Сабақ жоспары :: Химия
Файл қосу
Химия еліне саяхат
Химия еліне саяхат
(химиялық кеш)
Жуматаева Нуртай Тлеубековна
ММ№19 жалпы орта білім беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі.
Оқушылардың химияға қызығушылықтарын арттырудың бір жолы дәстүрлі емес
сабақтар өткізу. Олардың бірі ретінде химияны оқытуда 9 сыныптар арасында
өкізген «Химия еліне саяхат» атты химиялық кештің әдісін пайдалануды
ұсынамын.
Мақсаты:
1. Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан
түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.
3. Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке, сөз
сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Кештің жоспары:
1. «Сәлем сөздің анасы!» әр топтың атын қорғауы, ұраны.
2. «Білімді мыңды жығар» әр топқа сұрақтар қойылады
3. «Химия ғажайыптар әлемі» тәжірибе көрсетіп, оны түсіндіруі қажет
4. «Тізбектен шығып қалма» ойын
5. Топ басшылар сайысы
6. Қорытынды.
Бастаушы:Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер
серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе,
бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде бір кеме суда жүзе алмаған болар
еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды.
Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда
қарасақ та қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте
орынды айтылған.
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйрғандар.
Әр топқа әділ бағасын беретін әділқазыларды таныстыру.
1. « Сәлем сөздің анасы» топтардың атын қорғауы, ұраны.
Бастаушы: Адамнан ғылым айла асырмаған
Құпиясын құлыптап жасырмаған
Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған –дей келе келесі
сайысымыз «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» деп аталады. Әр
салаларда сұрақтар жасырылған топтардың таңдауы бойынша сұрақтар
ұсынылады.
1-нұсқа Медицина
2-нұсқа Биология
3- нұсқа Химия
4-нұсқа Ғалымдар тоғысында
Медицина
1. Дене қызуын төмендететін кең таралған дәрі (Аспирин)
2. Жүйкені жайландыратын дәрі-дәрмек құрамына кіретін элемент(бром)
3. Сүйеті қаптайтын элемент (кальций)
4. Терінің қышыма ауруына қарсы май жасалатын химиялық зат(күкірт)
5. 5% спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады(иод)
6. Адам бойының өсуіне әсер ететін элемент(мырыш)
7. Медицинада емдеу мақсатында қолданылатын сәулелік ванна(радон)
8. Пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам
бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылатын элементтер(титан,
тантал)
Биология
1. Теңіз орамжапырағы- ламинарияның құрамына кіретін, адам үшін маңызды
элемент (иод)
2. Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады, адам
ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады (натрий хлориді)
3. Адам ағзасының 60-65% құрайтын сұйық зат (су)
4. Темекі құрамына кіретін улы зат (никотин)
5. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент
(калий)
6. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл (Тұз қышқылы)
7. Өсімдік жапырақтарына түс беретін элемент (магний)
8. Гемоглобин молекуласының құрамына қай элемент кіреді (темір)
Химия
1.Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар (тұздар)
2. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болу құбылысы
(аллотропия)
3. Химияның қаны деп аталатын қышқыл (күкірт қышқылы)
4. Калий қандай металл (сілтілік)
5. Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ ( көмірқышқыл газы)
6. Қандай көк қағазды лезде қызартуға болады (көк лакмус қағазын кез
келген қышқылға батыру арқылы)
7. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл (бром)
8. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды (нитраттар)
Ғалымдар тоғысында:
1. Универсалды тұрақты- идеал газдың 1 мольіндегі молекула санын ашқан
итальяндық ғалым (А. Авогадро)
2. Атом-молекулалық теория негізін салушы (М.В. Ломоносов)
3. Электролиттік диссоциациялану теориясын ұсынған ғалым (С.Аррениус)
4. Иондардың гидраттануы туралы ұғымды енгізген ғалым (И.А.Каблуков)
5. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ұсынған ғалым (Д.И.Менделеев)
6. Фотосинтез процесін ашқан ағылшын химигі (Д.Пристли)
7. Атақты музыкант, композитор болған орыс химигі (А:П:Бородин)
8. Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Д.Пруст)
Бастаушы: Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалап бірі жаралған.
Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы
артқандар үшін «Химия таңғажайыптарына» назар аударсақ.
Топтардың тәжірибелерді көрсетіп, құпияларының сырын ашып түсіндіруі
Бірінші экспериментатор
Тиімді операция.Операция жасау үшін 50% родон қышқыл калий немесе родон
қышқыл аммоний тұзының ерітіндісі, пышақ, мақта, бір стақан су болу
керек.
Операция жасалатын адамның қолы родон қышқыл калиймен әрлі-берлі
сүртіледі, сонан соң хлорлы темір ерітіндісін алып білекті пышақтың
сыртымен сызып кескілейді. Осы кезде қып-қызыл қан шыққан секілді болады:
родон қышқыл темірдің түсі қызыл болады .
3KCNS + FeCl3 = Fe(CNS)3 + 3KCl
Екінші экспериментатор
Отты ағыс. Сынауықтың 1/3 бөлігін парафинмен толтырамыз. Сынауықты темір
ұстағышпен ұстап парафин қайнағанша қыздырады, қатты қайнаған парафинді
15-20 см биіктіктен сыздықтатып үлкен металл банкаға құяды. Парафин от
ағынын түзе жарқылдайды.
Түсіндірме: Парафиннің жануына оның ауамен жанасу бетінің үлкендігі әсер
етеді.
Үшінші экспериментатор
Жалынды құйын. Шөлмекке аммиак ерітіндісінің құйып, шөлмектің қабырғасын
ылғалдаймыз. Қалған ерітіндіні бөлек ыдысқа құйып алып, шөлмекті тығынмен
жауып қоямыз. Арнайы қасыққа хром(III) оксидін салып, жанарғыда
қыздырамыз. Қыздырылған хром(III) оксидін аммиак газы бар шөлмекке
салғанда құйын сияқты айналып жүрген жарқылдар пайда болады.
4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O
2NO + O2 = 2NO2
Бастаушы: Сендер бізді іскерліктеріңмен тапқырлықтарыңмен тәжірибе көрсетіп
таң қалдырдыңдар, енді тағы да сендердің химия ғылымын қаншалықты
білетіндіктеріңді сынап көрсек, ол үшін әр топтан екі оқушыдан шығып
«тізбектен шығып қалма» ойын сайысына қатысады. Ойынның шарты бойынша
топтар қышқылдарды, тұздарды, негіздерді кезекпен жылдам айтулары керек.
Бастаушы: Білмейтінін білем деп олжа қуар,
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.
Химияны болжаммен ұға алмайсың,
Формуланың оң жағы, сол жағы бар,-дей келе топ
капитандарының сайысына да кезек келген сияқты.
Есеп:
Массасы 33,3г кальций хлориді мен 16,4г натрий фосфаты әрекеттескенде
түзілген тұнбаның массасын және зат мөлшерін есептеңдер.(15,5г,0,05моль)
Бастаушы:Әділ қазылар қорытынды шығарғанша көрермендерді де сынап көрсек,
бәлкім сендердің араларыңда да химиктер отырған шығар.
Көрермендермен ойын: «Мен кіммін?»
1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада,
химиялық қай элементпін? (Азот)
2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім,
шипалы газ деп те есептейді. (Озон)
3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын
белгі. (Селен)
4. Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным
шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)
5. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыны сан
есім, қай элемент? Неон)
6. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз- өткізгішпін.
(Мыс-сым)
Әділ қазылар алқасының ұйғарымы бойынша жеңімпаз топ анықталып, дипломдар
тапсырылады.
Мұндай пәнаралық байланыста өткізілетін танымдық білім жарыстары
оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, химияның
күнделікті тұрмыстағы қолданыс өрісінен хабардар етді. Сайысқа дайындалу
барысында оқушылар көптеген қызықты материалдар жинақтап, білім қорларын
кеңейте түседі.
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz