Ақан сері жайлы ақпарат. 10 сынып

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,
Л. Қылышев атындағы Шилі орта ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Султанова С. С.
“Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды”
Ақан сері
Сабақ тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы - сегіз қырлы, бір сырлы жан. (10-сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Ақан сері Қорамсаұлы өмірінен толық мағлұмат беру,
2. Ойлау қабілеті мен тіл мәдениетін дамыту, ойларын еркін айта білуге қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Ақынды сүйе білуге, оның өлеңдері арқылы табиғатты, елді, жерді қадірлеуге, сабақ барысында бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыны өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету, өлеңдегі кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға, сезімталдыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ- жауап, СТО, топтық.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Ақан бейнесі, үлестірмелілер.
Пәнаралық байланыс : Қаз. тарих, ән-әуез, қазақ тілі
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушыларды түгендеу
3. Кабинет тазалығына назар аудару
4. Үй тапсырмасын сұрау :
1-тапсырма.
“Тұлпар” тобы
“Қараторғай” тобы
өз топтарының аттарын қорғау
3. Жаңа сабақ (Слайд )
Сырымбет- биік адыр, қатар кезең,
Жарасып таудан құлап аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,
Көк орай, қайың мен тал- бәрі де әсем.
Мөп- мөлдір сынапқа ұқсап бұлақ аққан,
Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.
Топырағы бейне мақпал, егінге жай,
Шырайлы әдемі көл күлім қаққан
Бұл сұлу, көркем Көкшетаудың табиғаты. Бұл сұлу табиғат аясында біздің бүгінгі кейіпкеріміз Ақан сері дүниеге келген. (Слайд Ақан) Дүниеге келіп қана қоймай, сол сұлулыққа өмір бойы ғашық болып өтті. Ақан 1843 жылы қыркүйек айында өмірге келген. Ата- анасы, ауыл- аймағы тойлатып, балаға Ақжігіт деп ат қояды. Бала сүйкімді, алғыр болып өседі. Ауыл- аймағы, ата- анасы еркелетіп, Ақан деп атап кетеді. Баласының зеректігін таныған әкесі Қызылжардағы Уәли ахун хазіреттің медресесіне оқуға береді. Мұнда ол мұсылман салтындағы біліммен үш жыл сусындайды. Имандылық шарттарын меңгереді. Сонымен қатар ол араб, парсы тілдерін жетік меңгереді. Сондай- ақ Шығыс аңыздарын сүйіп оқиды. Низами, Сағди, Фердауси сынды Шығыс классиктерінің шығармаларын жатқа біледі. Ақын Қызылжарда шығыстың әдеби, мәдени мұраларымен ғана танысып қоймай, қазақ жерінің Қызылжар секілді қалалары мен бекеттеріндегі патшалық Ресейдің қоныстанушылары, солардың балалары үшін ашылған мектептер, сол мектептерде дәріс беретін зиялылар өздерімен бірге ала келген еуропалық мәдениеттен де хабардар болады. Ақан орыс тілін жақсы меңгереді. Ол орыс тілін өлеңдеріне де қосып, жаңаша қырынан танылады. Мысалы:
Гасудария секілді ерке қалқам,
Ксениядай болсаңшы княгиня
Міне, осыдан орыс тілін меңгергенін байқаймыз. Ақан - сазгер. Ол өлеңге әуен, әнге әуез, термеге мақам, толғауға саз, жырға сарын, айтысына нақыш келтіре білген адам. Ақан шығармашылығын мына түрде көреміз. Лирикалық иірімдерге, тәлім- тәрбиелік тақырыптарға, заман тақырыбына арналады. (Слайд- өлеңдеріне арналған таблица) Таблица бойынша түсіндіру. Ақан Біржан сал секілді аса дарынды сазгерлігіне қоса өз дәуірінің бар болмыс- шындығын өлеңмен өрнектеген, сөз маржанын тере білген дарын иесі. Біржан ақын өз тұсында жеке- дара сал атанғаны тәрізді қазақ өнерпаздарының ішінде «сері» сөзі Ақан атына ғана қосылып айтылады. Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі - Құлагері еді. (Слайд Құлагер)
Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді - деп Ақан өзі жырлағандай, Қарауыл елінде Шөкітай деген кісіден 1 сиыр, 1 ат, жиырма бес сомға беріп алған Құлагері- осы ат (Слайд Құлагер1) Жүйрік атты таңдап жүріп сатып алу бар да, оны мәпелеп бағу, баптап, бәйгеге қосу тағы бар. Бұл жерде Ақанның екі қасиеті көрінеді. Біріншісі- тұлпарды сыртқы тұрпатына қарап дөп басып тани алатын сыншылығы да, екіншісі- баптап баға білетін атбегілігі. Ақанның атбегілік өнерін сахараға жайған бір оқиға мынау еді: Орта жүздің ішінде Алтай руы, Аққошқар атасынан тараған Сайдалының үлкен асы болады. Осы аста болатын бәйгеге қосу үшін Ақан Құлагерді баптайды. Үш жүз ат қосылған осы бәйгеден кейінгі маң- маң басқан жүрісінің ырғағына көңілі толып, сүйінген Ақан «Маңмаңгер» деген ән шығарды.
ІІ тапсырма. Түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша берілген ақын өлеңдерін оқып, ұнаған үзіндіге пікір жазу
Ақан Құлагерін мадақтап әнге қосып елге жайса, Құлагер де жүйріктігімен Ақанның атын елге жайды. Сондай оқиға тағы да Ерейменде болады. Керей Сағынайдың асына Ақан Құлагерді жасырып апарады. Елде Күреңбай деген ат сыншы бар екен, сол Ақанның тұлпарының ІІ тапсырма. Түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша берілген ақын өлеңдерін оқып, ұнаған үзіндіге пікір жазубас бәйгені алатынын бірден таниды. Мұны естіген Батыраш, Қотыраш деген бай балалары іштарлық танытып, Құлагерге қастандық жасап, шоқпармен ұрып өлтіреді. Қырға шығып қарап тұрған Ақан Құлагерінің көрінбей кеткенінен бір жамандықтың болғанын сезеді. Алдынан іздеп шығады. Сөйтіп, мерт болған Құлагерінің үстінен түседі. Оны көріп азарланып, атақты «Құлагер» әнін дәл осы жерде шығарады.
От болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің
Атығай, Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандалкерім?!- деп зарлайды.
(Слайд Құлагер әнін тыңдату)
ІІІ тапсырма. Ақан сері Қорамсаұлының
1. “Жақсы мен жаман” өлеңін оқып, мазмұнын ашу, ұнаған шумағына сатылай кешенді талдау жасау.
2. ”Жақсысы” сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме беру
Ақанның бойындағы тағы бір өнері- құсбегілік еді. Оның қаршыға мен асыл құсы қыран бүркіті болған. (Слайд Базаралы атты тазысы) Көл үстінде ұшқан қаз бен үйректі салған жерден қағып, түсіретін қаршығасының аты Көкжендет еді. Оны қолына қондырып алып, ауылды аралағанда нағыз серінің көрінісін беретін. Бірақ қайғысына қайғы қосылған Ақан тағы да одан айырылады. Желге қарсы ұшқан сол қаршығасы ұшты күйлі жоғалып кетеді. Ел аралап көп іздейді. Ақыры күдерін үзіп, «Көкжендет» деген ән шығарады. Қыран құсының аты Қараторғай болатын. Өзінің жан серігіндей болған бұл қыранын Әлібек деген батыр сыйға тартқан. Сол қараторғайы кәріліктен құйрығының қауырсыны сиреп, жерге еркін қона алмай қалған. Қараторғайы да өмірден өтеді. Сол Қараторғайға арнап «Қараторғай» әнін шығарады. (Әнін тыңдату)
ІV тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Берілген шумақты толықтыр.
. . . қатар кезең,
. . . аққан өзен.
. . . көк шалғыны,
. . . бәрі әсем.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz