Wordpad мәтіндік редакторымен жұмыс жайлы ақпарат

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.

Білімділік: Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және

WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен

жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу кағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының кызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б. ) орналастыруға болады.

Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т. б. ) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысып жазып қоюға да болады.

WORDPAD МӘТІДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ

WordPad мәтіндік редакторы карапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі каріпті колдануға, сонымен катар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:

WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:

Пуск => Программы => Стандартные => WordPad (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты => WordPad) . Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уакыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын кызметін көрсетеді.

WORDPAD-та құжат құру

WORDPAD құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
  2. Мәтінді енгізу және редакциялау
  3. Мәтінді пішімдеу
  4. Құжатты сақтау және ашу
  5. Баспаға шығару

Осы сатыларды қарастырайық:

  1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Ұқсас жұмыстар
Мәтінді пішімдеу
Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс.Құжаттың құрылымы
WordPad. мәтіндік редакторымен жұмыс
Wordpad мәтіндік редакторы. 7-сынып. қысқа мерзімді жоспар
Қарапайым мәтіндік редактор. редактор интерфейсі
Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс
Мәтін бойымен жылжыту
Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау
Стандарттық бағдарламалар
Жаңа сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz