр. Осының бәрі үй жануарларының көбеюі мен жаңа жайлымдардың игерілуін аңғартады. Кей жерлерде мал басы тым көп, бұл шөлдегі өсімдік жамылғысының жойылып кету қаупі бар. Малдар көбінесе сулы жерлерде, құдықтардың қасында, халық орналасқан жерлерде, көгалдар шеттерінде жайылады. Жануарлар өсімдік жамылғысын жойып қана қоймай (жеп, таптайды), олар құм бетін қопарып, оны жел эрозиясына ұшыратады. Міне сол үшін мал мекендейтін жерлер барханды шеңберлермен қоршалған. Ғарыштық түсірілімдерде осындай шеңберлер саналып және олардың көлемі анықталған. Тек Орталық Қарақұмның өзінде олардың саны 200-ден асса, орташа диаметрі 1,32 км (Харин, Бабаева, 1985). Осы авторлардың мәліметтері бойынша аумақта өсімдік жамылғысының деградациясы жалпы Түркменстан жерінің 38%алып жатыр. Шөл үшін бұл процесстің негізгі көзі болып шектен тыс мал өсіру мен, жергілікті халықтың отын ретінде бұталы және ағашты өсімдіктерді пайдалану болып табылады.
Бірақ, мал бағудың шөлге пайдалы жақтары да бар. Малдың тұяқтары жерді қопарып, қарахарсанг-мүгінің жамылғысын бұзады, өсімдіктердің тұқымын жерге таптайды. Өсімдіктердің басын жей келе, олардың жел арқылы ұшып басқа жерге өнуіне әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, жабайы- құландар мен жейрандардың рольдерін атқарады.
Толығырақ айтқанда, шөл табиғатына адамның мал бағуы үлкен әсерін тигізеді.
Өнеркәсіптік өндіріс
ХХ ғасыр адам әрекетімен шөлді жерлерге біраз өзгерістерді енгізді. Мал шаруашылығы, егістік салаларынан басқа қоршаған ортаға мұнай-газ өндіру, химия, мұнай өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсіптері әсер етеді.
Бұл бөлімде біз Қарақұм шөлінде дамыған өндіріс туралы сипаттаймыз. Алайда шөл табиғатына қашықтықта орналасқан өндірістер де әсер ететінін ұмытпау қажет.
Қарастырылып отырған аумақта табиғи газ бен мұнай өндіру дамыған (6-сурет). Оңтүстік-шығыс Қарақұмда (Шатлык, Майское, Байрам-Али), Орталық Қарақұм (Дарваза-Геагли), Амудария аңғарында (Ачак, Наи) газ өндіріледі. Дарган-Аты ауданында мұнай өндіріледі.
Мұнай-газ өндіру өнеркәсіптері қайта қалпына келмейтін ресурстарды өндіруде қоршаған ортаға оның ішінде, жеке табиғат компоненттеріне және шөл ландшафтына өз әсерін тигізеді. Газ және мұнай бұрғыларын орнату кезінде өсімдік және топырақ жамылғысы бұзылады. Бұрғылау қондырғыларына баратын жол әлсіз бекітілген құмдардың жел эрозиясына ұшырауынан нашарлайды. Төгілген мұнай жер беті мен жер асты суларының ластануына, топырақ және өсімдік жамылғысының жойылуына әкеп соғады. Жанатын табиғи газ атмосфераны ластайды.
Химия өнеркәсібі кеңінен ұсынылады. Ұзақ уақыт бойы химия өнеркәсібіне шикізатты Орталық Қарақұмнан күкірт (Дарваза кен орны) алынатын. Кен орында салынған зауыт мемлекетті 30 жыл күкіртпен қамтамасыз еткен. Қордың азаюына және оны тасымалдаудың тиімсіздігіне байланысты, Түркменстанның оңтүстік-шығыс Гаудак тауындағы жоғары сапалы күкірт кен орны ашылғаннан кейін, Қарақұмдағы күкірт өндіру тоқтатылды. Бірақ ұзақ жылғы өндіріс табиғатқа өз әсерін тигізді. Бұл біріншіден ландшафтардың геологиялық құрылымына, кенді қазып алу нәтижесіндегі жыныстардың табиғи қабатының бұзылуына, және жер бедерінің өзгеруіне әсерін тигізді. Антропогендік әрекеттен карьерлер, отвалдар және т.б. жер бедері пішіндері пайда болды.
Сонымен қатар топырақ қабаты бұзылып, жабайы өсімдіктер сиреп, жануарлар әлемі де зардап шеккен.
Химия өнеркәсібінің басқа кәсіпорындары сырттан әкелінетін шикізатпен жұмыс істейді және ол ең бірінші атмосфераны зиян қалдықтарымен ластауға және өнеркәсіп қалдықтарын суға тастау арқылы ластануды күшейте түседі. Мысал ретінде Чарджоу суперфосфат зауытын алатын болсақ, ол Гаурдак күкірті мен Қаратау фосфориттерімен жұмыс істейді. Осылардан өнім алу үшін, басқа да химия өнеркәсіптері сияқты, мұнда суды көп қажет етеді, соның нәтижесінде су ластанады. Тыңайтқыштар өндіру үшін күкірт қышқылы көп мөлшерде қажет, оның да қоршаған ортаға әсері зиян.
Жақсы дамыған өнеркәсіптердің бірі болып құрылыс материалдары саналады. Мұнда цемент, темір-бетон өнімдері, кірпіш, әйнек және т.б. өндіріледі. Ірі орталықтары - Безмеин (цемент зауыты), Ашхабад (Орта Азиядағы ең ірі әйнек комбинаты), Чарджоу (құрылыс материалдары зауыты).
Өндіріс үшін шикізат көзі негізінен Қарақұмның құмын пайдаланады. Осы саланың дамуына сол құмның сарқылмайтын қоры өз көмегін тигізеді. Ол әйнек өндіруде шикізат ретінде сонымен қатар газобетон өндіруде, басқаларға қарағанда 2 есе жеңілірек пайдаланылады.
Саланың басты ерекшелігі - табиғи құрылыс материалдарын өңдеудегі ландшафтың литогенді негізіне тікелей әсері. Соның нәтижесінде жер бедері танымастай өзгеріп, карьерлер, отвалдар пайда болып, өсімдік жойылып, жануарлардың мекені өзгереді. Ауа қабаты мен су қабаты ластанады. Қазіргі уақытта Безмейндегі 74 нүктеде ауа ластанған, 45 жуық газ-шаң жұтқыш қондырғылар орнатылған. Ауаның құрамын тексеру барысында Безмеиндегі концентрацияның және көмірқышқылының өсуі, ал Ашхабадта - азоттың двуокисі көтерілген (<<Түркменстан табиғат күзетшісі>>, 1978).
Ауадағы лас қоспалар концентрациясының көп болуы аумақтағы температура жоғарылаған кезде және күн радиациясының әсерінен қоршаған ортаға өз зиянын тигізеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, Қарақұм шөлінің ландшафтына кейбір өндіріс салаларының яғни адам әрекетінің әсері тиетінін айта кету керек
Көлік және ирригациялық құрылыс
Ауыл шаруашылығы мен өндірістік кәсіпорындармен қатар қоршаған ортаға ирригация мен көлік те өз әсерін тигізеді.
Қарақұм табиғатына гидротехника құрылысының да тигізетін әсері де аз емес. Басқа құрылыс орындары сияқты бұлар да көп жерді қажет етеді. Каналдар салынады, бөгендер орнатылады. Мыңдаған тонна топырақ орнынан итеріліп, араласып, жаңа орындарға ауыстыралады. Жер беткейімен қоса топырақ пен өсімдік жамылғысы жойылады. Жер беткейінде гумуссыз топырақ қана қалады. Құрылыс аяқталғаннан кейін техногенді жерлерде көптеген жылдар бойы өздігінен өсімдік өспейді, жел және су эрозиясына ұшырайды. Ылғалдылық режимнің өзгерісінен шөлге табиғи өсімдіктер ылғал сүйгіштерден тікенекті түрге көшеді. Каналдарды жер астына су өткізбейтін материалдармен тегістегендіктен, жер асты суының көтеріліп, топырақтың тұзданып, кей жерлерде саздануы пайда болады. Каналдар мен су қоймалардың бойымен фильтрациялық көлдер мен сортаңдар тізбегі созылып жатыр.
Қарақұм каналындағы бақылауларды ірі суарылатын каналдар мен су қоймаларды қайта дамыған акватория дәрежесіне автор жатқыза алады.
Гидротехникалық құрылыс шөл ландшафтына оң әсерін тигізеді. Қайта дамыған ландшафтарға суарылатын топырақтар, ылғал сүйгіш өсімдіктердің кеңінен таралуы, бай су жануарлары биотобының пайда болуы тән.
Алайда жерді суару үшін жиналатын су қорын жинау, өзендердің гидрологиялық режимі өзгеріп, оның ағымын азайтатынын есте сақтау қажет. Өзен ағысының жоғары және ортаңғы бөлігін жерді суғару үшін пайдаланудың нәтижесінде, төменгі ағыста жердің кебу процесі жүріп жатыр, ол аудандағы ландшафтқа өз әсерін тигізеді.
Шөл ландшафтына қазіргі заманғы көлік магистралінің - автокөлік және темір жол, құрылыстары өз ізін қалдырады. Бұлармен табиғат процесінде үлкен өзгерістер қатары бір-бірімен байланысты. Жер бедеріне едәуір әсер етеді: үйінділер, выемкалар т.б. Жел эрозиясы күшейе түсіп, жол бойларында жылжымалы құмдар пайда болады.
Көлік магистралінде жол жасаған кездегі артық құйылған жанғыш-тегістегіш материалдар жол бойындағы топырақты ластайды. Кейде автомобиль жолдары, әсіресе, темір жолдары шөлде тіршілік ететін жануарлардың мерзімдік миграциялануына кедергі жасайды.
Асфальт немесе қиыршық таспен қорғалған жолдар шөл беткейіне жай жолдарға қарағанда зияны аз. Қарақұмның жер бедері негізінен жазық. Ол жерде кез келген бағытқа қарай жүре беруге болады. Бірақ шөлдің өсімдігі мен топырағы кез келген механикалық әрекеттерге өте сезімтал. Бір автокөліктің өтуінің өзі, шөлге көптеген жылдық із қалдырады. Бұл іздер өшпейді.
Ландшафтқа жол бойына отырғызылған ағаштар мен бұталар оң ықпалын тигізеді. Олар өсімдіктер мен жануарлардың жаңадан туылуына жаңа ландшафты кешен пайда болады.
Қазіргі заманға сай және экономикалық тұрғыдан тиімді көлік түрі құбыр көлігі болып табылады. Оның дамуы мұнай мен газ өндірудің өсуімен анықталады. Алайда құбырларға траншея қазып, оларды орнату үшін ауыр жүк машиналары, трактор, экскаваторлар, бульдозерлер қажет. Траншеяның бойымен өсімдіктен жұрдай еленген құмдар сызығы пайда болады. Шаң тәрізді қалыпқа түскен құмды, жел оңайлықпен алып кетеді. Сол үшін құбырларды орнатпастан бұрын жедел түрде құмдарды бекіту шараларын жасау қажет. Мұндай құмдар фитомелиорацияға өтпейді, өйткені олардың құрылымы бұзылып, судың физикалық қасиеті өзгереді (Бабаев, Фрейкин, 1978). Сенімді механикалық қорғау жабдықтары керек.
Айтылғандарды қорыта келе, көлік және ирригациялық құрылыс Қарақұм шөлінің ландшафтына әр түрлі әсер етеді де, табиғат компоненттерінің өзгеруінен күрделі тізбектер байланысады. Олардың кейбір оң әсерін берсе (жаңарған ландшафтардың пайда болуы), ал екіншілері теріс сипаттағы зиян келтіреді (құмдардың еленуі және дефляциялануы).
Қалалық және ауылдық жерлер
Адамның табиғатқа әсерінің ең басты факторы болып халықтың тығыз орналасуы есептеледі. Түркменстан халқының орналасу тығыздығы орта есеппен 1км2 5 адам. Бірақ, Түркменстанның табиғи климаттық және тарихи жағдайы мен шөл зонасында орналасқандықтан халықтың орналасуы да біркелкі емес. Қарастырып отырған аумақтағы халық тығыздығы Мургаб, Амудария, Теджен көгалдарында 1км2-1 адам. Қолдан суғарылатын аудандарда (көгалдарда) 1км2 -100 адамнан келеді. Республика халқының 25% Мургаба өзенінің дельтасында тығыз орналасқан 1км2 -240 адам (Бабаев, 1978). Қала халқының саны тез өсіп келеді, республика халқының 49%-ын құрайды.
Қалалардың көбі суғарылатын көгалдар, өзен аңғарлары, ірі көлік магистральдарының бойында және пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерде орналасқан. Қала агломерацияларына жақын ірі халық мекендері де бар. Амудария өзені аңғарында көптеген қалалық мекендер бар, солардың ішінде Чарджоу және Керки қалалары, Дейнау, Нефтезаводск, Сакар, Карабекаул, Халач 200 км-ге созылған қалашықтары орналасқан. Мургаба етегінде Мары, Байрам-Али, Иолотань қалалары орналасқан. Шөл зонасының оңтүстік-батысында Копетдаг тауы алдында Ащхабад, Безмеин, Казанджик, Теджен қалалары мен көптеген қалашықтар орналасқан. Теміржол магистралінің бойындағы жұмысшылар қалашығы (Дарган-Ата, Равнина, Уч-Аджи) және Қарақұм трассасы каналының бойында (Карамет-Нияз, Ничка) аз емес.
Шөлдің дәл ортасында геологтар мен газ-өндірушілер қалашығы орналасқан (Дарваза).
Қалалар мен елді мекендердің ландшафтқа әсері әр алуан. Ландшафт түзуші компоненттердің ішінде, әсіресе гидроклиматтық және биогенді компоненттерге әсері тиеді: ауа ластанады және жер беті сулары; жжер асты суларының азаюы; табиғи өсімдіктер мен жануарлар жойылады. Ландшафтың литогенді негізі, жер бедеріне әсерін тигізеді. Табиғи-аумақтық кешендерде бақ-саябақ, суғарылатын жерлер сипаттағы антропогендік модификациялар пайда болады. Микроклимат өзгереді. Шөл жағдайына байланысты жергілікті жерлерде өзіндік табиғат жағдайлары пайда болады.
Үйлер мен көшелер арасында желдер өз күші мен бағытын өзгертеді. Механикалық кедергілерден басқа желдерге, кіріп-шығатын ауа ағымы да өз әсерін тигізеді.
Халық тұратын жердегі температура режимі шөлге қарағанда, жазда бір келкі. Бұл асфальт пен үйлердің қабырғалары күндіз жылып, түнде өз жылуын ауаға берумен байланысты.
Жергілікті жердегі ауаның құрамы шөлге қарағанда өзгеше. Мұнда көмірқышқыл газының құрамы жоғары. Одан басқа, өндірістік кәсіпорындар мен автоьобильдер, атмосфераға шаң, күл және әртүрлі химия қалдықтары: күкірт, қорғасын, көмірқышқылын, сынап және т.б. газдарды тастайды.
Жергілікті жерлерге мыңдаған тонна құрылыс материалдары; саз, құм, тас, битум және асфальт әкелінеді. Бұл материалдар аумақта ғасырлар бойына қалады. Өнімдердің көп бөлігі басқа жақтан әкелінеді отын және көмір, мұнай өнімдері және табиғи газ. Оларды мұнда халық тұтынады, пештер мен зауыт пештерінде жанып, түтінге айналып, көмірқышқыл газы болып атмосфераға желдер жүздеген километр қашықтыққа апарып тастайды. Күл және т.б. қоқыстар ауыл шетіне тасталады.
Соның нәтижесінде елді мекендер орналасқан жерде ландшафтардың табиғи компонентттері қатты өзгереді. Кішігірім елді мекендердің шөл табиғатына әсері аз.
Унгуз арты Қарақұмы мен Ойпатты Қарақұмның орталық аудандарында халық аз орналасқан, ал оңтүстік-шығыс Қарақұм мен шөл шетінде халық тығыз орналасқан. Кішігірім поселкелерде мал шаруашылығы және суы бар жерлерде (құдықтар, артезиан құдықтары, тақырдағы жаңбыр суы жиналған шұңқырлы) жеке қыстақтар бар. Бұл ауданға адамның әсері ол - сексеуіл мен бұталарды отын ретінде пайдалану және үй жануарларының табиғи шөл жайылымдарында жайлуы болып табылады. Осы әсерлер - жел эрозиясы мен көшпелі құмдардың пайда болуынан табиғи ландшафтардың бұзылуына әкеледі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz