Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Морфонологиялық бірліктер
[pic] Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы
жалпы білім беретін орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Кеделбаева Гауһар
Әміржанқызы
12 жылдық эксперимент
алаңының 8 сыныбы
Тақырыбы: «Морфонология
бірліктері»
Сабақтың тақырыбы: Морфонологиялық бірліктер
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға морфонология бірліктері жайлы
мәлімет беру,
оның ерекшелігін ұғындыру
ә) Тапсырмаларды орындау
барысында оқушылардың ойлау,есте
сақтау қабілетін
жетілдіру,алған білімді қолдана және талдай білу-
ге үйрету.
б) Пәнге деген сүйіспеншіліктерін
арттыру, тиянақтылыққа, ұқы-
тылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, ой қозғау,топпен
жұмыс,семантикалық карта
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,тірек - сызба,суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Жаңа сабақ
«Ой қозғау »әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау
- Морфонология дегеніміз не?
- Морфонологияның фонетикадан қандай айырмашылығы бар?
- Морфонологияның морфологиядан қандай өзгешелігі бар?
Енді ,балалар ,бүгін өтетін тақырыбымыз «Морфонологияның
бірліктері» деп оқушы-
ларға морфонологияның бірліктерімен таныстыру.
Мысалдар арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Қане, мына сөздерді айтылуы
бойынша жа-
зып көріңдерші, сөздерден қандай өзгерісті байқадыңдар? –деп оқушылардың
өздеріне ереже шығарту.
Сары ала- Лақ -
Мойыны – Рет-
Рұқсат -
Ертегі –
Барады – Сыпыртқы -
Толық – Тұпа – тура -
Жаңағындай -
Солай ет –
Баратұғын – Ысыр -
Барғанмын Кәзір -
| Морфонология бірліктері |
|Сөз құрылымын |Сөз басында естілетін артық дыбыс |Протеза (қонар дыбыс) |
|ұлғайтатын |(ірет,ылақ) | |
| |Сөз ішінде(тұлға жігінде)келетін |Эпентеза ( қыстырма дыбыс) |
| |артық дыбыс(қабыртқа) | |
| |Сөз аяғында айтылатын артық |Эпитеза ( селбеспелі дыбыс) |
| |дыбыс(лықа) | |
|Сөз құрылымын |Сөз басында дыбыстың түсіріліп | Прокопа |
|ықшамдайтын |айтылуы(өшірет-шірет) | |
| |Сөз ішінде дыбыстың түсіріліп | Элизия |
| |айтылуы(ертегі-ертек) | |
| |Сөз ішінде дыбыстың түсіріліп | Апокопа |
| |айтылуы (шаһар-шәр,сары | |
| |ала-сарала) | |
| Ауысым |Сөз бен қосымшаның жапсарындағы | Метатеза |
| |дыбыстардың ауысуы(әпке-әкпе) | |
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. «Біліміңді байқап көр»
Сыныпты 2 топқа бөліп тапсырмалар беру.
1-тапсырма.
І топ.Сөз құрылымының ықшамдалуына мысал келтіреді.
ІІ топ.Сөз құрылымының ұлғаюына мысал келтіреді.
2-тапсырма.
І топ.Мәтінен дыбыс алмасуға байланысты сөздерді табыңдар.
ІІ топ.Мәтінен дыбыс алмасу кезіндегі сөздердің өзгешелігін дәлелде.
Мен әпкемнің қас -қабағын аңдып, бала көңіліммен шын қиналдым.Сөйтсем,әпкем-
нің мұнысы сырт көзге көрсеткен мінезі екен.Әпкем бәрінің де ықыласына риза
болып,шын жүректен алғыс айтады.Үбиан әпкем жымиып езу тартты.
Сен маған өкпелеме,менің қолымда не бар?Өкпелеу саған тіпті жараспайды.
Қасқыр қақпанға түсті.Ол қақпанды түнде құрып қойыпты.
3-тапсырма.Шығармашылық жұмыс
І топ .Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
ІІ топ. Сурет бойынша мәтін құрастыру
[pic]
4-тапсырма.
І топ.берілген сөздерден өздеріңе таныс қолданыс нұсқасын таңдап,сөйлем
құраңдар.
Қабырға-қабыртқа,лас-ылас,онша-оншалықты,зиян-зиянды,жаңағыдай-
жаңағындай,
рет-ірет,самауыр-самауырын.
ІІ топ.Семантикалық картамен жұмыс
|Морфонология | Қапқан |Орны |Ертек |Іреніш |Мүлдем |Самауырын |
|бірліктері | | | | | | |
| Протеза | | | | | | |
| Эпентеза | | | | | | |
| Эпитеза | | | | | | |
| Прокопа | | | | | | |
| Элизия | | | | | | |
| Апокопа | | | | | | |
5-тапсырма. Фонологиялық талдау.Тақтаға 2 топтан бір оқушыдан шығып,
берілген сөздерге талдау жасайды.
І топ. «Дәстүр» сөзіне талдау
ІІ топ. «Қазақпен» сөзіне морфологиялық сатылай кешенді талдау жасау.
VІ.Қорытынды
«Білім бәйгесі»
Сабақтың бұл кезеңіндегі сызба бетінде ретімен 16 ұяшық орналасқан. Әр
ұяшықтағы санның астында сұрақтар берілген. 2 топ оқушылары өзі қалаған
санды ашып, жасырынған сұрақтарға жауап береді.
| | | | |
|1 |2 |3 |4 |
| | | | |
|5 |6 |7 |8 |
| | | | |
|9 |10 |11 |12 |
| | | | |
|13 |14 |15 |16 |
Ұяшықтағы жасырынған сұрақтар:
1.Сөз басында белгілі бір дыбыстардың қосылып айтылуын не дейді?
2.Сөз басында келетін артық дыбыс қалай аталады?
3.Дауысты дыбыстардың алмасуына мысал келтір?
4.Морфонология нені зерттейді?
5.Апокопа дегеніміз не?
6.Прокопа дегеніміз не?Мысал келтір
V.Үйге тапсырма
Морфонологиялық бірліктердің мысалдарын қатыстыра отырып,сөзжұмбақ
құрастырып келу.
VІ. Бағалау
-----------------------
Протеза
Морфонология- ның бірліктері
Эпентеза
Эпитеза
Прокопа
Элизия
Апокопа
Метатеза
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz