Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Сызықша және оның қойылатын орындары

Бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сызықша
Астық - біздің байлығымыз. Әйтім - аға шопан. Ерлік - бүгінгі өмір талабы. Бұл - үлкен қуаныш. Ол - қазір топ бастығы. Қыздарының үлкені - Майра да, кішісі - Сайра. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан - Қарағанды. Менің ұмтылған тілегім - қалай да пайдалы адам болып шығу. Бес жерде бес - жиырма бес. Жақсы - ісімен жақсы. Жүз - жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма - беске бөлінеді. Қайың - күй таңдамайтын ағаш. Ол түрлі жағдайларда өсе береді. Лупа - үлкейтіп көрсететін құрал. Оның негізгі бөлігі - үлкейтіп көрсететін шыны. Қиярдың шықан жері - Үндістан.Оттегі - түссіз газ.

Село үлкен. Бұл - Марқакөл ауданының орталығы. Алтай жайылымдары биыл ерекше. Мына жалпақ етек толған - қойлы ауыл. Көл балыққа кедей емес көрінеді. Ең бағалысы - қызыл балық.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш мүше
Пайда, мақтан - бәрі тұл. Жұрт тарай бастағанда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық - үшеуі оңаша қалған еді. Үйлер мен магазиндер, мектептер мен клуб үйі, адамдар, машиналар - бәрі де көмір үстінде. Мортық, ебелек, тітір, жусан - бәрі де жақсы өсіпті. Керуен көшетін сауда жолдары, үлкен базарлар, атақты қалалар, су жолдары - барлығы да бүгін айрықша керек болған. Ақылбай, Ербол және Мағаш пен Кәкітай - төртеуі оша әңгімелесіп отыр екен. Әр бөлменің ұзынын, көлденеңін, ішкі қатынас есіктерін - бәрін де Абай өзі қағазға сызып, Әйгерімнің қолына табыс етіп кеткен. Көшелер мен аулаларда жайқалған ағаштар, көшелерге төселген тастар, сонау шахтадан тартылып келген электр қуаты - бәрі-бәрі депутаттар қолға алған істер еді. Мен апыл-құпыл киіне сала, далаға шықсам, Рақила, Дәмелі - екеуі қой қораның есігін басып қалған жал қарды аршып жатыр екен. Қисық, Роза және мен - үшеуміз бұларды жататын үйлеріне апарып, орналастырып келдік.

Оңашаланған айқындауыш
Қазір оның бригадасында түрлі ұлт өкілдері - орыстар, украиндар, татарлар, белорустар - істейді. Сол кеште - жарық айлы, сыр құмар кеште - көп жолдастың қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей сөз қосады. Заман жаршыларының - баспасөз, эфир, экран - үндері құлақтан кіріп бойды алады. Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де - бірі кәрі, бірі жас бала - қызғана да, тамашалай да қараған еді. Олардың бірі - сары сақал, арық, боз - өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады.

Құрмалас сөйлем
Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық - бүгін тұра алмады. Есікті ашып қалды - маңдайына тас келіп тиді. Гүл шықса - жердің көркі, қыз туса - елдің көркі. Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, - қорқыныш қана бар. Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті. Оларда пасықтық бар, - адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, - жарқын жүз жоқ. Тұманның қалыңдығы сонша - түк те көрінбейді. Оның қорыққандығы сондай - не айтып, не қойғанын білген жоқ. Екеуінің шұғылданғандығы сондай - ішке кірген кісіні аңғармайды. Есіктің киізін ойлай итерем, былай итерем, - ашылмайды. Елге мойнымды созам, - көрінбейді.

Төл сөз
<<Баламмен ақылдасайын>>, - деді Ақылбай. - Сен қайда тұрасың? - деді Асан. <<Автобус күтіп тұрмын>>, - деді Әли.
Бала Майқыны көргеннен-ақ орнынан атып тұрып:
* Ассалаумағалейкүм, хан біткеннің қызығы, бұқара жұрттың қазығы, азығы, - деп сәлем береді.
Шешесі: <<Үйімізіден дәм-тұз татып кетсін, - деп, - сол кісіні шақыр>>, - деді. - Қойдым, Тәуке, қойдым, - деді.

Ұқсас жұмыстар
Леп белгісі. 9-сынып
Самат оқушы
Практикалық тапсырмалар
Қос нүктенің қойылатын орындары
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы
8-сынып оқушыларына қазақ тілінен арналған емтихан сұрақтары мен қосымша тапсырмалар
Көрермендермен сайыс
Өлеңдерінің көркем тілі
Сөздердің стильдік түрлері. экспрессивтік-эмоционалды лексика
Пәндер